Құжат мәтініне өту

Об утверждении Положения о комиссии по аккредитации в области энергосбережения и повышения энергоэффективности

Бұйрық · № 358 · қабылданған 03.10.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-68622/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Положения о комиссии по аккредитации в области энергосбережения и повышения энергоэффективности Күшін жойған Бұйрық ·№ 358 ·03.10.2012
28.11.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.11.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Положения о комиссии по аккредитации в области энергосбережения и повышения энергоэффективности

Күшін жойған Бұйрық ·№ 358 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Положения о комиссии по аккредитации в области энергосбережения и повышения энергоэффективности
Атауы (қаз.)
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
358
Қабылданған күні
03.10.2012
Көрсетілген редакция
28.11.2016 AI68622_4.kaz
Соңғы өзгеріс
28.11.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200008074
ЭКБ идентификаторы
68622
Редакция идентификаторы
AI68622_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:13

0 Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы

"Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.

2

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (А.А. Тұрлубек) заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛГЕН
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда
министрі
______________ Е.А. Досаев
2012 жылғы 5 қазан
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау
агенттігінің төрағасы
______ Ғ.Р. Әбдірахымов
2012 жылғы 18 қазан

0 Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ереже

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Пре­мьер-Ми­ни­стрі­нің орын­ба­са­ры -
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Ин­ду­стрия және жа­ңа
тех­но­ло­ги­я­лар ми­ни­стрі­нің
2012 жы­л­ғы 3 қа­зан­да­ғы
№ 358 бұй­ры­ғы­мен
бе­кі­ті­л­ген
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ереже

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) қызметі тәртібін айқындайды.

2 2. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Президенттің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

3 3. Комиссияның негізгі міндеті заңды тұлғалардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу туралы құжаттарын қарастыру болып табылады.

2 2. Комиссия қызметін ұйымдастыру

4 4. Комиссия құрамын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі бекітеді.

5 5. Комиссияның құрамына энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның өкілдері, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді.

6 6. Комиссияны төраға басқарады, ол Комиссияның қызметін басқарады, Комиссия мәжілісінде төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімінің асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасар орындайды.

7 7. Комиссия жұмысының ұйымдық-техникалық қамтамасыз етілуін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті жүзеге асырады.

8 8. Комиссия хатшысы Комиссия мәжілісінің күн тәртібін қалыптастырады, тиісті құжаттарды, материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді және Комиссия мәжілісінің хаттамасын жасайды.

Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды.

9 9. Комиссияның жұмыс мәжілісінің материалдары Комиссия мүшелерінің әрқайсысына мәжілістің болуына кем дегенде бес жұмыс күні қалғанда жеткізіледі.

10 10. Комиссия мәжілісі айына екі рет жүргізіледі және оған Комиссияның жалпы мүшелер санының кемінде үштен екісі қатысатын болса, заңды болып табылады.

3 3. Комиссияда материалдарды қарау

11 11. Комиссия аккредиттеуге ұсынылған құжаттарды қарауды энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті органға құжаттар түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

12 12. Комиссия аккредиттеу туралы куәліктің берілуі немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Комиссия қабылданған шешімдер хаттамамен ресімделеді, оған төрағалық етуші, қатысушы мүшелер және Комиссия хатшысы қол қояды.

13 13. Комиссия шешімінің қорытындылары бойынша уәкілетті орган заңды тұлғаға аккредиттеу туралы куәлікті береді не аккредиттеуден жазбаша дәлелді бас тартуды сәйкесінше шешімді қабылдаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде жібереді.

14 14. Комиссия мүшелерінің ерекше пікірлері білдірілген жағдайда, олар жазбаша түрде жазылады және Комиссия хаттамасына қоса беріледі.

Қолданыстағы