Құжат мәтініне өту

О реорганизации республиканских государственных казенных предприятий, находящихся в ведении Комитета государственного санитарно-эпидемиологического надзора Министерства здравоохранения Республики Казахстан

Қаулы · № 1465 · қабылданған 20.11.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-68882/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О реорганизации республиканских государственных казенных предприятий, находящихся в ведении Комитета государственного санитарно-эпидемиологического надзора Министерства здравоохранения Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 1465 ·20.11.2012
28.08.2015 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О реорганизации республиканских государственных казенных предприятий, находящихся в ведении Комитета государственного санитарно-эпидемиологического надзора Министерства здравоохранения Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 1465 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О реорганизации республиканских государственных казенных предприятий, находящихся в ведении Комитета государственного санитарно-эпидемиологического надзора Министерства здравоохранения Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1465
Қабылданған күні
20.11.2012
Көрсетілген редакция
28.08.2015 AI68882_4.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200001465
ЭКБ идентификаторы
68882
Редакция идентификаторы
AI68882_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:50

0 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына және 134-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар (бұдан әрі - кәсіпорындар) заңнамада белгіленген тәртіппен қайта ұйымдастырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.

3 3. Кәсіпорындар қызметінің негізгі мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып айқындалсын.

4 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорындардың жарғыларын бекітуге енгізсін;

2 2) әділет органдарында кәсіпорындардың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

3 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

5 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1 1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;

2 2) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1125 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 42, 534-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлімдегі реттік нөмірі 4, 11-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Атырау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
«11. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Маңғыстау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны»;

3 3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

6 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

13 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің қарамағындағы қайта ұйымдастырылатын республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың тізбесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 20 қарашадағы
№ 1465 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің қарамағындағы қайта ұйымдастырылатын республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың тізбесі

1

1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Атырау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Атырау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.

2

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Маңғыстау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Маңғыстау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.

Қолданыстағы