Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов, лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы, и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов, лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы, и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектер, қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшін, сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 461
- Қабылданған күні
- 19.10.2012
- Көрсетілген редакция
- 27.03.2013 AI68631_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.03.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12VI002722
- ЭКБ идентификаторы
- 68631
- Редакция идентификаторы
- AI68631_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:08
0 Мүгедектер, қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшін, сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарынан
босатылған тұлғалар және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 14-2), 14-3 тармақшаларына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-2), 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес, халықты жұмыспен қамту саясатын жүзеге асыру мақсатында, Глубокое аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Глубокое ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарында жұмыс орындарына квота белгіленсін:
1 1) мүгедектерді жұмыспен қамту үшін жұмыс орындардың жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде;
2 2) қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар және сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды жұмыспен қамту үшін жұмыс орындардың жалпы санынан бір пайыз мөлшерінде;
3 3) интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындардың жалпы санынан бір пайыз мөлшерінде.
2
2. «Интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектері, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Глубокое аудандық әкімдіктің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1511 қаулысының (2012 жылғы 6 ақпандағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-9-163 болып тіркелген, «Огни Прииртышья» газетінің 2012 жылғы 17 ақпандағы № 13 санында, «Ақ Бұлақ» газетінің 2012 жылғы 17 ақпандағы № 13 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.