Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест в городе Жезказган

Қаулы · № 22/05 · қабылданған 24.10.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-68642/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест в городе Жезказган Күшін жойған Қаулы ·№ 22/05 ·24.10.2012
01.06.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.06.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест в городе Жезказган

Күшін жойған Қаулы ·№ 22/05 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест в городе Жезказган
Атауы (қаз.)
Жезқазған қаласында жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
22/05
Қабылданған күні
24.10.2012
Көрсетілген редакция
01.06.2016 68642_94144.kaz
Соңғы өзгеріс
01.06.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12KB001984
ЭКБ идентификаторы
68642
Редакция идентификаторы
68642_94144
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:06

0 Жезқазған қаласында жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүргендер, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін, Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Жезқазған қаласында жұмыс орындарына:

қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір проценті мөлшерінде;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде квота белгіленсін.

2

2. Жезқазған қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 28 сәуірдегі N 11/01 "Жезқазған қаласында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-2-141 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 3 маусымдағы N 20 (7720) "Сарыарқа" газетінде және 2011 жылғы 3 маусымдағы N 22 (266) "Жезказганская правда" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Ахановқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы