Құжат мәтініне өту

Об оказании дополнительной социальной помощи

Қаулы · № 323 · қабылданған 13.11.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-68780/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об оказании дополнительной социальной помощи Күшін жойған Қаулы ·№ 323 ·13.11.2012
03.12.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.12.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании дополнительной социальной помощи

Күшін жойған Қаулы ·№ 323 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании дополнительной социальной помощи
Атауы (қаз.)
Қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
323
Қабылданған күні
13.11.2012
Көрсетілген редакция
03.12.2014 AI68780_2.kaz
Соңғы өзгеріс
03.12.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12VP002745
ЭКБ идентификаторы
68780
Редакция идентификаторы
AI68780_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:54

0 Қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11 бабының 2 тармағының 3) тармақшасына, 15, 16 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес Тарбағатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге құқығы бар тұлғаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін (бұдан әрі - әлеуметтік көмек).

2 2. Әлеуметтік көмек әр мүгедек балаға ай сайын жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ұсынылсын.

3 3. Мынадай шарттар белгіленсін:

1 1) мүгедек балаларға (мемлекеттің толық қамтуындағы мүгедек балалардан басқа) әлеуметтік көмек отбасының табысына қатыссыз, үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек баланың ата-анасының немесе заңды өкілінің біреуіне төленеді;

2 2) әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап, «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі жанындағы ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысына белгіленген мерзім аяқталғанға дейін беріледі;

3 3) әлеуметтік көмекті төлеу қаржыландырудың түсуіне қарай өткен айға төленеді. Әлеуметтік көмек төлемін тоқтатуға әкеп соғатын (мүгедек баланың 18 жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектігін алып тастау), жағдайлар болса, тиісті жағдай болған айдан кейін төлем тоқтатылады.

4 4. «Тарбағатай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Ғ. Атықанов) әлеуметтік көмекті тағайындауды және төлеуді қамтамасыз етсін.

5 5. «Тарбағатай ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (М. Қайсанова), жергілікті бюджетте қарастырылған қаржы шегінде міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес әлеуметтік көмекті қаржыландыру бойынша мәселені шешсін.

6

6. Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № 270 «Үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді төлеу және тағайындау Нұсқаулығын бекіту туралы» қаулысының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2011 жылғы 29 қыркүйекте № 5-16-114 тiркелді, «Тарбағатай» газетінің 2011 жылғы 10 қазандағы № 82 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

7 7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Жақаевқа жүктелсін.

8 8. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы