О некоторых вопросах лицензирования деятельности по перевозке пассажиров
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах лицензирования деятельности по перевозке пассажиров
- Атауы (қаз.)
- Жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1463
- Қабылданған күні
- 20.11.2012
- Көрсетілген редакция
- 25.02.2016 AI68880_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1200001463
- ЭКБ идентификаторы
- 68880
- Редакция идентификаторы
- AI68880_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 00:51
0 Жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қоса беріліп отырған жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.
2
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі лицензиар болып айқындалсын.
3 3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 20 қарашадағы
№ 1463 қаулысымен
бекітілген
Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі
р/с
№
Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды
Құжаттар
Ескертпе
1
2
3
4
1
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 ақпандағы № 203 бекітілген «Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылған талаптар» техникалық регламенті мен «Жолаушылар тасымалдары бойынша автокөлік қызметтері. Жалпы техникалық шарттар» 1040-2001 ҚР СТ талаптарына сәйкес келетін жеке немесе заңды тұлғаларға жеке меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі автобус пен шағын автобустар
жеке меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздерде иелігіндегі автобустар мен шағын автобустардың болуын растайтын құжаттардың көшірмелері
Мемлекеттік қызметті алушы салыстыру үшін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда, олардың нотариалдық куәландырылған көшірмелерін ұсынады
2
жеке меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тасымалдаушыға тиесілі жөндеу-өндірістік базасы не ұйыммен(дармен) жасасқан қызметтер көрсету туралы шарт
жеке меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тасымалдаушыға тиесілі жөндеу-өндірістік базасының болуын растайтын құжаттардың не ұйыммен(дармен) жасасқан қызметтер көрсету туралы шарттың көшірмелері
Мемлекеттік қызметті алушы салыстыру үшін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда, олардың нотариалдық куәландырылған көшірмелерін ұсынады
3
автобустар мен шағын автобустарды рейс алдында техникалық тексеруді (инженер-механик) және жүргізушілерді рейс алдында (ауысым алдында) медициналық тексеруді жүргізу үшін білікті мамандар не осындай қызметті жүзеге асыратын тиісті ұйымдармен шарттар
автобустар мен шағын автобустарды рейс алдында техникалық тексеруді (инженер-механик) және жүргізушілерді рейс алдында (ауысым алдында) медициналық тексеруді жүргізу үшін қызметтің және білікті мамандардың болуын растайтын құжаттардың не осындай қызметті жүзеге асыратын тиісті ұйымдармен шарттардың көшірмелері
Мемлекеттік қызметті алушы салыстыру үшін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда, олардың нотариалдық куәландырылған көшірмелерін ұсынады
4
автобустар мен шағын автобустардағы тахографтарды тексеру туралы сертификат
тахографтарды тексеру туралы тиісті сертификаттың көшірмелері
Мемлекеттік қызметті алушы салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелерін ұсынады
5
автобустар мен шағын автобустар иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарының, сондай-ақ тасымалдауға ұсынылатын барлық жылжымалы құрамның міндетті техникалық байқаудан өткізгені туралы қолданыстағы куәлік
автобустар мен шағын автобустар иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарының, сондай-ақ тасымалдауға ұсынылатын барлық жылжымалы құрамның міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәліктің көшірмелері
Мемлекеттік қызметті алушы салыстыру үшін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда, олардың нотариалдық куәландырылған көшірмелерін ұсынады
6
автобустар мен шағын автобустардың жүргізушілерінде тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі және тиісті санаттағы көлік құралдарының жүргізушісі ретіндегі жұмыс өтілін растайтын құжат
жеке тұлға үшін тиісті санаттағы жүргізуші куәлігінің не заңды тұлға үшін - жүргізушілер құрамының тиісті санаттағы жүргізуші куәліктерінің, тиісті санаттағы көлік құралдарының жүргізушісі ретіндегі жұмыс өтілін растайтын құжаттың көшірмелері
Мемлекеттік қызметті алушы салыстыру үшін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда, олардың нотариалдық куәландырылған көшірмелерін ұсынады
7
тасымалдарды жүзеге асыру қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаны айқындау туралы бұйрығы
тасымалдарды жүзеге асыру қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаны айқындау туралы бұйрықтың көшірмелері
Мемлекеттік қызметті алушы салыстыру үшін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда, олардың нотариалдық куәландырылған көшірмелерін ұсынады
1 Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 20 қарашадағы
№ 1463 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1 1. «Жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 544 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 22, 250-құжат).
2 2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 қарашадағы № 1078 қаулысының 1-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 43, 504-құжат).
3 3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1295 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 3-4, 45-құжат).
4 4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 544 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 мамырдағы № 513 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 463-құжат).
5
5. «Жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 544 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 1645 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 12, 227-құжат).