Құжат мәтініне өту

Об организации и обеспечении приписки граждан Республики Казахстан мужского пола к призывному участку Мендыкаринского района

Өзге акт · № 16 · қабылданған 29.10.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-68548/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об организации и обеспечении приписки граждан Республики Казахстан мужского пола к призывному участку Мендыкаринского района Күшін жойған Өзге акт ·№ 16 ·29.10.2012
29.11.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.11.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации и обеспечении приписки граждан Республики Казахстан мужского пола к призывному участку Мендыкаринского района

Күшін жойған Өзге акт ·№ 16 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации и обеспечении приписки граждан Республики Казахстан мужского пола к призывному участку Мендыкаринского района
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының ер азаматтарын Мендіқара ауданының әскерге шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
16
Қабылданған күні
29.10.2012
Көрсетілген редакция
29.11.2012 AI68548_2.kaz
Соңғы өзгеріс
29.11.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12NO003884
ЭКБ идентификаторы
68548
Редакция идентификаторы
AI68548_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:04

0 Қазақстан Республикасының ер азаматтарын Мендіқара ауданының әскерге шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына және "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 16-бабына сәйкес ШЕШЕМІН:

1

1. Тіркелу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының ер жынысты азаматтарын 2013 жылғы қаңтардан бастап наурызға дейін "Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) әскерге шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.

2

2. "Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Меңдіқара аудандық орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнымен (келісім бойынша) бірлесіп тіркеу бойынша іс-шараларды өткізу ұсынылсын.

3 3. Селолық округтердің әкімдері, Боровской селосының әкімі:

тіркелуге жататын азаматтарды хабардар ету ұйымдастырсын және олардың әскерге шақыру учаскесіне дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.

4 4. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының ішкі істер департаменті Меңдіқара ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) тіркеу өткізу кезінде әскерге шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету ұсынылсын.

5 5. "Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы "Меңдіқара ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірлесіп:

1 1) әскери оқу орындарына кандидаттарды іріктеуге ауданның оқу орындарына нарядты жеткізсін;

2 2) бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы-оқытушыларын әскери оқу орындары бойынша анықтамалық материалдармен қамтамасыз етсін;

3 3) әскери оқу орындарына кандидаттарды іріктеу бойынша жұмыстың басталуы туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы берсін;

4 4) әскери оқу орнына түсуге әскери кәсіптік бағыттау мақсатында әрбір әскер жасына дейінгілермен жеке әңгімелесу өткізсін.

6 6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.А. Әбдіхалықовқа жүктелсін.

7 7. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Қостанай облысы әкімдігі
денсаулық сақтау басқармасының
"Меңдіқара аудандық орталық
ауруханасы" коммуналдық
мемлекеттік кәсіпорнының бас
дәрігері
___________________ Д. Ахметов
"Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрлігі Қостанай
облысының ішкі істер департаменті
Меңдіқара ауданының ішкі істер
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы
____________________ Т. Киақбаев
"Қостанай облысы Меңдіқара
ауданының Қорғаныс істер
жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
___________________ Р. Саттаров

Қолданыстағы