Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах лицензирования судебно-экспертной деятельности

Қаулы · № 1454 · қабылданған 16.11.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-68609/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
О некоторых вопросах лицензирования судебно-экспертной деятельности Күшін жойған Қаулы ·№ 1454 ·16.11.2012
25.04.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.04.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах лицензирования судебно-экспертной деятельности

Күшін жойған Қаулы ·№ 1454 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах лицензирования судебно-экспертной деятельности
Атауы (қаз.)
Сот-сараптама қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1454
Қабылданған күні
16.11.2012
Көрсетілген редакция
25.04.2015 AI68609_2.kaz
Соңғы өзгеріс
25.04.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200001454
ЭКБ идентификаторы
68609
Редакция идентификаторы
AI68609_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:52

0 Сот-сараптама қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы

«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама саласындағы сот-сараптама қызметін қоспағанда, сот-сараптама қызметін жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама саласындағы сот-сараптама қызметін қоспағанда, сот-сараптама қызметін жүзеге асыру жөніндегі лицензиар ретінде белгіленсін.

3 3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1 1) «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 маусымдағы № 511 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 36, 296-құжат);

2

2) «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін лицензиялау ережесін және сот-сараптама қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 маусымдағы № 511 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1258 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 60, 856-құжат).

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама саласындағы сот-сараптама қызметін қоспағанда, сот-сараптама қызметін жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 16 қарашадағы
№ 1454 қаулысымен
бекітілген
Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама саласындағы сот-сараптама қызметін қоспағанда, сот-сараптама қызметін жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі
Р/с

Бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры
Құ­жат­тар
Ес­керт­пе
1
2
3
4
Же­ке тұ­лға­лар үшін
1.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы аза­мат­тығ­ы­ның бо­луы
Мә­лі­мет­тер ЖТ МДҚ-да тек­се­рі­ле­ді
2.
Жо­ға­ры бі­лі­мі­нің бо­луы
Жо­ға­ры бі­лім ту­ра­лы ди­плом­ның кө­шір­ме­сі (ғы­лы­ми дә­ре­же­сі және ғы­лы­ми ата­ғы бол­са – ди­плом­дар­дың кө­шір­ме­сі)
3.
Мы­на­дай пән­дер­ден: «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы сот-са­рап­та­ма қыз­ме­ті ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы, кри­ми­на­ли­сти­ка, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның қыл­мыстық іс жүр­гі­зу, аза­мат­тық іс жүр­гі­зу құқы­ғы, әкім­ші­лік құқық және са­рап­та­ма­ның нақ­ты түр­ле­рі­нің ғы­лы­ми-әді­сте­ме­лік негіз­де­рі бой­ын­ша бі­лік­ті­лік ем­ти­ханда­рын тап­сыр­ға­нын рас­тай­тын бі­лік­ті­лік ку­ә­лі­гі­нің бо­луы
Бі­лік­ті­лік ем­ти­ханда­рын тап­сыр­ға­ны ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын мә­лі­мет­тер ны­са­ны
4.
Сот са­рап­та­ма­сы өн­ді­рі­сі жү­зе­ге асы­ры­ла­тын ар­найы жа­рақ­тан­ды­ры­л­ған үй-жай­лар­ға қой­ы­ла­тын стан­дарт­тар мен та­лап­тар­да көз­дел­ген ар­найы жаб­дық­тар­дың бо­луы
«Сот са­рап­та­ма­сы­ның кей­бір мә­се­ле­ле­рі» ту­ра­лы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2001 жы­л­ғы 7 қа­ра­ша­да­ғы № 1414  қа­улы­сы­ныңта­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі ли­цен­зи­ар­дың тек­се­ру­і­мен рас­та­ла­ды
5.
Жо­ға­ры бі­лім ту­ра­лы ди­плом­да көр­се­ті­л­ген ма­ман­дық бой­ын­ша ке­мін­де бес жыл жұ­мыс өті­лі­нің бо­луы
Ең­бек кі­тап­ша­сы­ның неме­се ең­бек шар­ты­ның кө­шір­ме­сі, жұ­мысқа қа­был­дау және жұ­мыстан шы­ға­ру ту­ра­лы бұй­рық­тар­дың үзін­ді­сі, не қыз­мет­тік ті­зім
6.
Өтел­ме­ген неме­се алын­ба­ған сот­ты­лы­ғы­ның бол­мауы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Бас про­ку­ра­ту­ра­сы­ның Құқық­тық ста­ти­сти­ка және ар­найы есеп­ке алу ко­ми­те­ті бер­ген сот­ты­лы­ғы­ның бол­мауы ту­ра­лы анық­та­ма неме­се өтел­ме­ген неме­се алын­ба­ған сот­ты­лы­ғы­ның бол­мауы ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын мә­лі­мет­тер ны­са­ны
Мә­лі­мет­тер­ді мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың ақ­па­рат­тық жүй­е­ле­рі­нің ық­пал­да­суы ар­қы­лы тек­се­ру мүм­кін болған жағ­дай­да, анық­та­ма ұсы­ныл­май­ды
7.
Нар­ко­ло­ги­я­лық және пси­хи­ат­ри­я­лық дис­пан­сер­лер­де есеп­те тұ­ра­ты­ны ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­дің бол­мауы
Нар­ко­ло­ги­я­лық және пси­хи­ат­ри­я­лық дис­пан­сер­лер­ден анық­та­ма­лар
«Е-ли­цен­зи­я­лау» МДҚ-мен ық­пал­да­сты­ры­л­ған ҚР ДСМ де­рекқо­рын­да­ғы мә­лі­мет­тер болған жағ­дай­да ұсы­ныл­май­ды

Қолданыстағы