О порядке проведения конкурса на замещение вакантных должностей заведующих районными отделами образования
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О порядке проведения конкурса на замещение вакантных должностей заведующих районными отделами образования
- Атауы (қаз.)
- Аудандық бiлiм бөлiмдерi меңгерушiлерiнiң бос лауазымдарына конкурс өткiзу тәртiбi туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 706
- Қабылданған күні
- 11.08.1999
- Көрсетілген редакция
- 11.08.1999 6873_225301.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.08.1999
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V99R000171_
- ЭКБ идентификаторы
- 6873
- Редакция идентификаторы
- 6873_225301
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:58
0 Аудандық бiлiм бөлiмдерi меңгерушiлерiнiң бос лауазымдарына конкурс өткiзу тәртiбi туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Алматы қаласы Әкімінің 22.12.2003 N 5/752 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар "Мемлекеттiк қызмет туралы" Жарлығын орындау мақсатында Алматы қаласының әкiмi ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ :
1. "Аудандық бiлiм бөлемдерi меңгерушiлерiнiң бос лауазымдарына конкурс өткiзу тәртiбi туралы Ереже", "Алматы қаласы Әкiмiнiң конкурстық комиссия туралы" Ережесi және конкурстық комиссияның құрамы (1, 2, 3 қосымша) бекiтiлсiн.
2. Конкурстың ұйымдастырылып, өткiзiлуiне бақылау жасау аппарат басшысына (М.Т. Баяндаров) жүктелсiн.
3 Жалпы ережелер
Алматы қаласы Әкімінің
1999 жылғы 12 тамыздағы
N 706 шешіміне
N 1 қосымша
Алматы қаласы Әкімі аппаратының конкурстық
комиссиясы туралы
ЕРЕЖЕ
Жалпы ережелер
Конкурстық комиссияны құру және оның құрамы
1. Осы Ереже Алматы қаласындағы аудандық білім бөлімдері меңгерушілерінің бос қызмет орындарын иеленуге арналған конкурсқа қатысушыларды бағалайтын конкурстық комиссияны құрудың тәртібін және қызметін анықтайды.
Конкурстық комиссия - тұрақты жұмыс істейтін орган.
Конкурстық комиссияны құру және оның құрамы
Конкурстық комиссия Алматы қаласы Әкімінің шешімімен комиссияның төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшысы және мүшелері құрамында құрылады.
Конкурстық комиссия қызметінің тәртібі
Конкурстық комиссия білімі, мемлекеттік қызметі және басқа да еңбек қызметі туралы құжаттар, сондай-ақ ұсыныстар, тест сынықтарының нәтижелері және тиісті мемлекеттік органдардың шешімі бойынша ұсынылған басқа да құжаттар негізінде конкурсқа қатысушыларға баға береді.
Комиссия конкурсқа қатысушыларға баға берерде аудандық білім бөлімі меңгерушісіне қойылатын біліктілік талаптарын және қызметтік нұсқаулықты басшылыққа алады.
2. Конкурстық комиссияның мәжілістері қажетіне қарай төраға арқылы, ал ол болмаған уақытта комиссия төрағасының орынбасары арқылы өткізіледі. Конкурстық комиссия құрамының үштен екі бөлігі мәжіліске қатысса, оның мәжілісінің заңды күші болады.
3. Конкурстық комиссияның қатысып отырған мүшелері дауыстарының көпшілігіне ие болған кандидат конкурстан өтті деп саналады. Егер екі немесе одан да көп кандидат қатысқан конкурсты өткізу кезінде дауыстар тең бөлінсе, конкурстық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
4. Конкурстық комиссияның дауыс беруінің нәтижелері хаттама арқылы рәсімделеді, оған оның мәжілісіне қатысқан төраға, оның орынбасары, комиссия хатшысы және мүшелері қол қояды.
5. Конкурстық комиссияның конкурсты өткізу жөніндегі шешімі комиссия мүшелерінің ұйғарымымен ашық немесе жабық дауыс беру жолымен қабылданады. Жасырын дауыс беру өткізілген жағдайда оған дайындық, хаттаманы, басқа да материалдарды жүргізу хатшыға немесе комиссия мүшелерінің біріне тапсырылады.
6. Конкурсқа қатысатын адамдар конкурстық комиссияның мәжілісіне қатыса алады.
7. Конкурстық комиссияның шешімі азаматты тиісті мемлекеттік қызметке тағайындауға немесе одан бас тартуға негіз болады.
8. Әрбір конкурсқа қатысушыға конкурстық комиссияның мәжілісі өткізілген күннен бастап бір ай ішінде оның нәтижелері туралы хабарланады.
9. Конкурстық комиссияның шешіміне заңда белгіленген тәртіпке сәйкес шағым жасауға болады.
13 Жалпы ережелер
Алматы қаласы Әкімінің
1999 жылғы 12 тамыздағы
N 706 шешіміне
N 2 қосымша
Жалпы ережелер
Осы Ереже аудандық білім бөлімдері меңгерушілерінің бос қызмет орындарын иеленуге арналған конкурсты (әрі қарай - конкурс) өткізудің тәртібін белгілейді.
Конкурс
- азаматтардың мемлекеттік қызметке тең қол жеткізу құқығын қамтамасыз етеді;
- мемлекеттік қызметтін төртінші - жетінші дәрежедегі қызметтерінің бос орындарын иелену үшін өткізіледі.
Конкурсты өткізудің тәртібі
1. Алматы қаласы Әкімінің аппараты аудандық білім бөлімдері меңгерушілерінің бос қызмет орындарын иеленуге арналған конкурсты өз қалауынша өткізеді. Бос қызмет орындарын иеленуге арналған конкурс жариялау туралы шешімді қала Әкімі қабылдайды.
2. Конкурс, ол жарияланған сәттен бастап бір ай ішінде, оған қатысу үшін өтініш берген азаматтардың арасында өткізіледі.
3. Конкурс оған қатысушылардың ішіндегі аудандық білім бөлімі меңгерушісіне қойылатын талаптарға неғұрлым сай келетін адамдарды анықтау үшін өткізіледі.
4. Мемлекеттік қызметшілер қандай лауазымда болғанына қарамастан конкурсқа қатысуға құқылы.
5. Конкурстың өткізілетін күні және орны, өтініштерді берудің шарттары және мерзімдері туралы ақпарат "Алматы ақшамы", "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланады.
6. Конкурсқа қатысушылар келесі талаптарына сай келуі тиіс:
- Қазақстан Республикасының азаматы болуы;
- жоғары білімді және кәсіби даярлық деңгейі тиісті біліктілік талаптарына сай келуі қажет.
7. Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер қала Әкімінің атына жазылған келесі құжаттарды тапсырады:
- өтініш;
- деректеме;
- белгіленген үлгіде куәландырылған білімі, ғылыми атағы туралы құжаттардың және ғылыми атақ беру жөніндегі аттестаттың (егер бар болса) көшірмелері;
- денсаулық жағдайы туралы анықтама;
- өмірбаяны;
- белгіленген тәртіпте куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі;
- салық комитетінен алынған табыстары туралы декларацияны тапсырғаны жөніндегі анықтама.
8. Конкурсқа жіберілген материалдарды қала Әкімі алдын-ала қарайды және тиісті қорытындылармен бірге конкурстық комиссияға жіберіледі.
9. Конкурстық комиссия білімі, мемлекеттік қызметі және басқа да еңбек қызметі туралы құжаттар, сондай-ақ ұсыныстар, тест сынақтарының нәтижелері және тиісті мемлекеттік органдардың шешімі бойынша ұсынылған басқа да құжаттар негізінде конкурсқа қатысушыларға баға береді.
10. Конкурсқа қатысатын адамдар конкурстық комиссияның мәжілісіне қатыса алады.
11. Конкурстық комиссияның шешімі аудандық білім бөлімі меңгерушісінің қызметіне ұсынылған азаматты жұмысқа қабылдауға немесе одан бас тартуға негіз болады.
12. Егер комиссияның жалпы құрамы мүшелерінің кемінде 3/2 бөлігі дауыс беруге қатысса, конкурстық комиссияның шешімі дұрыс болып табылады. Қатысып отырған конкурстық комиссия мүшелерінің көпшілігінің дауыстарына ие болған кандидат конкурстан өтті деп саналады. Егер екі немесе одан да көп кандидат қатысқан конкурсты өткізу кезінде дауыстар тең бөлінсе, конкурстық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Конкурс өткізілмеген жағдайда қала Әкімі бос орынға қызметкерді қабылдау туралы шешімді жеке өзі қабылдайды.
13. Комиссияның шешіміне заңда белгіленген тәртіпке сәйкес шағым жасауға болады.
14. Әрбір конкурсқа қатысушыға ол өткізілген күннен бастап бір ай ішінде оның нәтижесі туралы жазбаша хабарланады.
28 Алматы қаласы Әкімінің
1999 жылғы 12 тамыздағы
N 706 шешіміне
N 3 қосымша
Алматы қаласы Әкімі аппараты
конкурстық комиссиясының
ҚҰРАМЫ
Әділ Жүнісұлы
Ыбыраев - Әкімнің орынбасары - төраға
Мағзам Тоғжанұлы
Баяндаров - аппарат басшысы - төрағаның
орынбасары
Толқынай Хамзақызы
Мақашева - Білім және спорт
департаментінің заңгері -
комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері:
Валерий Васильевич
Соболев - аппарат басшысының орынбасары,
ұйымдастыру-кадр саясаты
бөлімінің меңгерушісі
Наталья Николаевна
Мельникова - білім, ғылым және мәдениет
бөлімінің меңгерушісі
Тілек Уәлиұлы
Қарымсақов - Білім және спорт департаменті
бастығының міндетін атқарушы
- Департамент бастығының
орынбасары
- Білім және спорт
департаментінің кадрлар
жөніндегі бас маманы
- Білім және спорт департаменті
жалпы орта білім беру
бөлімінің бастығы
Аудандар әкімдерінің орынбасарлары
(келісімдері бойынша)