Құжат мәтініне өту

Об утверждении критериев оценки степени риска и формы проверочного листа в сфере частного предпринимательства в области защиты прав ребенка

Бұйрық · № 367 · қабылданған 10.08.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-68620/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении критериев оценки степени риска и формы проверочного листа в сфере частного предпринимательства в области защиты прав ребенка Күшін жойған Бұйрық ·№ 367 ·10.08.2012
26.06.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.06.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении критериев оценки степени риска и формы проверочного листа в сфере частного предпринимательства в области защиты прав ребенка

Күшін жойған Бұйрық ·№ 367 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении критериев оценки степени риска и формы проверочного листа в сфере частного предпринимательства в области защиты прав ребенка
Атауы (қаз.)
Баланың құқықтарын қорғау саласындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
367
Қабылданған күні
10.08.2012
Көрсетілген редакция
26.06.2015 AI68620_2.kaz
Соңғы өзгеріс
26.06.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200008059
ЭКБ идентификаторы
68620
Редакция идентификаторы
AI68620_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:36

0 Баланың құқықтарын қорғау саласындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы Заңының 7-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңы 13-бабының 4-тармағына және 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) баланың құқықтарын қорғау саласындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

2 2) баланың құқықтарын қорғау саласындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тексеру парағының нысаны осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2

2. «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласында тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 91, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 11 наурыздағы № 129 бірлескен бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6140 болып тіркелген, 2010 жылғы № 12 Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлері жинағында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (Р.П. Шер) заңнамада белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін осы бірлескен бұйрықтың күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялануға жіберілуін;

3 3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі М.Н. Сарыбековке жүктелсін.

5 5. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты (қайта ұйымдастыру тәртібімен құрылған заңды тұлғаларды және қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалардың құқықтық мирасқорларын қоспағанда) мемлекеттік тіркелген күнінен бастап үш жыл бойы жоспарлы тексерулер жүргізуге жол берілмейді.

6 6. Осы бірлескен бұйрық 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 5-тармақты қоспағанда, алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасы              Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрінің        Экономикалық даму және
міндетін атқарушы                   сауда министрі
_______________ М. Орынханов        _________________ Е. Досаев
2012 жылғы «___» ___________        2012 жылғы «___» __________

1 Баланың құқықтарын қорғау саласындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
міндетін атқарушының
2012 жылғы 10 тамыздағы № 367
және Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және
сауда министрінің
2012 жылғы 24 қазандағы № 294
бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Баланың құқықтарын қорғау саласындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

1 1. Баланың құқықтарын қорғау саласындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі – Өлшемдер) бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелеріне жатқызу мақсатында тәуекелдер өлшемдерін анықтау үшін әзірленді.

2 2. Осы Өлшемдерде мынадай ұғымдар қолданылады:

1 1) тәуекел – тексерілетін субъектінің қызметі нәтижесінде салдарының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;

2 2) бақылау субъектілері – баланың құқықтарын қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын жеке және заңды тұлғалар.

3 3. Бақылау субъектілерін тәуекел топтары бойынша жатқызу осы Өлшемдерге қосымшаға сәйкес бастапқы және кейінгі тарату жолымен жүзеге асырылады.

Бастапқыда барлық бақылау субъектілері орташа тәуекел дәрежесіне жатқызылады.

4 4. Бақылау субъектілерін кейіннен тәуекел топтарына тарату жиналған баллдарға байланысты жүзеге асырылады.

Тексеру қорытындысы бойынша бақылау субъектілері тәуекел дәрежесіне төмендегідей бөлінеді:

1 1) 10-нан 19 баллға дейін қоса алғанда – тәуекел дәрежесі болмашы;

2 2) 20-дан 40 баллға дейін қоса алғанда – тәуекел дәрежесі орташа;

3 3) 41-ден бастап және одан жоғары – тәуекел дәрежесі жоғары.

5 5. Жоспардан тыс тексерулер кезінде ұйымдарда бұзушылықтар анықталған жағдайда жиналған баллдар сомасына байланысты аталған ұйым жоғары немесе орта тәуекел дәрежесіне жатқызылады.

6 6. Әр ұйымға бақылау ісі жүргізіледі, онда тексеруді тағайындау туралы акті, тексеру парағы, қызметтің негізгі көрсеткіштері бойынша қажетті мәліметтер тігіледі.

1.1 Баланың құқықтарын қорғау саласындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

Баланың құқықтарын
қорғау саласындағы
жеке кәсіпкерлік аясындағы
тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемдеріне
қосымша
Баланың құқықтарын қорғау саласындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

Тәу­е­кел­дер­ді ба­ға­лау үшін өл­шем­нің ата­уы
Балл­дар
Бар
Жоқ
Қа­жет емес
1.
Тәр­би­е­ле­ну­ші­лер же­ке іс­те­рі­нің бо­луы
20
2.
Ұй­ым­ның бас­шы және пе­да­го­ги­ка­лық кадр­лар­мен то­лық­ты­ры­луы
20
3.
Ме­ди­ци­на­лық қыз­мет көр­се­ту­дің ұй­ым­да­сты­ры­луы
20
4.
Құ­ры­л­тай құ­жат­та­ры­ның Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­на­ма­сы та­лап­та­ры­на сәй­кес бо­луы
10
5.
Ба­ла­лар­дың де­ма­лу­ға, са­уық­ты­ру­ға және бос уа­қы­тын пай­да­ла­ну­ға құқы­ғын қам­та­ма­сыз ету жө­нін­де­гі іс-ша­ра­лар­ды жү­зе­ге асы­ру
10

2 Баланың құқықтарын қорғау саласындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тексеру парағы

Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
міндетін атқарушының
2012 жылғы 10 тамыздағы № 367
және Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және
сауда министрінің
2012 жылғы 24 қазандағы № 294
бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Нысан
Баланың құқықтарын қорғау саласындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тексеру парағы

1 1. Тексеру тағайындаған орган: ______________________________________

2 2. Бақылау субъектісінің атауы: _____________________________________

_____________________________________________________________________

3 3. Бақылау субъектісінің орналасқан жері (заңды мекенжайы, телефоны,

электронды мекенжайы): ______________________________________________
_____________________________________________________________________

4 4. СТН (БСН) ________________________________________________________

5 5. Тексеруді тағайындау туралы акті: 20__ жылғы «___» _________ №____


Ба­ла­ның құқық­та­рын қор­ғау са­ла­сын­да­ғы қыз­мет­ке қой­ы­ла­тын та­лап­тар тіз­бе­сі
Бар
Жоқ
Қа­жет емес
1.
Тәр­би­е­ле­ну­ші­лер же­ке іс­те­рі­нің бо­луы (бі­лім бе­ру ұй­ы­мы­на жi­бе­ру ту­ра­лы жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар­дың ше­шi­мi; туу ту­ра­лы ку­әлiк; ден­са­улық жағ­дайы мен ек­пе­лерi ту­ра­лы ме­ди­ци­на­лық құ­жат­тар; бі­лім ту­ра­лы құ­жат­тар (мек­теп жа­сын­да­ғы ба­ла­лар үшiн); ба­ла­ның өмiр сү­ру жағ­дай­ын тек­се­ру ак­тiсi; ата-ана­сы неме­се олар­ды ал­ма­сты­ра­тын адам­дар ту­ра­лы мәлi­мет­тер (ата-ана­сы­ның қай­тыс болға­ны ту­ра­лы ку­әлiк­тер­дiң кө­шiр­ме­лерi, сот­тың ше­шi­мi, ата-ана­сы­ның ау­руы неме­се олар­ды iз­де­стi­ру ту­ра­лы анық­та­ма және ата-ана­сы­ның жоқ­тығ­ын неме­се олар­дың өз ба­ла­ла­рын тәр­би­е­ле­у­ге мүм­кiн­ді­гі жоқ­тығ­ын рас­тай­тын бас­қа да құ­жат­тар); аға-iнiлерiнiң, апа-сiң­лiлерiнiң және бас­қа да жа­қын туы­ста­ры­ның бар-жо­ғы және олар­дың тұ­ра­тын жерi ту­ра­лы анық­та­ма; ата-ана­сы қай­тыс болған­нан кей­iн қал­ған мүлiк­тер­дiң тiзiм­де­месi, оның сақ­та­луы­на жа­у­ап­ты адам­дар ту­ра­лы мәлi­мет­тер; кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар­ға тұр­ғын үй ала­ңын бекiтiп бе­ру ту­ра­лы құ­жат­тар; зей­не­та­қы, жәр­де­ма­қы ала­тын­дар­дың зей­не­та­қы кiтап­ша­сы, али­мент өн­дiрiп алу ту­ра­лы сот ше­шi­мiнiң кө­шiр­месi (олар­ды ба­ла­ға ата-ана­сы­ның бiрi неме­се оны ал­ма­сты­ра­тын адам ала­тын кез­де)
2.
Ұй­ым­ның бас­шы және пе­да­го­ги­ка­лық кадр­лар­мен то­лық­ты­ры­луы (ұй­ым­ға пе­да­го­ги­ка­лық жұ­мысқа ма­манды­ғы бой­ын­ша бiлiк­тiлiк си­патта­ма­сы­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­летiн және бiлi­мi ту­ра­лы мем­ле­кет­тiк үл­гi­де­гi құ­жат­тар­мен рас­тал­ған қа­жет­тi кәс­iп­тiк-пе­да­го­ги­ка­лық бiлiк­тiлi­гi бар тұ­лға­лар қа­был­да­на­ды. Бі­лім бе­ру ұй­ы­мы­ның бас­шы­сы ұй­ым­да­сты­ру қа­бі­летiне ие, жо­ға­ры пе­да­го­ги­ка­лық бі­лі­мi және ке­мiн­де 5 жыл пе­да­го­ги­ка­лық жұ­мыс ста­жы бар, үздiк пе­да­го­ги­ка­лық қыз­мет­кер­лер ара­сы­нан та­ғай­ын­да­ла­ды)
3.
Ба­ла­лар­дың ден­са­улы­ғын қор­ғауды, олар­дың пси­хи­ка­лық-дене жағ­дай­ын ны­ғай­ту­ды, ал­дын алу іс-ша­ра­ла­рын жүр­гі­зудi, ұй­ым­ның са­ни­тар­лық-ги­ги­е­на­лық жағ­дай­ын, та­мақ­тан­ды­ру­дың, оның iшiн­де ем­д­әм­дік та­мақ­тан­ды­ру­дың ұй­ым­да­сты­ры­луын ба­қы­ла­уды қам­та­ма­сыз eтeтiн штат­тық ме­ди­ци­на­лық пер­со­нал­дың бо­луы
4.
Құ­ры­л­тай құ­жат­та­ры­ның Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­на­ма­сы та­лап­та­ры­на сәй­кес бо­луы
5.
Ба­ла­лар­дың де­ма­лу­ға, са­уық­ты­ру­ға және бос уа­қы­тын пай­да­ла­ну­ға құқы­ғын қам­та­ма­сыз ету жө­нін­де­гі іс-ша­ра­лар­ды жү­зе­ге асы­ру
Лауазымды тұлға:
________________________                 20__ жылғы «___»___________
(Т.А.Ә.)
Тексерілетін субъектінің өкілі:
_______________________                  20__ жылғы «___»___________
(Т.А.Ә.)

Қолданыстағы