Құжат мәтініне өту

Об определении уполномоченной организации по проведению экспертизы драгоценных камней, в том числе необработанных природных алмазов и ювелирных изделий из драгоценных металлов и драгоценных камней, и утверждении Правил ввоза на территорию Республики Казахстан из стран, не входящих в Таможенный союз, и вывоза с территории Республики Казахстан в эти страны драгоценных камней, ювелирных изделий из драгоценных металлов и драгоценных камней, ввоза на территорию Республики Казахстан и вывоза с террито

Қаулы · № 1479 · қабылданған 23.11.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-68749/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об определении уполномоченной организации по проведению экспертизы драгоценных камней, в том числе необработанных природных алмазов и ювелирных изделий из драгоценных металлов и драгоценных камней, и утверждении Правил ввоза на территорию Республики Казахстан из стран, не входящих в Таможенный союз, и вывоза с территории Республики Казахстан в эти страны драгоценных камней, ювелирных изделий из драгоценных металлов и драгоценных камней, ввоза на территорию Республики Казахстан и вывоза с террито Күшін жойған Қаулы ·№ 1479 ·23.11.2012
20.06.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.06.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении уполномоченной организации по проведению экспертизы драгоценных камней, в том числе необработанных природных алмазов и ювелирных изделий из драгоценных металлов и драгоценных камней, и утверждении Правил ввоза на территорию Республики Казахстан из стран, не входящих в Таможенный союз, и вывоза с территории Республики Казахстан в эти страны драгоценных камней, ювелирных изделий из драгоценных металлов и драгоценных камней, ввоза на территорию Республики Казахстан и вывоза с террито

Күшін жойған Қаулы ·№ 1479 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении уполномоченной организации по проведению экспертизы драгоценных камней, в том числе необработанных природных алмазов и ювелирных изделий из драгоценных металлов и драгоценных камней, и утверждении Правил ввоза на территорию Республики Казахстан из стран, не входящих в Таможенный союз, и вывоза с территории Республики Казахстан в эти страны драгоценных камней, ювелирных изделий из драгоценных металлов и драгоценных камней, ввоза на территорию Республики Казахстан и вывоза с террито
Атауы (қаз.)
Асыл тастарға, оның ішінде өңделмеген табиғи алмастарға және бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарға сараптама жүргізу жөніндегі уәкілетті ұйымды айқындау және Асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету, Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Респуб
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1479
Қабылданған күні
23.11.2012
Көрсетілген редакция
20.06.2016 AI68749_4.kaz
Соңғы өзгеріс
20.06.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200001479
ЭКБ идентификаторы
68749
Редакция идентификаторы
AI68749_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:48

0

Асыл тастарға, оның ішінде өңделмеген табиғи алмастарға және бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарға сараптама жүргізу жөніндегі уәкілетті ұйымды айқындау және Асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету, Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету, сондай-ақ бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдарды таңбалау қағидаларын бекіту туралы
«Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының кеден одағын бірыңғай тарифтік емес реттеу туралы» Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық кеңесінің (Кеден одағының жоғары органы) 2009 жылғы 27 қарашадағы № 19 шешімін орындау жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 120 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» акционерлік қоғамы асыл тастарға, оның ішінде өңделмеген табиғи алмастарға және бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарға сараптама жүргізу жөніндегі уәкілетті ұйым болып айқындалсын.

2 2. Қоса беріліп отырған:

1 1) Асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидалары;

2 2) Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидалары;

3 3) Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдарды таңбалау қағидалары бекітілсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кедендік бақылау комитетi асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды, сондай-ақ өңделмеген табиғи алмастарды кедендік декларациялау және кедендік тазарту орнын айқындасын.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

1 Асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 23 қарашадағы
№ 1479 қаулысымен
бекітілген
Асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының кеден одағын тарифтік емес бірыңғай реттеу туралы» ЕурАзЭҚ-тың Мемлекетаралық кеңесінің (Кеден одағының жоғары органы) 2009 жылғы 27 қарашадағы № 19 шешімімен бекітілген Бағалы металдарды, асыл тастарды және құрамында бағалы металдар бар шикізаттық тауарларды ЕурАзЭҚ шеңберінде Кеден одағының кедендік аумағына әкелу және ЕурАзЭҚ шеңберінде Кеден одағының кедендік аумағынан әкету тәртібі туралы ережеге (бұдан әрі – Ереже) сәйкес әзірленген.

2 2. Осы Қағидалардың талаптары Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгiлеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын трансферттік баға белгілеу кезіндегі бақылауға қолданылмайды.

3 3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1 1) асыл тастар – Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес табиғи алмас, зүбәржат, лағыл, жақұт пен александрит, сондай-ақ шикі (табиғи) және өңделген түрдегі табиғи інжу. Бірегей кәріптас түзілімдері асыл тастарға теңестіріледі;

2

2) бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдар – Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес әртүрлі көркемдік өңдеу түрлерін пайдаланып, бағалы, қолдан жасалған, түрлі-түсті тастардан және табиғи немесе жасанды жолмен жасалған басқа материалдардан жасалған көздері бар немесе оларсыз, басқа да бағалы металдардан және олардың қорытпаларынан жасалған бұйымдар;

3

3) табиғи алмас – гауһар (КО СЭҚ ТН коды 7102 31 000 0) дайындау үшін пайдалануға болатын, ішінара өңделген түрдегі алмас, өнеркәсіптік немесе ғылыми мақсаттарда пайдалану үшін жарамды, ішінара не толық өңделген түрдегі алмас, сондай-ақ бір кристалды және көп кристалды алмасты құралдан рекуперацияланған алмас, түйіршік және ұнтақтар (КО СЭҚ ТН коды 7102 10 000 0, 7102 21 000 0, 7102 29 000 0, 7105 10 000 0);

4 4) гауһар – әртүрлі нысанда бедерленген, жылтыратылған қырлары бар, кейіннен пайдалануға арналған өңделген табиғи алмас (КО СЭҚ ТН коды 7102 39 000 0);

5

5) арнайы есепке алу – уәкілетті органның асыл тастармен, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын, заңды тұлғалардың (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда) және дара кәсіпкерлердің тізілімін жүргізуі, оларды тізілімге енгізу үшін алымдарды өндіріп алуды көздемейді. Бұл арнайы есепті алуды жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды;

6

6) асыл тастарды мемлекеттік бақылау – уәкілетті орган жүзеге асыратын бақылау, ол асыл тастарды өндіру кезінде оларды сұрыптау және бағалау сапасын бақылауды, асыл тастардың сараптау (сәйкестендіру) үдерісінде айқындалатын жіктелу белгілерінің дұрыс анықталуын бақылауды, ішкі нарықта өңделмеген асыл тастармен жасалатын мәмілелерді есепке алуды, шығу тегін тексеруді қамтиды;

7

7) бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды мемлекеттік бақылау – уәкілетті орган жүзеге асыратын бақылау, ол бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдар бағасын бақылауды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдармен жасалатын мәмілелердің заңдылығын белгілеуді қамтиды;

8

8) мемлекеттік бақылаушы - уәкілетті органның мамандандырылған не Қазақстан Республикасының кеден ісі саласында уәкілетті органы айқындаған кеден бекеттерінде асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын және «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы берілген мемлекеттік бақылау актілерінің тізілімін жүргізуді жүзеге асыратын өкілі;

9

9) әкелу кезінде мәлімдеуші – кәсіпкерлік қызметтің субъектілері ретінде тіркелген, Кеден одағына мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасына сәйкес асыл тастармен, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдармен жасалатын операцияларды жүзеге асыруға құқығы бар және уәкілетті органның арнайы есебінде тұрған заңды және жеке тұлғалар;

10

10) әкету кезінде мәлімдеуші – кәсіпкерлік қызмет субъектілері ретінде тіркелген, асыл тастарға, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарға заңды түрде не асыл тастардың, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдардың иелерімен жасалған агенттік келісімдердің комиссия шарттары бойынша иелік ететін, асыл тастармен, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдармен жасалатын операцияларды жүзеге асыруға құқығы бар және уәкілетті органның арнайы есебінде тұратын заңды және жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер;

11 11) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті;

12 12) уәкілетті ұйым – асыл тастарға, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарға сараптама (сәйкестендіру) жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ұйым;

13 13) асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды сараптау (сәйкестендіру) – уәкілетті ұйымның асыл тастардың, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдардың сапалық-түстік, сандық және құндық сипаттамаларын айқындауы (бұдан әрі – сараптама).

2 2. Асыл тастарды, асыл тастар мен бағалы металдардан жасалған зергерлік бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу тәртібі

4

4. Кеден одағына кірмейтін елдерден асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды (бұдан әрі – тауарлар) Қазақстан Республикасының аумағына әкелу (бұдан әрі – әкелу) кезінде тауарларды кедендік декларациялау және кедендік тазартумен байланысты кедендік операциялар жүргізілгенге дейін мәлімдеуші осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жүргізу үшін тауарларды әкелуді қоспағанда, мемлекеттік бақылау рәсімінен өтеді.

5 5. Мәлімдеуші мемлекеттік бақылау үдерісінде уәкілетті ұйымда сараптамадан (сәйкестендіруден) өтеді.

Сараптамадан өту кезінде Қағидалардың 8-тармағының 1) - 4) тармақшаларында көзделгендерден басқа қосымша құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

6 6. Тауарларға сараптама (сәйкестендіру) жүргізу үшін уәкілетті ұйым зерттеу үшін мәлімделген тауарлар сынамаларын іріктейді.

7

7. Әкелінген тауарларға жасалатын сараптама (сәйкестендіру) үш жұмыс күні ішінде өткізіледі. Сараптама (сәйкестендіру) қорытындысы бойынша сараптамалық қорытынды үш данада жасалады. Бірінші және екінші даналары мәлімдеушіге табыс етіледі. Бірінші данасы мемлекеттік бақылаушыға ұсынуға арналған. Үшінші данасы уәкілетті ұйымда қалады.

8 8. Мемлекеттік бақылаудан өту үшін мәлімдеуші мемлекеттік бақылаушыға мына құжаттарды ұсынады:

1 1) ұйым деректемелері көрсетілген өтінім-хат және мемлекеттік бақылауды іске асыру үшін қажетті қоса берілетін құжаттар тізбесі;

2 2) келісімшарттың (шарттың, келісімнің) орыс тіліндегі көшірмесі, егер келісімшарт (шарт, келісім) орыс тілінде болмаса, онда келісімшарттың (шарттың, келісімнің) көшірмелеріне мәлімдеуші бекіткен және куәландырған аударма (мәлімдеушінің лауазымы және күні, қолы мен мөрі көрсетілген) қоса беріледі;

3 3) сандық және құндық мәндегі толық ассортименті көрсетілетін тауарлар ерекшелігі;

4 4) жауапты өкілдің жеке басын куәландыратын және оған құжаттар мен тауарларды ұсыну құқығын беретін ұйымның сенімхаты;

5 5) уәкілетті ұйымның сараптамалық қорытындысы.

9

9. Мемлекеттік бақылаушы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттарда қамтылған мәліметтердің дәйектілігін, арнайы есепке алынып тіркелгенін тексереді, тексеруден кейін асыл тастар үшін Ереженің 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша және Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдар үшін Ереженің 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік бақылау актісін (бұдан әрі – Акт) ресімдейді.
Актіде мемлекеттік бақылаушы ұсынылған тауардың келісімшартта және ілеспе құжаттарда көрсетілген деректерге сәйкестігін/сәйкессіздігін көрсетеді.
Сәйкессіздік болмаған жағдайда мемлекеттік бақылаушы Актінің көрсетілген бөлімінде «тауар қойылатын талаптарға сәйкес келеді» деген жазба жасайды.
Сәйкессіздік анықталған жағдайда «тауар қойылатын талаптарға сәйкес келмейді» деген жазба жасалады және тауар әкетуге жатады.

10 10. Акт Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде ресімделеді және мәлімдеушіге беріледі.

11 11. Акт үш данада жасалады: бірінші және екінші данасы мәлімдеушіге табыс етіледі. Бірінші данасы кеден органына ұсынуға арналған. Үшінші данасы уәкілетті органда қалады. Актіге мемлекеттік бақылаушы қол қояды.

Мемлекеттік бақылаушы «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы берілген актілер тізілімін жүргізуді жүзеге асырады.

12 12. Тауарларды әкелу кезінде мемлекеттік бақылаудан өткеннен кейін мәлімдеуші Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес тауарларды кедендік декларациялауға байланысты кедендік операцияларды жүргізеді.

13

13. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттарда кедендік аумақта кедендік қайта өңдеу рәсіміне орналастыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына кірмейтін елдерден тауарларды әкелу Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген құжаттарды ұсынған кезде жүзеге асырылады.
Тауарларды (табиғи алмас пен гауһарды қоспағанда) қайта өңдеу шарттары туралы құжатты алу үшін мәлімдеуші уәкілетті органға жүгінеді және мынадай құжаттарды ұсынады:

1 1) тауармен жасалатын операцияларды жүзеге асыру құқығын растайтын құжаттар;

2 2) құндылықтарды қайта өңдеуге арналған келісімшарттың (шарттың) көшірмесі;

3 3) резидент еместерді қоспағанда, мәлімдеушінің меншік құқығында немесе өзге заңды негізде өндірістік үй-жайлардың болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;

4 4) резидент еместерді қоспағанда, мәлімдеушінің өндірістік базасының болуы және Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша меншікті өндірісінде өнім дайындау көлемі туралы ақпарат;

5 5) Қағидаларға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша қайта өңдеуге әкелінген өнімдер тізбесінің және қайта өңдеуге әкелінген құндылықтар тізбесінің түпнұсқалары;

6 6) бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды дайындаған кезде - резидент еместерді қоспағанда, уәкілетті органның меншік иесін тіркеу туралы хатының көшірмесі.

Тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатты қарау нәтижесі бойынша уәкілетті орган мәлімдеушінің тауарларды өзінің өндірістік қызметінде пайдалануы туралы жазбаша растамамен әкелінетін қайта өңдеу өнімдері тізбесінің және қайта өңдеуге әкелінетін құндылықтар тізбесінің түпнұсқаларын мәлімдеушінің атына жібереді.
Тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беру мерзімі өтінім берілген күннен бастап он жұмыс күнін құрайды.

3 3. Асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағынан әкету тәртібі

14 14. Осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына кірмейтін елдерге әкету кезінде (бұдан әрі - әкету) мәлімдеуші мемлекеттік бақылау және сараптау (сәйкестендіру) рәсімдерінен өтеді.

15 15. Мәлімдеуші уәкілетті ұйымда тауарларды сараптаудан (сәйкестендіруден) өтеді.

Сараптамадан өту кезінде Қағидалардың 18-тармағының 1) - 6) тармақшаларындакөзделгендерден басқа, қосымша құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

16 16. Тауарларды сараптауды (сәйкестендіруді) жүргізу үшін уәкілетті ұйым мәлімделген тауарлардан зерттеу үшін сынама алады.

17

17. Әкетілетін тауарларды сараптау (сәйкестендіру) үш жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Сараптау (сәйкестендіру) қорытындысы бойынша үш данада сараптамалық қорытынды әзірленеді. Бірінші және екінші даналары мәлімдеушіге табыс етіледі. Бірінші данасы мемлекеттік бақылаушыға беруге арналған. Үшінші данасы уәкілетті ұйымда қалады.

18 18. Тауарларды әкету кезінде мемлекеттік бақылаудан өту үшін мәлімдеуші мемлекеттік бақылаушыға мынадай құжаттарды ұсынады:

1 1) ұйымның деректемелері көрсетілген өтінім-хат және мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті қоса берілетін құжаттардың тізбесі;

2

2) келісімшарттың (шарттың, келісімнің) орыс тіліндегі көшірмесі, егер орыс тіліндегі келісімшарт (шарт, келісім) болмаған жағдайда, онда келісімшарттың (шарттың, келісімнің) көшірмесіне мәлімдеуші бекіткен және куәландырған аудармасы (мәлімдеушінің лауазымын және күнін, қолы мен мөрін көрсете отырып) қоса беріледі;

3 3) сандық және құндық көріністе толық ассортименті көрсетілетін тауарларға арналған ерекшелік;

4 4) ұйымның арнайы есепке қойылғанын растайтын құжат;

5 5) жауапты өкілдің жеке басын куәландыратын және оған құжаттар мен тауарларды ұсыну құқығын беретін ұйымның сенімхаты;

6 6) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәлімдеуші ұсынған тауарлар құнының есебі;

7 7) уәкілетті ұйымның сараптамалық қорытындысы.

19 19. Мәлімдеуші өңделмеген асыл тастарды әкетуді жүзеге асыру кезінде 18-тармақта көрсетілген құжаттарға қосымша (өңделмеген табиғи алмасты қоспағанда) мыналарды ұсынады:

1 1) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.11.2014 № 1170 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

2 2) сандық және құнды көріністе өңделген асыл тастардың толық ассортименті көрсетілетін түсіру ерекшелігі;

3 3) өлшемдік-салмақтық топтар бойынша жинақталған ерекшелігін, Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес экспортталатын тастардың әрбір партиясын дайындау үшін өңделмеген асыл тастардың нақты пайдаланылғаны туралы анықтама;

4

4) беру актілері мен ерекшеліктер (жинақтау ведомостары) бар, (оның ішінде осы келісімшарт (шарт) бойынша сатып алынған асыл тастар партиясының бір бөлігі әкетілген жағдайда) Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағында өңделмеген асыл тастарды сатып алуға арналған келісімшарттардың (шарттардың) көшірмесі;

5 5) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен берілген асыл тастарды сатып алуға берілген келісімшарттар (шарттар) бойынша (өңделмеген асыл тастарды Кеден одағына мүше мемлекеттердің ішкі нарығында сатып алу) экспорттаушының мәмілелерін есепке алу туралы растама.

Экспорттаушылар мәмілелерін есепке алуды уәкілетті орган жүргізеді;

4 4) Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес әрбір шикізат шарты бойынша өңделмеген асыл тастардың әкетілетін партиясының салмағы мен құны туралы жалпы анықтама.

20 20. Өңделген асыл тастарды әкетуді жүзеге асыру кезінде мәлімдеуші 18-тармақта көрсетілген құжаттарға қосымша мыналарды ұсынады:

1 1) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.11.2014 № 1170 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

2 2) сандық және құнды көріністе өңделген асыл тастардың толық ассортименті көрсетілетін түсіру ерекшелігі;

3 3) өңделмеген асыл тастардың көлемдік-салмақтық топтары бойынша жиынтық ерекшелігі, Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес экспортталатын тастардың әрбір партиясын дайындау үшін оларды нақты пайдалану туралы анықтама;

4 4) Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес 10,80 карат және одан астам салмағы бар өңделмеген алмасты пайдалану туралы анықтама;

5 5) кәсіпорынның 6,00 караттан астам гауһарды бағалау жөніндегі хаттамасы (актісі);

6 6) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.11.2014 № 1170 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

7 7) асыл тастардың шығу тегін (сатып алынғанын) және оларды иелену заңдылығын растайтын құжаттар: келісімшарттар, комиссияның шарты немесе агенттік келісім, өңделмеген асыл тастарға арналған беру актілері, жинақтама ведомосы, өңделмеген асыл тастарға арналған мәмілелер актісі.

21 21. Мәлімдеуші асыл тастардан жасалған өндірістік-техникалық мақсаттағы бұйымдарды әкетуді жүзеге асыру кезінде 18-тармақта көрсетілген құжаттарға қосымша мыналарды ұсынады:

1 1) Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес өндірістік-техникалық мақсаттағы экспортталатын бұйымдардың әрбір партиясын дайындау үшін асыл тастарды нақты пайдалану туралы анықтама;

2 2) әкетілетін бұйымдарды дайындау үшін пайдаланылатын асыл тастардың шығу тегін (сатып алынғанын) растайтын құжаттар: келісімшарттар, комиссияның шарты немесе агенттік келісім, өңделмеген асыл тастарды беру актілері, жинақтау ведомосы, өңделмеген асыл тастарға арналған мәмілелер актілері;

3 3) асыл тастардан жасалатын өндірістік-техникалық мақсаттағы бұйымдарға арналған нормативтік-техникалық құжаттама.

22

22. Мемлекеттік бақылаушы Қағидалардың 18-тармағында, қажет болса, Қағидалардың 19 (сондай-ақ, осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген асыл тастарды қоспағанда, өңделмеген асыл тастардың экспортына арналған лицензияның көшірмесінің болуы), 20 (сондай-ақ, асыл тастардың (гауһардан басқа) экспортына арналған лицензияның көшірмесінің болуы, уәкілетті органның сараптамалық комиссиясының хаттамасының болуы (өзінің сипаттамалары бойынша бірегей санатқа жатқызылуы мүмкін сатып алынған өңделмеген асыл тастарда немесе дайын өнімде асыл тастар болған жағдайда) және 21-тармақтарында көрсетілген құжаттарда қамтылған мәліметтердің дәйектілігін тексереді, тексеруден кейін асыл тастар үшін Ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және бағалы металдардан және асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдар үшін Ережеге 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік бақылау актісін (бұдан әрі - акт) ресімдейді.
Актіде мемлекеттік бақылаушы:
ұсынылған тауардың келісімшартта және ілеспе құжаттарда көрсетілген деректерге сәйкестігін/сәйкес еместігін;
тауарлармен мәмілелер жасау кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзудың болуы/болмауын жазады.
Сәйкессіздіктер болмаған жағдайда мемлекеттік бақылаушы Актінің көрсетілген бөлімінде «тауар қойылған талаптарға сәйкес келеді» деген жазба жасайды.
Сәйкессіздіктер анықталған жағдайда «тауар қойылған талаптарға сәйкес келмейді» деген жазба жасалады және ұсынылған тауар әкетуге жатпайды.

23 23. Акт Қағидалардың 18-тармағында, қажет болса, Қағидалардың 19, 20 және 21-тармақтарында көрсетілген құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде ресімделеді және мәлімдеушіге беріледі.

24 24. Акт үш данада жасалады: бірінші және екінші даналары мәлімдеушіге табыс етіледі. Бірінші данасы кеден органына ұсынуға арналған. Үшінші данасы уәкілетті органда қалады. Актіге мемлекеттік бақылаушы қол қояды.

Мемлекеттік бақылаушы «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы берілген актілер тізілімін жүргізуді жүзеге асырады.

25 25. Тауарларды әкетуге мемлекеттік бақылаудан өткеннен кейін сәйкессіздік болмаған жағдайда мәлімдеуші тауарларды кедендік декларациялау үшін Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүгінеді.

Егер алмас пен гауһарды қоспағанда, асыл тастардың келісімшарттық құны мемлекеттік бақылау жүргізу кезінде мемлекеттік бақылаушы анықтаған құннан 5 пайыздан астам төмен болса, олар Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілмейді.
Егер Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдардың сыртқы сауда шартында белгіленген келісімшарттық құны мемлекеттік бақылаудан өту рәсімінде мемлекеттік бақылаушы анықтайтын жалпы құннан кем болса, олар Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілмейді.

26

26. Тауарларды кедендік декларациялау жүргізілгенге дейін кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсіміне орналастыру үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжатты ұсыну қажет, оны беру осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген оларды әкелу кезінде қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беру тәртібіне ұқсас жүзеге асырылады.

1.1 Экспорты лицензия негізінде жүзеге асырылатын асыл тастардың тізбесі

Асыл тастарды, бағалы металдар мен
асыл тастардан жасалған зергерлік
бұйымдарды Кеден одағына кірмейтін
елдерден Қазақстан Республикасының
аумағына әкелу және Қазақстан
Республикасының аумағынан осы
елдерге әкету қағидаларына
1-қосымша
Экспорты лицензия негізінде жүзеге асырылатын асыл тастардың тізбесі
Та­у­ар­дың қы­сқа­ша ата­уы
КО СЭҚ ТН ко­ды
Та­би­ғи ал­мас
(өнер­к­ә­сіп­тік, өң­дел­ме­ген неме­се жай ара­лан­ған, уа­ты­л­ған неме­се олар­дың мөл­шер­ле­рі және өң­де­лу дә­ре­же­сіне қа­ра­ма­стан «борт» және «дрил­линг» ны­сан­да­рын, сон­дай-ақ, ал­ма­сты өң­де­удің кез кел­ген тү­рі­нің қал­дық­та­рын қо­са ал­ған­да, "-3+2" және одан тө­мен еле­уіш сы­нып­та­ры­ның ал­ма­ста­рын қо­с­па­ған­да, ал­ғаш­қы өң­де­у­ге түс­кен ал­мас кон­цен­тра­ты)
7102 21 000 0-ден
(гауһар дай­ын­дау үшін пай­да­ла­ны­луы мүм­кін өнер­к­ә­сіп­тік емес, өң­дел­ме­ген неме­се жай ара­лан­ған, уа­ты­л­ған неме­се ал­ғаш­қы өң­де­у­ге түс­кен)
7102 31 000 0
Өң­дел­ме­ген және өң­дел­ген та­би­ғи асыл та­стар
7103 10 000 0
7103 91 000 0
7103 99 000 0
Өзге ми­не­рал­ды заттар (тек бі­ре­гей кә­ріп­тас тү­зі­лім­де­рі)
2530 90 980 0-ден

1.2 Экспорты лицензиясыз жүзеге асырылатын асыл тастар

Асыл тастарды, бағалы металдар мен
асыл тастардан жасалған зергерлік
бұйымдарды Кеден одағына кірмейтін
елдерден Қазақстан Республикасының
аумағына әкелу және Қазақстан
Республикасының аумағынан осы
елдерге әкету қағидаларына
2-қосымша
Экспорты лицензиясыз жүзеге асырылатын асыл тастар
Та­у­ар­дың қы­сқа­ша ата­уы
КО СЭҚ ТН ко­ды
Өнім және бұй­ым­дар тү­рін­де­гі ба­ға­лы ме­тал­дар
2843 10
2843 21 000 0
2843 29 000 0
2843 30 000 0
2843 90
7106 10 000 0*
7106 92*
7108 13*
7110 19*
7110 29 000 0*
7110 39 000 0*
7110 49 000 0*
________________
* Құй­ма­лар, ті­лім­дер, ұн­тақ­тар мен түй­ір­шік­тер, сон­дай-ақ өң­дел­ме­ген ны­сан­дар тү­рін­де­гі аф­фи­нир­лен­ген ба­ға­лы ме­тал­дар­ды қо­с­па­ған­да.
7113
7114
7115
9003 19 100 0
9021 29 000 0**
________________
** Тек ба­ға­лы ме­тал­дар­дан неме­се те­гі­стел­ген ба­ға­лы ме­тал­дар­дан ға­на.
9113 10 100 0
9608 10 300 0
9608 39 100 0
3006 40 000 0***
7107 00 000 0
7109 00 000 0
7111 00 000 0
8544***
9101***
9102***
9103***
9105***
9111***
9112***
________________
*** Тек асыл та­стар ор­на­ты­л­ған неме­се асыл та­стар ор­на­тыл­ма­ған ба­ға­лы ме­тал­дар­дан ға­на.
Асыл та­стар­дан жа­сал­ған өн­ді­рі­стік-тех­ни­ка­лық мақ­сат­та­ғы бұй­ым­дар
6804 21 000 0
8205
8207
8522 90 300 0
Өнер­к­ә­сіп­тік, өң­дел­ме­ген неме­се жай ара­лан­ған, уа­ты­л­ған неме­се олар­дың мөл­шер­ле­рі және өң­де­лу дә­ре­же­сіне қа­ра­ма­стан «борт» және «дрил­линг» ны­сан­да­рын, сон­дай-ақ, ал­ма­сты өң­де­удің кез кел­ген тү­рі­нің қал­дық­та­рын қо­са ал­ған­да, "-3+2" және одан тө­мен еле­уіш сы­нып­та­ры­ның ал­ма­ста­рын қо­с­па­ған­да, ал­ғаш­қы өң­де­у­ге түс­кен ал­мас кон­цен­тра­ты
7102 21 000 0-ден
Өнер­к­ә­сіп­тік ал­мас, өзге­ле­рі
7102 29 000 0
Та­би­ғи ал­ма­стың үгін­ді­сі мен ұн­та­ғы
7105 10 000 0
Өң­дел­ген, бі­рақ өнер­к­ә­сіп­тік емес, жи­ек­тел­ме­ген неме­се бе­кі­тіл­ме­ген ал­мас, өзге­ле­рі (гауһар).
7102 39 000 0
Асыл та­стар­дан және та­би­ғи ін­жу­ден жа­сал­ған бұй­ым­дар
7116 20-дан
7116 10 000 0-дан

1.3 Мәлімдеушінің өндірістік базасының болуы және ______ жылғы ____ жарты жылдық ішінде меншікті өндірісінде дайындалған өнім көлемі туралы АҚПАРАТ

Асыл тастарды, бағалы металдар мен
асыл тастардан жасалған зергерлік
бұйымдарды Кеден одағына кірмейтін
елдерден Қазақстан Республикасының
аумағына әкелу және Қазақстан
Республикасының аумағынан осы
елдерге әкету қағидаларына
3-қосымша
Мәлімдеушінің өндірістік базасының болуы және ______ жылғы ____ жарты жылдық ішінде меншікті өндірісінде дайындалған өнім көлемі туралы АҚПАРАТ
Мәлімдеушінің атауы ________________________________________________
Өн­ді­рі­стік ба­за­сы­ның бо­луы
Мен­шік­ті өн­ді­ріс өні­мі
өн­ді­рі­стік алаң­дар (ш.м)
тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық тіз­бе­сі (ста­н­ок­тар са­ны және тип­те­рі)
негіз­гі өн­ді­рі­сте жұ­мыс іс­тей­т­ін­дер са­ны (адам)
өнім­дер но­мен­кла­ту­ра­сы
есеп­тік ке­зең­де мен­шік­ті өн­ді­рі­сте өн­ді­ріл­ді (кг)*
Таң­ба­лан­ды (тек мен­шік­ті өн­ді­ріс өні­мі) (да­на)
____________
* Егер мәлімдеуші өндірістік қызметін жарты жылдан кем жүзеге асырса, нақты жұмыс істеген уақыты ішінде өндірілген өнімнің саны көрсетіледі.
Мәлімдеуші лауазымының атауы _______ _________________________
қолы           Т.А.Ә.
М.О.

1.4 Қайта өңдеуге әкелінетін (әкетілетін) өнімдер ТІЗБЕСІ

Асыл тастарды, бағалы металдар мен
асыл тастардан жасалған зергерлік
бұйымдарды Кеден одағына кірмейтін
елдерден Қазақстан Республикасының
аумағына әкелу және Қазақстан
Республикасының аумағынан осы
елдерге әкету қағидаларына
4-қосымша
Үлгі
Қайта өңдеуге әкелінетін (әкетілетін) өнімдер ТІЗБЕСІ
Р/с №
Мә­лім­де­у­ші
КО СЭҚ ТН бой­ын­ша қай­та өң­деу өнім­де­рі­нің ко­ды
Ке­лі­сім­шарт
КО СЭҚ
ТН бой­ын­ша қай­та өң­деу өнім­де­рі­нің ко­ды
КО СЭҚ ТН бой­ын­ша өл­шем бір­лі­гі
Қай­та өң­деу өнім­де­рі­нің са­ны
1
2
3
4
5
6
7
кестенің жалғасы
Құ­ны, АҚШ дол­ла­ры
Та­у­ар
өні­мі
Қай­та өң­деу қал­дық­та­ры
Құн­ды­лық­тар­дың шы­ғы­ны
Құн­ды­лық­тар­дың қал­дық­та­ры
Ке­ден
8
9
10
11
12
13
Мәлімдеуші лауазымының атауы     Мемлекеттің органның уәкілетті тұлға
лауазымының атауы
_________ _______________        ___________ _____________
(қолы)       (Т.А.Ә.)             (қолы)      (Т.А.Ә.)
Мәлімдеушінің
бас бухгалтері _______ ____________
(қолы)    (Т.А.Ә.)
М.О.                             М.О.
Қайта өңдеуге әкелінетін (әкетілетін) өнімдердің тізбесін толтыру қағидалары

1 1. 2-бағанда мәлімдеушінің атауы көрсетіледі.

2 2. 3-бағанда қайта өңдеуге әкелінетін (әкетілетін) өнімдердің атауы көрсетіледі.

3 3. 4-бағанда келісімшарттың (шарттың) деректемелері көрсетіледі, оған сәйкес қайта өңдеу өнімдері әкелінеді (әкетіледі).

4 4. 5-бағанда КО СЭҚ ТН бойынша қайта өңдеу өнімдерінің он белгілік коды көрсетіледі.

5 5. 7-бағанда КО СЭҚ ТН (6-баған) бойынша тауар позициясына сәйкес қайта өңдеу өнімдерінің саны өлшем бірліктерімен көрсетіледі.

6 6. 8-бағанда қайта өңдеу өнімдерінің құны АҚШ долларымен көрсетіледі.

7 7. 9-12-бағандарда бір өлшем бірлігімен тауар өнімдерінің, қалдықтарының, шығынының және қалдықтардың саны көрсетіледі.

8 8. 13-бағанда қайта өңдеу өнімдерін және қалдықтарды кедендік декларациялауды жүргізетін кеден органы көрсетіледі.

1.5 Қайта өңдеуге әкелінетін (әкетілетін) құндылықтардың ТІЗБЕСІ

Асыл тастарды, бағалы металдар мен
асыл тастардан жасалған зергерлік
бұйымдарды Кеден одағына кірмейтін
елдерден Қазақстан Республикасының
аумағына әкелу және Қазақстан
Республикасының аумағынан осы
елдерге әкету қағидаларына
5-қосымша
Үлгі
Қайта өңдеуге әкелінетін (әкетілетін) құндылықтардың ТІЗБЕСІ
Р/с №
Мә­лім­де­у­ші
КО СЭҚ ТН бой­ын­ша құн­ды­лық­тар ата­уы
Ке­лі­сім-шарт (шарт)
КО СЭҚ ТН бой­ын­ша құн­ды­лық­тар ко­ды
КО СЭҚ ТН бой­ын­ша өл­шем бір­лі­гі
Құн­ды­лық тар са­ны
Құ­ны, АҚШ дол­ла­ры
Ке­ден
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Мәлімдеуші лауазымының атауы       Мемлекеттік органның уәкілетті
тұлға лауазымының атауы
_________ _______________            ___________ _____________
(қолы)       (Т.А.Ә.)                   (қолы)    (Т.А.Ә.)
Мәлімдеушінің
бас бухгалтері ________ ______________
(қолы)     (Т.А.Ә.)
М.О.                         М.О.
Қайта өңдеуге әкелінетін (әкетілетін) құндылықтар тізбесін толтыру қағидасы

1 1. 2-бағанда мәлімдеушінің атауы көрсетіледі.

2 2. 3-бағанда қайта өңдеуге әкелінетін (әкетілетін) құндылықтар атауы көрсетіледі

3 3. 4-бағанда әкелінетін (әкетілетін) құндылықтарға сәйкес келісімшарттың (шарттың) деректемелері көрсетіледі.

4 4. 5-бағанда КО СЭҚ ТН бойынша құндылықтардың он белгілік коды көрсетіледі.

5 5. 7-бағанда КО СЭҚ ТН бойынша тауар позициясына сәйкес құндылықтар саны өлшем бірліктерімен көрсетіледі (6-баған)

6 6. 8-бағанда құндылықтың құны АҚШ долларымен көрсетіледі.

7 7. 9-бағанда қайта өңдеуге әкелінетін (әкетілетін) құндылықтарды кедендік декларациялау жүргізетін кеден органы көрсетіледі.

1.6 Асыл тастардың, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдардың жалпы құнын есептеудің ұсынылатын нысаны

Асыл тастарды, бағалы металдар мен
асыл тастардан жасалған зергерлік
бұйымдарды Кеден одағына кірмейтін
елдерден Қазақстан Республикасының
аумағына әкелу және Қазақстан
Республикасының аумағынан осы
елдерге әкету қағидаларына
6-қосымша
Асыл тастардың, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдардың жалпы құнын есептеудің ұсынылатын нысаны
Бұй­ым­дар­дың ата­уы және си­патта­ма­сы
Са­ны, сал­ма­ғы
Ба­ға­сы (тең­ге)
Негіз
Ке­лі­сім­шар­ттың құ­ны (АҚШ дол­ла­ры (2х3 - бағ.)
Асыл та­стар­дың, ба­ға­лы ме­тал­дар мен асыл та­стар­дан жа­сал­ған зер­гер­лік бұй­ым­дар­дың жал­пы құ­ны (АҚШ дол­ла­ры) (2х4 - бағ.)
ке­лі­сім-шар­ттық
асыл та­стар­ға прейс­ку­рант­тар, ба­ға­лы ме­тал­дар мен асыл та­стар­дан жа­сал­ған зер­гер­лік бұй­ым­дар­дың әлем­дік ба­ға­сы
(прейс­ку­рант­тың нө­мі­рі және прейс­ку­рант бой­ын­ша по­зи­ци­я­сы)
1
2
3
4
5
6
7
Ке­лі­сім­шар­ттық құ­ны
-
-
-
+
+
оның ішін­де:
А бұй­ы­мы, да­на
+
+
-
+
+
оның ішін­де:
зү­баржат, ка­рат
+
-
+
-
+

1.7 __________________ № ______________экспорттық келісімшартқа өңделмеген асыл тастарды пайдалану туралы анықтама

Асыл тастарды, бағалы металдар мен
асыл тастардан жасалған зергерлік
бұйымдарды Кеден одағына кірмейтін
елдерден Қазақстан Республикасының
аумағына әкелу және Қазақстан
Республикасының аумағынан осы
елдерге әкету қағидаларына
7-қосымша
__________________ № ______________экспорттық келісімшартқа өңделмеген асыл тастарды пайдалану туралы анықтама
Р/с

Ши­кі­зат құ­жат­та­ры­ның №№, кү­ні
Бе­ру ак­ті­ле­рі­нің №№, жи­нақ­тау ве­до­мо­ста­ры­ның №№
Ке­лі­сім­шарт, бе­ру ак­ті­ле­рі, жи­нақ­тау ве­до­мо­ста­ры бой­ын­ша өң­дел­ме­ген асыл та­стар
Экс­порт­қа өт­кі­зу үшін өң­дел­ген асыл та­стар­ды жа­са­у­ға пай­да­ла­ны­л­ған өң­дел­ме­ген асыл та­стар
Іш­кі на­рық­та са­ту үшін өң­дел­ген асыл та­стар­ды жа­са­у­ға пай­да­ла­ны­л­ған өң­дел­ме­ген асыл та­стар
сал­ма­ғы, ка­рат
құ­ны, АҚШ дол­ла­ры
сал­ма­ғы, ка­рат
құ­ны, АҚШ дол­ла­ры
сал­ма­ғы, ка­рат
құ­ны, АҚШ дол­ла­ры
кестенің жалғасы
Қо­сым­ша на­рық­та са­ты­л­ған өң­дел­ме­ген асыл та­стар
Бұ­рын әке­ті­л­ген өң­дел­ме­ген асыл та­стар
Әке­ту­ге мә­лім­дел­ген өң­дел­ме­ген асыл та­стар
Қой­ма­да­ғы неме­се өн­ді­рі­сте­гі өң­дел­ме­ген асыл та­стар­дың қал­ды­ғы
сал­ма­ғы, ка­рат
құ­ны, АҚШ дол­ла­ры
сал­ма­ғы, ка­рат
құ­ны, АҚШ дол­ла­ры
сал­ма­ғы, ка­рат
құ­ны АҚШ дол­ла­ры
сал­ма­ғы, ка­рат
құ­ны АҚШ дол­ла­ры
Кәсіпорын басшысы
Бас бухгалтер,
М.О.

1.8 200_ж. "____"_____________ №___________________ келісімшарт бойынша экспортқа (ішкі нарыққа) асыл тастарды жасау үшін өңделмеген асыл тастарды пайдалану туралы анықтама

Асыл тастарды, бағалы металдар мен
асыл тастардан жасалған зергерлік
бұйымдарды Кеден одағына кірмейтін
елдерден Қазақстан Республикасының
аумағына әкелу және Қазақстан
Республикасының аумағынан осы
елдерге әкету қағидаларына
8-қосымша
200_ж. "____"_____________ №___________________ келісімшарт бойынша экспортқа (ішкі нарыққа) асыл тастарды жасау үшін өңделмеген асыл тастарды пайдалану туралы анықтама
Р/с

Ке­лі­сім­шар­ттар­дың және өң­дел­ме­ген асыл та­стар­ды бе­ру ак­ті­ле­рі­нің кү­ні және №№
Өң­дел­ме­ген асыл та­стар­ды са­ту­шы
Ке­лі­сім­шарт бой­ын­ша өң­дел­ме­ген асыл та­стар
Әке­ті­ле­тін асыл та­стар­ға сәй­кес ке­ле­тін өң­дел­ме­ген асыл та­стар
сал­ма­ғы, кар.
құ­ны, АҚШ дол­ла­ры
сал­ма­ғы, кар.
кұ­ны, АҚШ дол­ла­ры
1
2
3
4
5
6
7
1. Экс­порт
Іш­кі на­рық
ЖИЫ­НЫ:
кестенің жалғасы
Әке­ті­ле­тін асыл та­стар
Жа­рам­ды шы­ғу,
%
Өң­дел­ме­ген асыл та­стар­дың қал­ды­ғы (өн­ді­ріс және қой­ма­да­ғы)
сал­ма­ғы, кар.
құ­ны, АҚШ дол­ла­ры
сал­ма­ғы, кар.
құ­ны, АҚШ дол­ла­ры
есеп­тік
ке­лі­сім-шар­ттық
8
9
10
11
12
13
Кәсіпорын басшысы
М.О.

1.9 Салмағы 10,80 карат және одан астам алмас шикізатын пайдалану туралы анықтама

Асыл тастарды, бағалы металдар мен
асыл тастардан жасалған зергерлік
бұйымдарды Кеден одағына кірмейтін
елдерден Қазақстан Республикасының
аумағына әкелу және Қазақстан
Республикасының аумағынан осы
елдерге әкету қағидаларына
9-қосымша
Салмағы 10,80 карат және одан астам алмас шикізатын пайдалану туралы анықтама
Р/с №
Ке­лі­сім-шар­ттың, бе­ру ак­ті­сі­нің, жи­нақ­тау ве­до­мо­сы­ның № және кү­ні
Ал­мас ши­кі­за­ты­ның си­патта­ма­сы (тү­сі, ақа­уы)
Ке­лі­сім­шарт бой­ын­ша ал­мас ши­кі­за­ты
Гауһар­ға сәй­кес ке­ле­тін ал­мас ши­кі­за­ты
кри­сталл сал­ма­ғы (кар.)
құ­ны, АҚШ дол­ла­ры
кри­сталл сал­ма­ғы (кар.)
құ­ны, АҚШ дол­ла­ры
1
2
3
4
5
4.1
5.1
1.
жиы­ны:
...
Жал­пы қо­ры­тын­ды:
кестенің жалғасы
Алын­ған гауһар
да­на­ла­ры
қыр­лау ны­са­ны
си­патта­ма­сы (тү­сі, ақа­уы, то­бы)
сал­ма­ғы (кар.)
1 кар. үшін есеп­тік/ бел­гі­лен­ген ба­ға­сы (же­ңіл­дік­тер­мен, үсте­ме­лер­мен), (АҚШ дол­ла­ры)
есеп­тік/ бел­гі­лен­ген құ­ны (же­ңіл­дік­тер­мен, үсте­ме­лер­мен) (АҚШ дол­ла­ры)
ке­лі­сім-шар­ттың құ­ны, АҚШ дол­ла­ры
6
7
8
9
10
11
12
Ескертпе: - Салмағы 6.00 караттан жоғары гауһар саны, салмағы мен есептік және келісімшарттық құны бойынша қорытынды шығару қажет;
- Егер кристалдың бір бөлігі пайдаланылған жағдайда, онда 4, 5-бағандарда кристалдың бастапқы салмағы мен құны көрсетіледі, 4.1 бағанда кристалдың пайдаланылған бөлігінің салмағы және осы бағанда (*) жұлдызшамен кристалдың пайдаланылмаған бөлігінің салмағы көрсетіледі.
- Егер кристалдың бір бөлігі бұрын өңделген болса, онда 4, 5-бағандарда кристалдың бастапқы салмағы мен құны көрсетіледі, 4.1 бағанында (#) тормен гауһардың бұрын пайдаланылған бөлігінің салмағы және ағымдағы тиеп жөнелту бойынша пайдаланылған бөлігінің салмағы көрсетіледі.
- Егер шикізат келісімшарты бойынша қалдықтар технологиялық қажеттіліктерге пайдаланылған жағдайда, бұны шикізатты есептен шығаруды растайтын құжаттарды көрсетіп, ескертпелерде жазу қажет.
- 9-бағанды толтыру кезінде алынған орташа, ұсақ көлемді гауһарды біріктіруге жол беріледі.
Кәсіпорын басшысы
М.О.

1.10 _________№ ________ экспорттық келісімшартқа өндірістік-техникалық мақсаттағы бұйымдарда асыл тастарды пайдалану туралы анықтама

Асыл тастарды, бағалы металдар мен
асыл тастардан жасалған зергерлік
бұйымдарды Кеден одағына кірмейтін
елдерден Қазақстан Республикасының
аумағына әкелу және Қазақстан
Республикасының аумағынан осы
елдерге әкету қағидаларына
10-қосымша
_________№ ________ экспорттық келісімшартқа өндірістік-техникалық мақсаттағы бұйымдарда асыл тастарды пайдалану туралы анықтама
Р/с №
Ши­кі­зат құ­жат­та­ры­ның №№, кү­ні, асыл та­стар­ды са­ту­шы
Ке­лі­сім­шар­ттар, бе­ру ак­ті­ле­рі, жи­нақ­тау ве­до­мо­ста­ры бой­ын­ша асыл та­стар
Өн­ді­рі­стік-тех­ни­ка­лық мақ­сат­та­ғы бұй­ым­дар­да пай­да­ла­ны­л­ған асыл та­стар
Әке­ту­ге мә­лім­дел­ген өн­ді­рі­стік-тех­ни­ка­лық мақ­сат­та­ғы бұй­ым­дар
Бұ­рын пай­да­ла­ны­л­ған асыл та­стар
Қой­ма­да­ғы неме­се өн­ді­рі­сте­гі асыл та­стар­дың қал­ды­ғы
сал­ма­ғы, ка­рат
құ­ны, АҚШ дол­ла­ры
сал­ма­ғы, ка­рат
құ­ны, АҚШ дол­ла­ры
са­ны, да­на­сы
құ­ны, АҚШ дол­ла­ры
сал­ма­ғы, ка­рат
құ­ны, АҚШ дол­ла­ры
сал­ма­ғы, ка­рат
құ­ны, АҚШ дол­ла­ры
* Меншікті өндірісте өңдеу.
Бас директор
Бас бухгалтер
М.О.

2 Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 23 қарашадағы
№ 1479 қаулысымен
бекітілген
Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының кеден одағын бірыңғай тарифтік емес реттеу туралы» ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің (Кеден одағының жоғары органы) 2009 жылғы 27 қарашадағы № 19 шешімімен бекітілген Бағалы металдарды, асыл тастарды және құрамында бағалы металдар бар шикізаттық тауарларды ЕурАзЭҚ шеңберінде Кеден одағының кедендік аумағына әкелу және ЕурАзЭҚ шеңберінде Кеден одағының кедендік аумағынан әкету тәртібі туралы ережеге (бұдан әрі - Ереже) сәйкес әзірленді.

2 2. Осы Қағидалардың талаптары трансферттік баға белгiлеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын трансферттік баға белгiлеу кезіндегі бақылауға қолданылмайды.

3 3. Өңделмеген табиғи алмасты тек Кимберлий үдерісіне қатысушы елдерден әкелуге және әкетуге рұқсат етіледі.

4 4. Өңделмеген табиғи алмасты әкелу және әкету ашудан қорғалған контейнерлерде (пломбаланған сейф-пакеттерде) жүзеге асырылады.

5 5. Кимберлий үдерісінің хатшылығымен ақпарат алмасу электрондық хабарлар жолымен жүзеге асырылады.

6 6. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:

1 1) өңделмеген табиғи алмас – өңделмеген немесе жай араланған, сындырылған немесе рундист жағылған (7102 10 000 0, 7102 21 000 0, 7102 31 000 0 КО СЭҚ ТН кодтары) алмас;

2 2) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті;

3 3) уәкілетті ұйым – Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты сараптауды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ұйым;

4

4) мемлекеттік бақылаушы - уәкілетті органның мамандандырылған не Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы уәкілетті органы айқындаған кеден бекеттерінде өңделмеген табиғи алмасты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын және «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы берілген мемлекеттік бақылау актілерінің тізілімін жүргізуді жүзеге асыратын өкілі;

5 5) өңделмеген табиғи алмасты мемлекеттік бақылау – уәкілетті орган жүзеге асыратын бақылау, ол мыналарды қамтиды:

өңделмеген табиғи алмасты өндіру кезінде оларды сорттық және бағалау сапасын бақылау;
сараптау (сәйкестендіру) үдерісінде анықталатын өңделмеген табиғи алмастың сыныптауыш белгілерінің дұрыс анықталуын бақылау;
ішкі нарықта 10 жұмыс күні ішінде өткізу үшін гауһар тастар өндірісі субъектілерінің экспорттауына арналған өңделмеген табиғи алмас партиясын міндетті ұсынуды бақылау;
өңделмеген табиғи алмастың шығу тегін және оларды иелену заңдылығын тексеру;
өңделмеген табиғи алмасты сертификаттаудың халықаралық схемасын іске асыру мақсатында өңделмеген табиғи алмасты әкелу кезінде экспорттаушы мемлекетке өңделмеген табиғи алмасты әкету сертификатының (Кимберлий үдерісінің сертификаты) болуын бақылау және есепке алу;
ішкі нарықта өңделмеген табиғи алмаспен жасалатын мәмiлелердi есепке алу;

6 6) өңделмеген табиғи алмасты сараптау – уәкілетті ұйымның өңделмеген табиғи алмастың сапалық-түстік, сандық және құндық сипаттамаларын анықтауы;

7 7) Кимберлий үдерісінің сертификаты – өңделмеген табиғи алмас партиясын сертификаттау схемасының талаптарына сәйкес келетін ретінде сәйкестендіретін белгіленген нысандағы құжат;

8 8) даулы алмас – ұрыс қимылдарын жүргізу аумақтарында өндірілген, сатудан түскен ақша өңірлік қақтығыстарды және халықаралық террорлық топтарды қаржыландыруға жұмсалатын алмас;

9 9) Кимберлий үдерісіне қатысушы – мақсаты алмас тауар айналымынан даулы алмасты алып тастау болып табылатын алмас өндіруші елдер мен тұтынушы елдер қауымдастығына қатысушы;

10

10) арнайы есепке алу – уәкілетті органның өңделмеген табиғи алмаспен жасалатын операцияларды жүзеге асыратын, оларды тізілімге енгізу үшін алымдарды алуды көздемейтін заңды тұлғалардың (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісін қоспағанда) және жеке кәсіпкерлердің тізілімін жүргізуі. Арнайы есеп жүргізу тәртібін уәкілетті орган белгілейді;

11

11) мәлімдеуші – табиғи алмасты, гауһарды, өңделмеген табиғи алмасты, өнімдер мен бұйымдарды өндіруші субъектілер, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген субъектілермен, комиссиялар шарттары және агенттік келісімдері бойынша өңделмеген табиғи алмаспен операцияларды жүзеге асыруға құқығы бар және уәкілетті органның арнайы есебінде тұрған заңды тұлғалар;

12 12) өңделмеген табиғи алмасты өндіретін субъектілер – Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағында табиғи алмас өндіруді жүзеге асыратын ұйымдар, бұл ұйымдар резиденттер болып табылады;

13 13) гауһар өндірісі субъектілері – резиденттері болып табылатын Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің аумағында гауһар дайындау мақсатында өңделмеген табиғи алмасты қырнауды жүзеге асыруға құқығы бар ұйымдар мен дара кәсіпкерлер;

14

14) өңделмеген табиғи алмастан алынған өнімдерді және бұйымдарды өндіруші субъектілер – резиденттерi болып табылатын Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағында өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы өнiмді, сондай-ақ тұрмыстық және зергерлiк бұйымдарды дайындау мақсатында өңделмеген табиғи алмасты өңдеуді жүзеге асыру немесе пайдалану құқығы бар ұйым және дара кәсiпкерлер.

2 2. Өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу тәртібі

7

7. Өңделмеген табиғи алмасты Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу (бұдан әрі – әкелу) кезінде тауарларды кедендік декларациялаумен және кедендік тазартумен байланысты кедендік операциялар жүргізілгенге дейiн мәлімдеуші осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жүргізу үшін өңделмеген табиғи алмасты өңдеу үшін әкелуді қоспағанда, өңделмеген табиғи алмасты мемлекеттік бақылау рәсімінен өтеді.

8 8. Мәлімдеуші мемлекеттік бақылау үдерісінде уәкілетті ұйымда өңделмеген табиғи алмасты сараптамадан (сәйкестендіруден) өткізеді.

Сараптамадан өткізу кезінде Қағидалардың 11-тармағының 1) - 5) тармақшаларындакөзделгендерден басқа, қосымша құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

9 9. Өңделмеген табиғи алмасты сараптамадан (сәйкестендіруден) өткiзу үшiн уәкілетті ұйым мәлімделген өңделмеген табиғи алмастардан зерттеулер үшiн сынама алады.

10

10. Әкелінетін өңделмеген табиғи алмасты сараптау үш жұмыс күнi ішінде жүргiзiледi. Сараптау (сәйкестендіру) қорытындылары бойынша сараптамалық қорытынды үш данада жасалады. Бiрiншi және екiншi даналары мәлімдеушіге табыс етіледі. Бiрiншi данасы мемлекеттiк тексерушіге ұсынуға арналған. Үшiншi данасы уәкілетті ұйымда қалады.

11 11. Мемлекеттiк бақылаудан өту үшін мәлімдеуші мемлекеттiк бақылаушыға мынадай құжаттарды ұсынады:

1 1) ұйымның деректемелері көрсетілген өтінім-хат және мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті қоса берілген құжаттар тізбесі;

2

2) орыс тіліндегі келісімшарттың (шарттың, келісімнің) көшірмесі, оның негізінде өңделмеген алмасты әкелу жүзеге асырылады, егер келісімшарт орыс тілінде болмаған жағдайда, онда келісімшарттың (шарттың, келісімнің) көшірмесіне мәлімдеуші бекіткен және куәландырған аудармасы (мәлімдеушінің лауазымын және күнін, қолы мен мөрін көрсете отырып) қоса беріледі;

3 3) өңделмеген табиғи алмастың ерекшелігі;

4 4) экспорттаушы мемлекеттiң өңделмеген табиғи алмасты әкету сертификаттары (Кимберлий үдерісінің сертификаты);

5 5) ұйымның жауапты өкілінің жеке басын куәландыратын және оған құжаттар мен өңделмеген табиғи алмасты ұсынуға құқық беретін сенiмхаты;

6 6) уәкілетті ұйымның сараптамалық қорытындысы.

12 12. Мемлекеттік бақылаушы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген құжаттарда қамтылған мәліметтердің дұрыстығын, арнайы есепке алынып тіркелгенін тексереді, тексеруден кейін Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік бақылау актісін (бұдан әрі – Акт) ресімдейді.

Мемлекеттік бақылаушы Актіде көрcетiлген өңделмеген табиғи алмастың келісімшартта және ілеспе құжаттарда көрсетілген деректерге сәйкестігін/сәйкессіздігін жазады.
Сәйкессіздіктер болмаған жағдайда мемлекеттік бақылаушы Актінің көрсетілген бөлімінде «тауарлар қойылған талаптарға сәйкес келедi» деген жазба жасайды.
Сәйкессіздіктер анықталған жағдайда «тауарлар қойылған талаптарға сәйкес келмейді» деген жазба жасалады және тауар әкетуге жатады.

13 13. Акт Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде ресімделеді және мәлімдеушіге беріледі.

14 14. Акт үш данада жасалады: бірінші және екінші данасы мәлімдеушіге табыс етіледі. Бірінші данасы кеден органдарына ұсынуға арналған. Үшінші данасы уәкілетті органда қалады. Актіге мемлекеттік бақылаушы қол қояды.

Мемлекеттік бақылаушы «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы берілген актілер тізілімін жүргізуді жүзеге асырады.

15 15. Өңделмеген табиғи алмасты әкелу кезінде мемлекеттік бақылаудан өткеннен кейін мәлімдеуші Қазақстан Республикасының және Кеден одағының кедендік заңнамасына сәйкес тауарларды кедендік декларациялаумен байланысты кедендік операцияларды жүргізеді.

16

16. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттарда кедендік аумақта өңделмеген табиғи алмасты кедендік қайта өңдеу рәсіміне орналастыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына кірмейтін елдерден тауарларды әкелу Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген құжаттарды ұсынған кезде жүзеге асырылады.
Өңделмеген табиғи алмасты қайта өңдеу шарттары туралы құжатты алу үшін мәлімдеуші уәкілетті органға жүгінеді және мынадай құжаттарды ұсынады:

1 1) ұйымның арнайы есепке қойылғанын растайтын құжат;

2 2) қоса берілген ерекшелікпен бірге, өңделмеген табиғи алмасты қайта өңдеуге арналған келiсiмшарттың (шарттың) көшiрмесі;

3 3) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес келісімшарт бойынша гауhарларды өлшемдік-таразылық топтары бойынша дайындау болжамының есебi;

4 4) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес келісімшарт бойынша қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормаларының есебі;

5 5) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес келісімшарт бойынша өңделмеген табиғи алмасты пайдалану туралы анықтама;

6 6) өңделмеген табиғи алмастар қайта сұрыпталған жағдайда Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес өңделмеген табиғи алмасты қайта сұрыптау туралы анықтама беріледі, оның негізінде көрсетілген анықтама жасалған құжаттардың көшірмелерімен қоса ұсынылады;

7 7) өңделмеген табиғи алмастар қарулы қақтығыс аймақтарында («күмәнді алмасты») өндірілмегендігі туралы растама;

8 8) өңделмеген табиғи алмасты сату-сатып алу келісімшарттарының (шарттардың) және келісімшарттың (шарттың) талаптарына сәйкес меншiк құқығына ауысуды растайтын құжаттардың көшірмелері;

9 9) мәлімдеуші резидентi болып табылатын Кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкiлеттi органы берген өңделмеген табиғи алмастар мен мәмілелердi есепке алу туралы хабарламалардың көшiрмелері;

10 10) Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес қайта өңдеуге әкелінетін өңделмеген табиғи алмастың тізбесі;

11 11) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес өңделмеген табиғи алмастың қайта өңделген әкелінетін өнімдерінің тізбесі.

Өңделмеген табиғи алмасты қайта өндеу шарттары туралы құжатты қарау нәтижесі бойынша уәкілетті орган гауhарларды дайындау мақсатында мәлімдеушінің өңделмеген табиғи алмасты өзінің өндiрiстiк қызметiнде пайдалануы туралы жазбаша растамамен Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес қайта өңдеуге әкелінетін өңделмеген табиғи алмастың тізбесін және Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес өңделмеген табиғи алмастың қайта өңделген әкелінетін өнiмдерiнiң тiзбесін мәлімдеушінің атына жібереді.
Өңделмеген табиғи алмасты қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беру мерзімі өтінім берілген күнінен бастап он жұмыс күнін құрайды.

3 3. Өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағынан әкету тәртібі

17 17. Осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына кірмейтін елдерге әкету кезінде (бұдан әрі - әкету) мәлімдеуші мемлекеттік бақылау және сараптау (сәйкестендіру) рәсімдерінен өтеді.

18 18. Мәлімдеуші уәкілетті ұйымда өңделмеген табиғи алмастың сараптамасынан (сәйкестендіруінен) өтеді.

Сараптамадан өту кезінде мемлекеттік бақылаушыға Қағидалардың 21-тармағының 1)-10) тармақшаларында көзделгендерден басқа, қосымша құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

19 19. Өңделмеген табиғи алмасты сараптауды (сәйкестендіруді) жүргізу үшін уәкілетті ұйымның өкілі мәлімделген өңделмеген табиғи алмастардан зерттеу үшін сынама алады.

20

20. Әкетілетін өңделмеген табиғи алмасты сараптау (сәйкестендіру) үш жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Сараптама (сәйкестендіру) қорытындысы бойынша үш данада сараптамалық қорытынды жасалады. Бірінші және екінші даналары мәлімдеушіге беріледі. Бірінші данасы мемлекеттік бақылаушыға беруге арналған. Үшінші данасы уәкілетті ұйымда қалады.

21 21. Өңделмеген табиғи алмасты әкету кезінде мемлекеттік бақылаудан өту үшін мәлімдеуші мемлекеттік бақылаушыға мынадай құжаттарды ұсынады:

1 1) ұйымның деректемелері көрсетілген өтінім-хат және мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті қоса берілетін құжаттардың тізбесі;

2 2) ұйымның арнайы есепке қойылғанын растайтын құжат;

3 3) өңделмеген табиғи алмастың экспортына арналған лицензияның көшірмесі;

4

4) орыс тіліндегі келісімшарттың (шарттың, келісімнің) көшірмесі, оның негізінде өңделмеген табиғи алмасты әкету жүзеге асырылады, егер келісімшарт орыс тілінде болмаған жағдайда, онда мәлімдеуші келісімшарттың (шарттың, келісімнің) көшірмесіне мәлімдеуші бекіткен және куәландырылған (мәлімдеушінің лауазымын және күнін, қолы мен мөрін көрсете отырып) аудармасын қоса береді;

5 5) өңделмеген табиғи алмастарға ерекшелік;

6 6) Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәлімдеуші ұсынған өңделмеген табиғи алмастар құнының есебі;

7

7) беру актілері және ерекшеліктер (жинақтау ведомостері) бар, (оның ішінде, егер осы келісімшарт (шарт) бойынша өңделмеген асыл тастар партиясының бір бөлігі әкетілген жағдайда) Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағында өңделмеген табиғи алмасты сатып алуға арналған келісімшарттардың (шарттардың) көшірмесі;

8 8) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен берілген өңделмеген табиғи алмасты сатып алуға берiлген келiсiмшарттар (шарттар) бойынша (өңделмеген табиғи алмасты Кеден одағына мүше мемлекеттердiң iшкi нарығында сатып алу) экспорттаушының мәмiлелерiн есепке алу туралы растама.

Экспорттаушылар мәмілелерін есепке алуды уәкілетті орган жүргізеді.

9 9) Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес әрбiр шикiзат шарты бойынша өңделмеген табиғи алмастың әкетілетін партиясының салмағы және құны туралы жалпы анықтама;

10 10) жауапты өкілдің жеке басын куәландыратын және оған құжаттар мен тауарларды ұсыну құқығын беретін ұйымның сенімхаты;

11 11) уәкілетті ұйымның сараптамалық қорытындысы.

22 22. Мемлекеттік бақылаушы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген құжаттарда қамтылған мәліметтердің дұрыстығын тексереді, тексеруден кейін Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік бақылау актісін (бұдан әрі – Акт) ресімдейді.

Актіде мемлекеттік бақылаушы:

1 1) келісімшартта және ілеспе құжаттарда көрсетілген деректерге ұсынылған өңделмеген табиғи алмастың сәйкестігін/сәйкес еместігін;

2 2) өңделмеген табиғи алмастың құнын бағалауды;

3 3) өңделмеген табиғи алмастармен мәмілелер жасаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптары бұзылуының болуын/болмауын жазады.

Сәйкессіздіктер болмаған кезде мемлекеттік бақылаушы Актінің көрсетілген бөлімінде «тауарлар ұсынылған талаптарға сәйкес келеді» деген жазба жасайды және мәлімдеуші кедендік декларациялау рәсімінен өтеді.
Сәйкессіздіктер анықталған жағдайда «тауарлар ұсынылған талаптарға сәйкес келмейді» деген жазба жасалады және ұсынылған тауар әкетуге жатпайды.

23 23. Акт Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде ресімделеді және мәлімдеушіге беріледі.

24 24. Акт үш данада жасалады: бірінші және екінші данасы мәлімдеушіге табыс етіледі. Бірінші данасы кеден органына ұсынуға арналған. Үшінші данасы уәкілетті органда қалады. Актіге мемлекеттік бақылаушы қол қояды.

Мемлекеттік бақылаушы «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы берілген актілер тізілімін жүргізуді жүзеге асырады.

25 25. Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру кезінде бұзушылықтар болмаған жағдайда мемлекеттiк бақылаушы мемлекеттік бақылау актiсімен бiр уақытта Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының сертификатын (бұдан әрi – Сертификат) ресімдейді және береді.

26 26. Өңделмеген табиғи алмасты әкету кезінде кедендік декларациялау мақсаты үшін Сертификат міндетті құжат болып табылады және ол оған қол қойылған күнінен бастап алпыс күн ішінде қолданыста болады.

27 27. Сертификаттарды ресімдеу және беру тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

28 28. Өңделмеген табиғи алмасты әкету кезінде мынадай талаптар сақталуға тиіс:

1 1) өңделмеген табиғи алмастың тиiстi партиясы сатуға ұсынылған күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының iшкi нарығында сатылмауы;

Өңделмеген табиғи алмасты сату туралы ұсыныс Кеден одағы комиссиясы хатшылығының ресми сайтында жарияланады;

2 2) экспорттық келісімшартта белгіленген әкетілетін партияның бағасы осы партия Қазақстан Республикасының iшкi нарығында ұсынылған бағадан төмен емес.

Өңделмеген табиғи алмастар, егер сыртқы сауда шартында белгіленген келісімшарттық құны мемлекеттiк бақылаудан өту үдерісінде мемлекеттік бақылаушы белгілеген жалпы құннан аз болса, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілмейді.

29 29. Қазақстан Республикасы аумағынан Кеден одағына кірмейтін елдерге өңделмеген табиғи алмасты әкету кезінде кедендік аумақтан тыс өңдеудің кедендік рәсімінде оның сомасын кейін қайтару арқылы кедендік баждың әкету төлемін қамтамасыз етуді міндетті түрде енгізген жағдайда жүзеге асырылады.

30

30. Өңделмеген табиғи алмасты Кедендік декларациялау жүргізілгенге дейін кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудiң кедендiк рәсіміне орналастыру үшін беру осы Қағидалардың 16-тармағында көзделген оларды әкелу кезінде қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беру тәртібіне ұқсас жүзеге асырылатын қайта өңдеу шарттары туралы құжатты ұсыну қажет.

2.1 _____ _________ № ___ келісімшарт бойынша өлшемдік-салмақтық топтар бойынша гауhар дайындау болжамының есебі

Кимберлий үдерісінің сертификаттау
схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи
алмасты Қазақстан Республикасының
аумағына әкелу және Қазақстан
Республикасының аумағынан әкету
қағидаларына
1-қосымша
Бекітемін ___________________________________
(Мәлімдеушінің басшысы лауазымының атауы)
_______________________
(Мәлімдеушінің атауы)
М.О. ____________________
(қолы, Т.А.Ә.)
«____» ______________ 20___ж.
(Мәлімдеушінің атауы)
_____ _________ № ___ келісімшарт бойынша өлшемдік-салмақтық топтар бойынша гауhар дайындау болжамының есебі
1-кесте
Р/с №
Ал­мас ши­кi­за­ты­ның си­патта­ма­сы және өл­шем­дiк – сал­мақ­тық то­бы
Ал­мас ши­кі­за­ты­ның сал­ма­ғы, ка­ра­ты
Гауhар­дың өл­шем­дiк - сал­мақ­тық то­бы
Гауhар­дың сал­ма­ғы, ка­рат
Ал­мас ши­кi­за­ты­на қа­ты­сты гауhар­дың сал­ма­ғы­ның %
ең аз
ең көп
ор­та­ша мәні
ең аз
ең көп
ор­та­ша мәні
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
1
90-120 және <
60-90
40-60
30-40
25-30
20-25
15-20
10-15
7-10
6-7
5-6
4-5
3,4-4
0,30-0,39
0,40-0,49
0,50-0,59
және т.б.
ЖИЫ­НЫ:
2
ЖИЫ­НЫ:
2-кесте
_________ № ___ келісімшарт бойынша бөлу қорытындысы
Гауhар­дың өл­шем­дiк - сал­мақ­тық то­бы
Гауhар­дың сал­ма­ғы, ка­рат
ең аз
ең көп
ор­та­ша мәні
1
2
3
4
90-120 және <
60-90
40-60
30-40
25-30
20-25
15-20
10-15
7-10
6-7
5-6
4-5
3,4-4
0,30-0,39
0,40-,49
0,50-0,59
ЖИЫ­НЫ:
Ескертпе:
Мәлімдеушінің технологиялық қызметі
басшысы лауазымының атауы       __________________ ________________
(Т.А.Ә.)          (қолы)

2.2 20___ж. _________ №_____ келісімшарт бойынша қайта өңдеу өнiмдерiнiң шығу нормаларының есебі

Кимберлий үдерісінің сертификаттау
схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи
алмасты Қазақстан Республикасының
аумағына әкелу және Қазақстан
Республикасының аумағынан әкету
қағидаларына
2-қосымша
Бекітемін ___________________________________
(Мәлімдеушінің басшысы лауазымының атауы)
_______________________
(Мәлімдеушінің атауы)
М.О. ____________________
(қолы, Т.А.Ә.)
«____» ______________ 20___ж.
(Мәлімдеушінің атауы)
20___ж. _________ №_____ келісімшарт бойынша қайта өңдеу өнiмдерiнiң шығу нормаларының есебі
Р/с №
Ал­мас ши­кі­за­ты­ның сал­ма­ғы, ка­рат
Гауhар­лар­дың сал­ма­ғы, ка­рат
Қай­та өң­деу өнім­де­рі­нің шы­ғыс нор­ма­ла­ры %
ең аз
ең көп
ор­та­ша мәні
ең аз
ең көп
ор­та­ша мәні
1
2
3
4
5
6
7
8
Ескертпе:
20__ж. __________ №______ келісімшарт бойынша қалдықтар санының есебі
Ал­мас ши­кі­за­ты­ның сал­ма­ғы, ка­рат
Қал­дық­тар­дың са­ны, ка­рат
Ал­мас ши­кі­за­ты сал­ма­ғы қал­дық­та­ры­ның са­ны С қалд., %
ең аз
ең көп
ең аз
ең көп
Қалдықтардың саны мына формула бойынша есептеледі:
Сқалд.= С а/ш * Сқалд
мұнда,
С қалд. – алмас шикізатын өңдеу кезінде алынатын қалдықтар салмағы, карат
С а/ш - алмас шикізатының салмағы, карат
С қалд. – қалдықтар санының статистикалық коэффициенті, %
Мәлімдеушінің технологиялық қызметі
басшысы лауазымының атауы      __________________ ________________
(Т.А.Ә.)          (қолы)

2.3 ________ № ________ келісімшарт бойынша өңделмеген табиғи алмастарды пайдалану туралы анықтама

Кимберлий үдерісінің сертификаттау
схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи
алмасты Қазақстан Республикасының
аумағына әкелу және Қазақстан
Республикасының аумағынан әкету
қағидаларына
3-қосымша
________ № ________ келісімшарт бойынша өңделмеген табиғи алмастарды пайдалану туралы анықтама
Р/с №
Iш­кi на­рық­қа са­тып алын­ған ал­мас ши­кi­зат
ке­лі­сім­шарт (шарт)
са­ту­шы
бе­ру ак­ті­сі
жи­нақ­тау ве­до­мо­сы
сал­ма­ғы, ка­рат
есеп­тiк құ­ны, АҚШ дол­ла­ры

кү­ні

кү­ні

кү­ні
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
Ве­до­мо­ста­ры бой­ын­ша ЖИЫ­НЫ:
БАР­ЛЫ­ҒЫ:
кестенің жалғасы
Бұ­рын қай­та өң­де­у­ге және экс­порт­қа мә­лім­дел­ген ал­мас ши­кi­за­ты
Қай­та­дан өң­де­у­ге әке­ті­ле­тін ал­мас ши­кi­за­ты
Ал­мас ши­кi­за­ты­ның қал­ды­ғы
сал­ма­ғы, ка­рат
есеп­тiк құ­ны, АҚШ дол­ла­ры
ке­лі­сім­шар­ттың ба­ға­сы, АҚШ дол­ла­ры
сал­ма­ғы,ка­рат
есеп­тік құ­ны, АҚШ дол­ла­ры
шар­ттың ба­ға­сы, АҚШ дол­ла­ры
сал­ма­ғы, ка­рат
есеп­тік құ­ны, АҚШ дол­ла­ры
11
12
13
14
15
16
17
18
Мәлімдеуші лауазымының атауы           Мемлекеттік органның уәкілетті
тұлғасы лауазымының атауы
______________  ________________     ______________  ________________
(қолы)         (Т.А.Ә.)              (қолы)         (Т.А.Ә.)
Мәлімдеушінің Бас бухгалтері
______________  ________________
(қолы)         (Т.А.Ә.)
М.О.                              М.О.

2.4 Қайта сұрыптау туралы шарт бойынша өңделмеген табиғи алмастарды қайта сұрыптау туралы анықтама __________ № ______

Кимберлий үдерісінің сертификаттау
схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи
алмасты Қазақстан Республикасының
аумағына әкелу және Қазақстан
Республикасының аумағынан әкету
қағидаларына
4-қосымша
Мәлімдеуші: ____________
Қайта сұрыптау туралы шарт бойынша өңделмеген табиғи алмастарды қайта сұрыптау туралы анықтама __________ № ______
Р/с №
Өң­дел­ме­ген және та­би­ғи ал­ма­ста­ры бар мәмi­ленiң есеп­тiк нө­мiрі және есеп­ке алу кү­ні
Өң­дел­ме­ген және та­би­ғи ал­ма­ста­ры бар мәмi­ле ак­тi­сінiң нө­мiрі және кү­ні
Іш­кi на­рық­та са­тып ал­ған ал­мас ши­кi­зат
Оның iшiн­де, қай­та сұ­рып­та­у­ға жі­бе­рі­л­ген ал­мас ши­кi­за­ты
ке­лі­сім­шар­ттың (шар­ттың) №
кү­ні
ак­ті­лер бе­ру №№
кү­ні
са­ту­шы
сал­ма­ғы, ка­рат
құ­ны, АҚШ дол­ла­ры
са­ны, да­на
сал­ма­ғы, ка­рат
есеп­тік құ­ны, АҚШ дол­ла­ры
20_ жыл ішін­де­гі жиы­ны:
20_ жыл ішін­де­гі жиы­ны:
бар­лы­ғы:
Па­кет­тер­ді бі­рік­ті­ру ке­зін­де­гі  ( ____ № ___ та­ра­зы­лық ауыт­қу­лар­дың ак­тi­сі) та­ра­зы­ның ай­ыр­ма­шы­лы­ғы
қай­та сұ­рып­та­у­ға (құн­ды­лық­та­ры бар жө­нел­ті­лім­дер­ді қа­был­дау ту­ра­лы тiзiлiм  №_ , ак­ті №_____, жүк­құ­жат ерекше­лі­гі №_____) жi­берiл­ген
Қай­та сұ­рып­та­у­ға қа­был­дау ке­зін­де­гі сал­мақ­тық ай­ыр­ма­шы­лық (ашу және қа­рап шы­ғу ак­ті­сі № __)
Қай­та сұ­рып­та­у­ға қа­был­дан­ды
Тех­но­ло­ги­я­лық шы­ғын­дар (пар­тия бой­ын­ша а/та­стар­мен жа­са­ла­тын тех­но­ло­ги­я­лық опе­ра­ци­я­лар ак­ті­сі №__)
Қай­та сұ­рып­та­удан кей­ін­гі құн­ды­лық­тар­ды бе­ру ак­ті­сі № ___  (№___  жи­нақ­тау ве­до­мо­сы)
Орын­дал­ған жұ­мыстар­ды қа­был­дау-тап­сы­ру ак­ті­сі № _______
Мәлімдеушінің басшысы лауазымының атауы       _______________(Т.А.Ә.)
(қолы)
Мәлімдеушінің
бас бухгалтері                                _______________(Т.А.Ә.)
(қолы)
М.О.

2.5 Қайта өңдеуге әкелінетін (әкетілетін) өңделмеген табиғи алмас ТІЗБЕСІ

Кимберлий үдерісінің сертификаттау
схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи
алмасты Қазақстан Республикасының
аумағына әкелу және Қазақстан
Республикасының аумағынан әкету
қағидаларына
5-қосымша
Үлгі
Қайта өңдеуге әкелінетін (әкетілетін) өңделмеген табиғи алмас ТІЗБЕСІ
Р/с №
Мә­лім­де­у­ші­нің ата­уы
Ке­лі­сім-шар­ттың кү­ні және нө­мі­рі
КО СЭҚ ТН бой­ын­ша та­у­ар­дың ата­уы
КО СЭҚ ТН бой­ын­ша та­у­ар­дың ко­ды
КО СЭҚ ТН бой­ын­ша та­у­ар­дың өл­шем бір­лі­гі
Та­у­ар са­ны
Та­у­ар ба­ға­сы, АҚШ дол­ла­ры
Та­у­ар­ды де­кла­ра­ци­я­ла­уды жүр­гі­зе­тін ке­ден ор­га­ны
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Мәлімдеушінің басшысы            Мемлекеттік органның уәкілетті адамы
лауазымының атауы                лауазымының атауы
_____________ _________          _____________ _________
(қолы)      (Т.А.Ә.)              (қолы)      (Т.А.Ә.)
Мәлімдеушінің бас бухгалтері              _____________ _________
(қолы)      (Т.А.Ә.)
М.О.                                М.О.

2.6 Қайта өңдеуге әкелінетін (әкетілетін) өңделмеген табиғи алмастардың ТІЗБЕСІ

Кимберлий үдерісінің сертификаттау
схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи
алмасты Қазақстан Республикасының
аумағына әкелу және Қазақстан
Республикасының аумағынан әкету
қағидаларына
6-қосымша
Үлгі
Қайта өңдеуге әкелінетін (әкетілетін) өңделмеген табиғи алмастардың ТІЗБЕСІ
Р/с №
Мә­лім­де­у­ші­нің ата­уы
Ке­лі­сім-шарт, кү­ні және нө­мі­рі
КО СЭҚ ТН бой­ын­ша та­у­ар­дың ата­уы
КО СЭҚ ТН бой­ын­ша та­у­ар ко­ды
КО СЭҚ ТН бой­ын­ша та­у­ар­дың өл­шем бір­лі­гі
1
2
3
4
5
6
кестенің жалғасы
Та­у­ар ба­ға­сы, АҚШ дол­ла­ры
са­ны ( ___-нан ___­ға дей­ін ара­лы­ғын­да)
Та­у­ар­ды де­кла­ра­ци­я­ла­уды жүр­гі­зе­тін ке­ден ор­га­ны
Та­у­ар өнi­мі
Қай­та өң­деу өнім­де­рі
Шы­ғын
7
8
9
10
11
Мәлімдеушінің басшысы            Мемлекеттік органның уәкілетті адамы
лауазымының атауы                лауазымының атауы
_____________ _________          _____________ _________
(қолы)      (Т.А.Ә.)              (қолы)      (Т.А.Ә.)
Мәлімдеушінің бас бухгалтері              _____________ _________
(қолы)      (Т.А.Ә.)
М.О.                                М.О.

2.7 Өңделмеген табиғи алмастың жалпы құны есебінің ұсынылатын нысаны

Кимберлий үдерісінің сертификаттау
схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи
алмасты Қазақстан Республикасының
аумағына әкелу және Қазақстан
Республикасының аумағынан әкету
қағидаларына
7-қосымша
Өңделмеген табиғи алмастың жалпы құны есебінің ұсынылатын нысаны
Са­ны, сал­ма­ғы
Ба­ға­сы (АҚШ дол­ла­ры)
Негі­зі (прейс-ку­рант­тың және прейс­ку­рант бой­ын­ша по­зи­ци­я­ның нө­мiрi)
Ке­лі­сім­шар­ттық құ­ны (АҚШ дол­ла­ры) (2х3-бағ.)
Жал­пы құ­ны (АҚШ дол­ла­ры) (2х4-бағ.)
ке­лі­сім­шар­ттық
прейс­ку­рант
1
2
3
4
5
6

2.8 ______________________ № ________________ экспорттық келісімшартқа өңделмеген табиғи алмасты пайдалану туралы анықтама

Кимберлий үдерісінің сертификаттау
схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи
алмасты Қазақстан Республикасының
аумағына әкелу және Қазақстан
Республикасының аумағынан әкету
қағидаларына
8-қосымша
______________________ № ________________ экспорттық келісімшартқа өңделмеген табиғи алмасты пайдалану туралы анықтама
Р/с №
Ши­кі­зат құ­жат­та­ры­ның №, кү­ні
Бе­ру ак­ті­ле­рі­нің №, жи­нақ­тау ве­до­мо­ста­ры­ның №
Ке­лі­сім­шар­ттар, бе­рі­ле­тін ак­ті­лер, жи­нақ­тау ве­до­мо­ста­ры бой­ын­ша өң­дел­ме­ген та­би­ғи ал­мас
Экс­порт­қа өт­кі­зу үшін өң­дел­ген асыл та­стар­ды дай­ын­да­у­ға ар­нал­ған пай­да­ла­ны­л­ған өң­дел­ме­ген та­би­ғи ал­мас
Іш­кі на­рық­та өт­кі­зу үшін өң­дел­ген асыл та­стар­ды дай­ын­да­у­ға ар­нал­ған пай­да­ла­ны­л­ған өң­дел­ме­ген та­би­ғи ал­мас
сал­ма­ғы, ка­рат
ба­ға­сы, АҚШ дол­ла­ры
сал­ма­ғы, ка­рат
ба­ға­сы, АҚШ дол­ла­ры
сал­ма­ғы, ка­рат
ба­ға­сы, АҚШ дол­ла­ры
кестенің жалғасы
Іш­кі на­рық­та са­ты­л­ған өң­дел­ме­ген та­би­ғи ал­мас
Бұ­рын әке­ті­л­ген өң­дел­ме­ген та­би­ғи ал­мас
Әке­ту­ге мә­лім­ден­ген өң­дел­ме­ген та­би­ғи ал­мас
Қой­ма­да­ғы неме­се өн­ді­рі­сте­гі өң­дел­ме­ген та­би­ғи ал­мас қал­ды­ғы
сал­ма­ғы, ка­рат
ба­ға­сы, АҚШ дол­ла­ры
сал­ма­ғы, ка­рат
ба­ға­сы, АҚШ дол­ла­ры
сал­ма­ғы, ка­рат
ба­ға­сы, АҚШ дол­ла­ры
сал­ма­ғы, ка­рат
ба­ға­сы, АҚШ дол­ла­ры
Кәсіпорын басшысы
Бас бухгалтер,
М.О.

3 Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдарды таңбалау қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 23 қарашадағы
№ 1479 қаулысымен
бекітілген
Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдарды таңбалау қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдарды таңбалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің (Кеден одағының жоғары органы) «Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Кеден одағын бірыңғай тарифтік емес реттеу туралы» ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің (Кеден одағының жоғары органы) 2009 жылғы 27 қарашадағы № 19 шешімімен бекітілген Бағалы металдарды, асыл тастарды және құрамында бағалы металдар бар шикізаттық тауарларды ЕурАзЭҚ шеңберінде Кеден одағының кедендік аумағына әкелу және ЕурАзЭҚ шеңберінде Кеден одағының кедендік аумағынан әкету тәртібі туралы ережеге сәйкес әзірленді.

2 2. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдар (бұдан әрі - зергерлік бұйымдар) осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен сынамалауға және таңбалауға жатады.

3 3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізі ұғымдар:

1 1) сынама – бағалы металл қорытпасының мыңдаған салмақтық бөліктеріндегі таза бағалы металдың салмақтық бөліктерінің саны;

2 2) бағалы металл қорытпасы – кемінде біреуі бағалы болып табылатын екі немесе одан да көп металдан жасалған қатты қоспа;

3 3) сынамалық таңба – зергерлік бұйымға салынатын, осындай бұйымдағы бағалы металл сынамасын растайтын белгіленген үлгідегі белгі;

4 4) таңбалау – зергерлік бұйымдарға сынамалық таңбалау бедерін салу;

5 5) сынамалау – зергерлік бұйымдардың сынамасын белгіленген әдістермен айқындау немесе растау;

6 6) бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдар – бағалы металдардан және олардың қорытпаларынан, басқа да әртүрлі көркемдік өңдеуді пайдаланып жасалған асыл, өнделген, түрлі-түсті тастар және өзге де табиғи немесе жасанды материалдар орнатылған немесе орнатылмаған бұйымдар;

7 7) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті;

8 8) уәкілетті ұйым – асыл тастарға, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарға сараптама жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ұйым;

9

9) мәлімдеуші – кәсіпкерлік қызмет субъектісі ретінде тіркелген, Кеден одағына мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасына сәйкес бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыруға құқығы бар және уәкілетті органның арнайы есебінде тұрған заңды және жеке тұлғалар.

4 4. Осы Қағидалар:

1 1) сынамасы:

платина қорытпасы үшін 900-ден;
алтын қорытпасы үшін 375-тен;
палладий қорытпасы үшін 500-ден;
күміс қорытпасы үшін 800-ден төмен бағалы металдар қорытпасынан жасалған зергерлік бұйымдарға;

2 2) бағалы металдар мен олардың қорытпаларынан жасалған, ғылыми, өндірістік, медициналық, стоматологиялық, ветеринариялық және басқа арнайы мақсаттарға арналған аспаптарға, зертханалық ыдысқа және өзге де бұйымдарға;

3 3) бағалы металдардың, оның ішінде бағалы металдардан жасалған бұйымдарға әшекей ретінде пайдаланылатын саф металдарға;

4 4) алтын түстес бағалы металдарға;

5 5) бағалы металдар құймаларына;

6 6) қолданыстан алынған монеталарды қоса алғанда, эмиссиядан өткен бағалы металдардан жасалған монеталарға;

7 7) шыбық, жолақ, сым және түтік секілді шала өнімдерге;

8 8) бағалы металдармен қапталған бағалы емес металдардан жасалған бұйымдарға;

9 9) Қазақстан Республикасының заңнамасында құқықтық мәртебесі айқындалған мемлекеттік наградаларға;

10 10) автоқаламдарға арналған бағалы металдардан жасалған қауырсындарға қолданылмайды.

2 2. Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдарды таңбалау тәртібі

5 5. Зергерлік бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде мәлімдеуші зергерлік бұйымдарды сараптау және мемлекеттік бақылау рәсімдерінен өтеді.

6 6. Зергерлік бұйымдарды сараптау үдерісінде уәкілетті ұйым зергерлік бұйымдарды сынамалауды және таңбалауды жүзеге асырады.

7 7. Уәкілетті ұйым әкелінетін зергерлік бұйымдардың белгіленген сынамаға сәйкестігін тексереді.

8 8. Зергерлік бұйымдарды сынамалау Қазақстан Республикасында қолданылатын стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес жүргізіледі.

9 9. Әкелінетін зергерлік бұйымдар сынамасының сәйкестігі анықталғаннан кейін уәкілетті ұйым зергерлік бұйымдарды таңбалауды жүзеге асырады.

Қолданыстағы