Құжат мәтініне өту

О создании государственного учреждения "Государственный природный резерват "Алтын Дала" Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан

Қаулы · № 1496 · қабылданған 26.11.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-68795/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О создании государственного учреждения "Государственный природный резерват "Алтын Дала" Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 1496 ·26.11.2012
04.09.2015 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.09.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О создании государственного учреждения "Государственный природный резерват "Алтын Дала" Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 1496 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О создании государственного учреждения "Государственный природный резерват "Алтын Дала" Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Алтын Дала" мемлекеттік табиғи резерваты" мемлекеттік мекемесін құру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1496
Қабылданған күні
26.11.2012
Көрсетілген редакция
04.09.2015 AI68795_2.kaz
Соңғы өзгеріс
04.09.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200001496
ЭКБ идентификаторы
68795
Редакция идентификаторы
AI68795_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:46

0 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Алтын Дала" мемлекеттік табиғи резерваты" мемлекеттік мекемесін құру туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қостанай облысының Амангелді және Жангелдин аудандарының аумағында жалпы алаңы 489766 гектар, оның ішінде республикалық маңызы бар Сарықопа мемлекеттік табиғи қаумалы аумағын енгізіп Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерваты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын.

2

2. Осы қаулыға қосымша сәйкес жалпы алаңы 489766 гектар, оның ішінде Қостанай облысының Амангелді ауданының аумағында - 133987 гектар және Қостанай облысының Жангелдин ауданының аумағында - 355779 гектар жер учаскелері тұрақты жер пайдалануға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мекемеге берілсін.
Көрсетілген жер учаскелері босалқы жерлер санатынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері санатына ауыстырылсын.

3

3. Қостанай облысының әкімдігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мекеме жерлері төңірегінде күзет аймағын белгілеп, осы аймақ шегінде экологиялық жүйелердің жай-күйіне және оларды қалпына келтіруге келеңсіз әсер ететін кез келген қызметке тыйым салсын және (немесе) шектесін.

4 4. Мекемені қаржыландыру республикалық бюджетте ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұстауға көзделетін сома есебінен және шегінде республикалық бюджеттен жүзеге асырылады деп белгіленсін.

5 5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

6 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерваты» мемлекеттік мекемесіне тұрақты жер пайдалануға берілетін жер учаскелерінің экспликациясы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 26 қарашадағы
№ 1496 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерваты» мемлекеттік мекемесіне тұрақты жер пайдалануға берілетін жер учаскелерінің экспликациясы
гектар
Р/с №
Жер са­нат­та­ры­ның ата­уы
Жал­пы кө­ле­мі
Оның ішін­де ал­қап­тар бой­ын­ша
А/ш ал­қап­та­ры жиы­ны
оның ішін­де
суа­сты жер­ле­рі
жол астын­да­ғы жер­лер
бас­қа­ла­ры
жай­ы­лым
ша­бын­дық
1
2
3
4
5
6
7
8
9
1.
Қо­ста­най об­лы­сы Жан­гел­дин ауда­ны­ның босал­қы жер­ле­рі
355779,0
297879,0
293586,0
4293,0
44554,0
486,0
12860,0
2.
Қо­ста­най об­лы­сы Аман­гел­ді ауда­ны­ның босал­қы жер­ле­рі
133987,0
121427,0
115282,0
6145,0
360,0
600,0
11600,0
Бар­лы­ғы:
489766,0
419306,0
408868,0
10438,0
44914,0
1086,0
24460,0

1 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 26 қарашадағы
№ 1496 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

1 1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-5-жолмен толықтырылсын:
«21-5. «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерваты» мемлекеттік мекемесі».

2 2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3 3. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
6-бөлімде:
мына:
«
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стр­лі­гі оның аумақ­тық ор­ган­да­рын және оған ве­дом­ство­лық ба­ғы­ны­с­та­ғы мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер­ді ес­ке­ре оты­рып, оның ішін­де:
11656
»;
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стр­лі­гі оның аумақ­тық ор­ган­да­рын және оған ве­дом­ство­лық ба­ғы­ны­с­та­ғы мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер­ді ес­ке­ре оты­рып, оның ішін­де:
11768
»;
мына:
«
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стр­лі­гіне ве­дом­ство­лық ба­ғы­ны­с­та­ғы мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер, оның ішін­де:
5645
»;
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стр­лі­гіне ве­дом­ство­лық ба­ғы­ны­с­та­ғы мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер, оның ішін­де:
5757
»;
мына:
«
«Ақ­жай­ық» мем­ле­кет­тік та­би­ғи ре­зер­ва­ты
86
»;
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
«Ал­тын Да­ла» мем­ле­кет­тік та­би­ғи ре­зер­ва­ты»
112
».

Қолданыстағы