Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги "Представление туристской информации, в том числе о туристском потенциале, объектах туризма и лицах, осуществляющих туристскую деятельность"

Қаулы · № 481 · қабылданған 31.10.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-68651/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги "Представление туристской информации, в том числе о туристском потенциале, объектах туризма и лицах, осуществляющих туристскую деятельность" Күшін жойған Қаулы ·№ 481 ·31.10.2012
20.11.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.11.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги "Представление туристской информации, в том числе о туристском потенциале, объектах туризма и лицах, осуществляющих туристскую деятельность"

Күшін жойған Қаулы ·№ 481 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги "Представление туристской информации, в том числе о туристском потенциале, объектах туризма и лицах, осуществляющих туристскую деятельность"
Атауы (қаз.)
"Туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру" мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
481
Қабылданған күні
31.10.2012
Көрсетілген редакция
20.11.2013 68651_190366.kaz
Соңғы өзгеріс
20.11.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12N0003895
ЭКБ идентификаторы
68651
Редакция идентификаторы
68651_190366
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:02

0 "Туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру" мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы

"Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңы 9-1 бабының 4-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған "Туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру" мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
"Қостанай облысы әкімдігінің
туризм, дене шынықтыру және спорт
басқармасы" ММ бастығы
________________ С. Матвиенко

3 Әкімдіктің 2012 жылғы

31 қарашадағы № 481
қаулысымен бекітілген
"Туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует,
туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын
тұлғалар туралы ақпарат беру" мемлекеттік
қызмет көрсету регламенті

1 1. Жалпы түсініктер

1 1. Осы "Туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру" мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде (бұдан әрі – Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) туристiк қызмет - жеке немесе заңды тұлғалардың туристiк қызмет көрсету жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметi;

2 2) туристiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар - турагенттер, туроператорлар, туризм нұсқаушылары, сондай-ақ өз бетiнше туристiк қызмет көрсететiн гидтер (гид-аудармашылар), экскурсоводтар;

3 3) құрылымдық-функционалдық бірліктер – мемлекеттік қызмет көрсету үдірісіне қатысушылар (уәкілетті органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың ішкі жүйелері) (бұдан әрі – ҚФБ).

2 2. Жалпы ережелер

2

2. "Туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру" мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 тамыздағы № 1099 қаулысымен бекітілген "Туризм саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" мемлекеттік қызмет стандартымен белгіленген тәртіпте және осы Регламентпен жүзеге асырылады.

3 3. Мемлекеттік қызмет мекенжайы осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген "Қостанай облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетіледі.

4 4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

5 5. Мемлекеттік қызмет "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңының 12-бабы 12) тармақшасының негізінде көрсетіледі.

6 6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушылар) тегін көрсетіледі.

7 7. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы қағаз тасығыштағы туристік ақпарат (бұдан әрі – ақпарат) болып табылады.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

8 8. Мемлекеттік қызмет физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандуспен жабдықталған уәкілетті органның ғимаратында көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін ұсынылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын-ала жазылусыз және жылдам қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

9 9. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі ақпараттар Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің www.mint.gov.kz интернет-ресурсынан және уәкілетті органның сайтында орналасқан.

10 10. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде ұсынылады:

1 1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі мемлекеттік қызмет алушы сұраумен жүгінген сәттен бастап бес жұмыс күнінен аспауы керек;

2 2) сұрау берген кезде күтудің жол берілген ең көп уақыты - 30 минуттан аспайды;

3 3) мемлекеттік қызмет алушыға қызмет көрсетудің жол берілген ең көп уақыты - 30 минуттан аспайды.

11 11. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту үшін негіздер жоқ.

12 12. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:

1 1) уәкілетті орган кеңсесінің маманымен сұрау қабылданып тіркеледі;

2 2) тіркелген сұрау уәкілетті органның басшысына және кейіннен уәкілетті органның жауапты маманына беріледі;

3 3) уәкілетті органның жауапты маманы уәкілетті орган басшысының қолы қойылатын сұрау бойынша тиісті ақпаратты ресімдейді;

4 4) ресімделген ақпаратқа уәкілетті орган басшысының қолы қойылады.

Қызмет көрсету нәтижесін жеткізу тәсілі – жеке бару не почта арқылы.

13 13. Уәкілетті органда мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын ең аз адам саны бір қызметкерді құрайды.

4 4. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі іс-әрекет (өзара іс-әрекет) тәртібін сипаттау

14 14. Құжаттардың тапсырылғанын растау тіркеу (мөртабан және кіріс нөмірі, күні) болып табылады. Өтініш беруші үшін қабылданғаны туралы белгі қойылған көшірме беріледі.

15 15. Мемлекеттік қызмет алу үшін алушы уәкілетті органға еркін нысандағы жазбаша сұраумен жүгінеді.

16 16. Туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат компьютердің көмегімен, ал егер ол болмаған жағдайда – көк түсті шарикті қаламмен толтырылады, түзетулерге жол берілмейді.

17 17. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне мынадай ҚФБ қатысады:

1 1) уәкілетті орган басшысы;

2 2) уәкілетті органның кеңсе маманы;

3 3) уәкілетті органның жауапты маманы.

18 18. ҚФБ әкімшілік іс-әрекетінің (рәсімдерінің) дәйектілігі мен өзара іс-әрекетінің сипаттамасы осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

19 19. ҚФБ әкімшілік іс-әрекетінің қисынды дәйектілігі арасындағы өзара байланысты бейнелейтін кесте осы Регламенттің 3-қосымшасында келтірілген.

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

20 20. Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлға уәкілетті органның басшысы (бұдан әрі – лауазымды тұлға) болып табылады.

Лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген мерзімдерде мемлекеттік қызмет көрсетуді іске асыруға жауап береді.

42 "Туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру" мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне

1-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі
уәкілетті органның атауы
Уәкілетті органның
атауы
Мекенжайы
Байланыс
телефоны
Электрондық
мекенжайы
"Қостанай облысы
әкімдігінің
туризм, дене
шынықтыру және
спорт басқармасы"
мемлекеттік
мекемесі
110000,
Қостанай қаласы,
Таран көшесі, 83
425-кабинет
8(7142)575-330
8(7142)575-331
oblsport@kostanay.kz

43 "Туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру" мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне

2-қосымша
ҚФБ әкімшілік іс-әрекетінің (рәсімдердің) дәйектілігі
мен өзара іс-әрекетінің сипаттамасы
Негізгі үдерістің іс-қимылдары (барысы, жұмыс ағыны)
Іс-қимылдың
(барысы, жұмыстар

ағыны ағыны) №

1
2
3
ҚФБ атауы
Уәкілетті
органның кеңсе
маманы
Уәкілетті
органның
басшысы
Уәкілетті органның
жауапты маманы
Іс-қимылдың
(үдерістің,
рәсімнің,

операцияның операцияның)

атауы және
олардың
сипаттамасы
Сұрауды қабылдау,
журналда тіркеу,
мемлекеттік
қызмет алушыға
қабылданғаны
туралы белгісі
бар сұрау
көшірмесін
береді, бұрыштама
қою үшін
уәкілетті
органның
басшысына сұрауды
береді
Бұрыштама қойып
сұраумен
танысу,
уәкілетті
органның
жауапты маманын
анықтау
Сұраумен танысу,
тиісті ақпаратты
дайындау, қол қою
үшін уәкілетті орган
басшысына береді.
Ақпарат уәкілетті
органның кеңсе
маманына беріледі
Аяқталу нысаны
(деректер, құжат,
ұйымдастыру-
әкімшілік шешім)
Мемлекеттік
қызмет алушыға
ақпарат беру
Ақпаратқа
уәкілетті орган
басшысының қолы
қойылады
Туристік әлеует,
туризм объектілері
және туристік
қызметті жүзеге
асыратын тұлғалар
туралы ақпарат
Орындалу
мерзімдері
30 минуттан
аспайды
жұмыс күні
ішінде
3 жұмыс күнінен
аспайды

46 "Туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру" мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне

3-қосымша
ҚФБ әкімшілік іс-әрекетінің қисынды дәйектілігі
арасындағы өзара байланысты бейнелейтін кесте

Қолданыстағы