Вопросы республиканских государственных предприятий Агентства Республики Казахстан по атомной энергии
Қолданыста
Қаулы
·№ 1433
·
18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Вопросы республиканских государственных предприятий Агентства Республики Казахстан по атомной энергии
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының мәселелері
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1433
- Қабылданған күні
- 12.11.2012
- Көрсетілген редакция
- 03.06.2022 68597_578314.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.06.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1200001433
- ЭКБ идентификаторы
- 68597
- Редакция идентификаторы
- 68597_578314
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 00:54
0 Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының мәселелері
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің «Қазақстан Республикасының ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны оған оның шаруашылық жүргізу құқығындағы мынадай еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын қосу жолымен:
1 1) «Атом энергиясы институты», Курчатов қаласы;
2 2) «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты», Курчатов қаласы;
3 3) «Қазақ жарылыс жұмыстары мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы», Алматы қаласы;
4 4) «Байкал», Курчатов қаласы болып қайта ұйымдастырылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мынадай шаруашылық жүргізу құқығындағы еншілес мемлекеттік кәсіпорындары:
1 1) «Ядролық физика институты» Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің «Ядролық физика институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып;
2 2) «Геофизикалық зерттеулер институты» Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің «Геофизикалық зерттеулер институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорындар) болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
3 3. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігі кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылық етуді жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.
4 4. Кәсіпорындар қызметінің негізгі мәні мемлекетке тиесілі стратегиялық объектілерді пайдалану және ұстау, атом энергиясын пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру болып белгіленсін.
5 5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
6 6. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
7 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 12 қарашадағы
№ 1433 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1 1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
2 2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
3
4 4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.02.2013 N 186 қаулысымен.
1 Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 12 қарашадағы
№ 1433 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 9 шілдедегі
№ 926 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi