Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан
- Атауы (қаз.)
- Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 38
- Қабылданған күні
- 01.11.2012
- Көрсетілген редакция
- 21.08.2013 68725_177740.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.08.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12CE003448
- ЭКБ идентификаторы
- 68725
- Редакция идентификаторы
- 68725_177740
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:01
0 Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі ««Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Заңының 20 бабына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4)тармақшасына сәйкес Ырғыз аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Азаматтардың жекелеген санаттарына төмендегі мөлшерде әлеуметтік көмек көрсетілсін:
Ай сайын І, ІІ, ІІІ топтағы жалпы аурудан, бала кезінен, әскери борышын орындауға байланысты емес мертігу немесе ауыру салдарынан мүгедектікке душар болған мүгедектерге, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға ай сайын - 3000 теңге.
2 2. Азаматтардың жекелеген санаттарына мерекелік және естелік күндерге жыл сайын бір жолғы әлеуметтік көмектер:
«9май - Жеңіс күніне»;
ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне - 5000 теңге;
соғыстан қайтпаған жауынгерлер жесірлеріне, ауған соғысына қатысушыларға және Чернобыль атом электростанциясындағы апат зардаптарын жоюға қатысушыларға - 2000 теңге;
«1 қазан – Халықаралық қарттар күніне» - базалық қосымша төлемді қоса есептегенде ең төменгі зейнетақы және ең төменгі зейнетақыдан төмен мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлер мен облыстық дәрежедегі дербес зейнеткерлерге - 10 000 теңге;
«1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне» - кәмелеттік жасқа толмаған (18 жасқа дейінгі) балаларына атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларына - 20 000 теңге.
Туберкулезге қарсы мамандандырылған медициналық ұйымнан емделіп шыққан туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратындарға амбулаториялық ем алу кезінде - он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
3
3. Аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 25 сәуірдегі № 176 «Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3-5-132 санымен тіркелген, «Ырғыз» газетінің 17 мамыр 2011 жылғы № 26-28 сандарында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.