Құжат мәтініне өту

Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан

Өзге акт · № 39 · қабылданған 29.10.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-68540/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Күшін жойған Өзге акт ·№ 39 ·29.10.2012
01.01.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан

Күшін жойған Өзге акт ·№ 39 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан
Атауы (қаз.)
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
39
Қабылданған күні
29.10.2012
Көрсетілген редакция
01.01.2014 68540_177736.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12CD003433
ЭКБ идентификаторы
68540
Редакция идентификаторы
68540_177736
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:04

0 Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Бюджет кодексінің 56 бабы 1 тармағының 4 тармақшасына сәйкес Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:

1 1) кәмелеттік жасқа толмаған (18 жасқа дейінгі) балаларына атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларына Халықаралық балалар күніне бір жолғы 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде;

2 2) ең төменгі және ең төменгі зейнетақыдан да төмен зейнетақы алушыларға, облыстық дәрежедегі зейнеткерлерге Халықаралық Қарттар күніне бір жолғы 10 000 (он мың) теңге мөлшерінде;

3 3) төмендегі I, II, III топтағы мүгедектердің санаттарына:

жалпы аурулардан, еңбекте мертігуден, кәсіби аурулардан мүгедек болғандар, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар, бала кезінен мүгедектер, он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар;
себеп-салдарлық байланысы анықталған жағдайда төтенше экологиялық жағдайлар, соның ішінде ядролық жарылыстар мен сынақтар кезіндегі радиациялық әсер етудің салдарынан және /немесе/ олардың зардаптарынан болған мүгедектер ай сайын 3 000 (үш мың) теңге мөлшерінде;

4

4) жан басына шаққанда орташа айлық табысы облыста белгіленген азық-түлік себетінен төмен аз қамтамасыз етілген отбасыларға, мүгедектерге тапсырылған құжаттар негізінде және онкологиялық, өкпе ауруымен ауыратын адамдарға медициналық мекемеден келген тізім бойынша табыстарын есепке алмай жылына бір рет - 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде материалдық жәрдем берілсін.

2

2. «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2009 жылғы 24 шілдедегі (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 27 тамыздағы № 3-4-81 санымен тіркелген, 2009 жылғы 27 тамыздағы «Жем-Сағыз» газетінің № 35 санында жарияланған) № 101, «2009 жылғы 24 шілдедегі № 101 «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2009 жылғы 25 желтоқсандағы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 3-4-89 санымен тіркелген, 2010 жылғы 28 қаңтардағы «Жем-Сағыз» газетінің № 5 санында жарияланған) № 114 шешімдерінің күші жойылсын.

3 3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы