Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил электронного учета данных о поверяемых средствах измерений и их передачи в государственный научный метрологический центр

Бұйрық · № 350 · қабылданған 28.09.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-68753/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Правил электронного учета данных о поверяемых средствах измерений и их передачи в государственный научный метрологический центр Қолданыста Бұйрық ·№ 350 ·28.09.2012
08.11.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.11.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил электронного учета данных о поверяемых средствах измерений и их передачи в государственный научный метрологический центр

Қолданыста Бұйрық ·№ 350 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил электронного учета данных о поверяемых средствах измерений и их передачи в государственный научный метрологический центр
Атауы (қаз.)
Салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректердің электрондық есебі және оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа беру туралы қағидаларды бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
350
Қабылданған күні
28.09.2012
Көрсетілген редакция
08.11.2024 68753_728777.kaz
Соңғы өзгеріс
08.11.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200008057
ЭКБ идентификаторы
68753
Редакция идентификаторы
68753_728777
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:14

0 Салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректердің электрондық есебі және оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа беру туралы қағидаларды бекіту туралы

«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректердің электрондық есебі және оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа беру туралы қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;

3 3) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

3

3. «Салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректердің электрондық есебі және оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа беру туралы ережені бекіту туралы» (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілердің тіркеу тізілімінде № 3435 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2005 жылғы 20 қаңтардағы № 14 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Қ.А. Тулеушинге жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректердің электрондық есебі және оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа беру туралы қағидалар

Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрінің орынбасары – Қазақстан
Республикасы Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің 2012 жылғы
28 қыркүйектегі № 350 бұйрығымен
бекітілген
Салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректердің электрондық есебі және оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа беру туралы қағидалар

1

1. Осы Салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректердің электрондық есебі және оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа беру туралы қағидалары «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын жағдайларды қоспағанда, салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректердің электрондық есебі және оларды Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа (бұдан әрі - МҒМО) беру тәртібін айқындайды.

2 2. Салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректердің электрондық есепке алынуы өлшем құралдарына салыстырып тексеру жүргізу құқығына аккредиттелген заңды тұлғалар (бұдан әрі – Салыстырып тексеру зертханалары) ұсынатын деректерді тіркеу арқылы жүзеге асырылады.

3 3. Салыстырып тексеру зертханалары салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректердің электрондық есебін және оларды МҒМО-ға беруді техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификатты ресімдеу жолымен жүзеге асырады.

4 4. Салыстырып тексеру зертханалары техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы сертификатты ресімдеу кезінде мынадай мәліметтерді көрсетеді:

1 1) өлшем құралының салыстырып тексеру туралы сертификаттың (жарамсыздығы туралы хабарламаның) нөмірі және (немесе) өздігінен желімделетін лейблдің нөмірлік коды;

2 2) өлшем құралының (эталонның) атауы;

3 3) типі, белгіленуі;

4 4) зауыттық нөмірі (деректер болған жағдайда);

5 5) өлшем құралының өлшеу диапазоны;

6 6) дайындаушы (деректер болған жағдайда);

7 7) дайындалған күні (деректер болған жағдайда);

8 8) пайдаланушы (деректер болған жағдайда);

9 9) салыстырып тексеру жөніндегі нормативтік құжаттың белгіленуі мен атауы;

10 10) салыстырып тексеру кезінде пайдаланылатын эталон мен қосалқы жабдықтың белгіленуі;

11 11) класс немесе басқа да дәлдік сипаттамалары;

12 12) өлшеуді бақылап тексеру туралы ақпарат;

13 13) салыстырып тексеру күні;

14 14) өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттың немесе өздігінен желімделетін лейблдің жарамдылық мерзімі;

15 15) бөлім (зертхана) басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда);

16 16) салыстырып тексерушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда);

17 17) лейблдер, пломбалар бойынша мәліметтер.

5 5. Салыстырып тексеру зертханалары ұсынатын деректер автоматты режимде келіп түскен сәттен бастап техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде есепке алынады.

Қолданыстағы