Об установлении ветеринарного режима карантинной зоны с введением ограничительных мероприятий в селе Капай батыр Калбатауского сельского округа Жарминского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ветеринарного режима карантинной зоны с введением ограничительных мероприятий в селе Капай батыр Калбатауского сельского округа Жарминского района
- Атауы (қаз.)
- Жарма ауданының Қалбатау ауылдық округiнiң Қапай батыр ауылында шектеу іс-шараларын енгiзе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимiн белгiлеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2725
- Қабылданған күні
- 07.11.2012
- Көрсетілген редакция
- 21.12.2012 AI68702_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.12.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12VJ002725
- ЭКБ идентификаторы
- 68702
- Редакция идентификаторы
- AI68702_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 00:58
0 Жарма ауданының Қалбатау ауылдық округiнiң Қапай батыр ауылында шектеу
іс-шараларын енгiзе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимiн белгiлеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 18) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң «Жануарлардың шектеу iс-шаралары немесе карантин белгiленетiн жұқпалы ауруларының тiзбелерiн бекiту туралы» 2012 жылғы 28 наурыздағы № 18-03/128 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде нөмірі 7583 болып тіркелді) бұйрығы негізінде, Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Жарма ауданының Қалбатау ауылдық округiнiң Қапай батыр ауылында iрi қара малдар арасында сарып ауруының шығуына байланысты, шектеу іс-шараларын енгiзе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимi белгiленсiн.
2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлiгiнiң ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетi Жарма аудандық аумақтық инспекциясының бастығы (Ж. Саржақов), Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлiгiнiң мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментiнiң Жарма ауданы бойынша басқармасының бастығы (Б. Ахмадиева) тиiстi iс-шараларды ұйымдастыру ұсынылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Жарма ауданының әкiмiнiң орынбасары Н. Шалтабановқа жүктелсiн.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн қолданысқа енгiзiледi.
Келісілді:
"Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы Министрлігінің
ветеринариялық қадағалау және бақылау
комитетінің Жарма аудандық
аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы Ж. Саржақов
07.11.2012 ж.
Жарма ауданы бойынша
санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау бөлімінің бастығы Б. Ахмадиева
07.11.2012 ж.