Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы, и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы, и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций
- Атауы (қаз.)
- Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшін, сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 437
- Қабылданған күні
- 01.11.2012
- Көрсетілген редакция
- 27.01.2014 AI68703_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.01.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12VQ002726
- ЭКБ идентификаторы
- 68703
- Редакция идентификаторы
- AI68703_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:01
0 Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшін, сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының 5-5) және 5-6)-тармақшаларына сәйкес, жұмыс іздеуде қиындықтары бар қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды, сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерін әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшін, сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2 2. Әкімдіктің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1
1) 2011 жылғы 6 қазандағы № 647 «Интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-17-152 тіркеліп, 2011 жылғы 4 қарашасында № 82 «Ұлан таңы» газетінде жарияланған);
2
2) 2011 жылғы 22 қарашадағы № 717 «2011 жылғы 6 қазандағы № 647 «Интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-17-156 тіркеліп, 2011 жылғы 30 желтоқсанда № 98 «Ұлан таңы» газетінде жарияланған).