Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения

Бұйрық · № 739 · қабылданған 24.10.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-68888/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения Күшін жойған Бұйрық ·№ 739 ·24.10.2012
20.06.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.06.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения

Күшін жойған Бұйрық ·№ 739 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения
Атауы (қаз.)
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
739
Қабылданған күні
24.10.2012
Көрсетілген редакция
20.06.2014 AI68888_2.kaz
Соңғы өзгеріс
20.06.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200008061
ЭКБ идентификаторы
68888
Редакция идентификаторы
AI68888_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:05

0 Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызмет регламенті;

2 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Жобаларға, өнімге, жұмысқа және қызметке санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызмет регламенті;

3 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектілеріне есептік нөмірлерін беру» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 «Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызмет регламенті

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
міндетін атқарушының
2012 жылғы 24 қазандағы
№ 739 бұйрығына
1-қосымша
«Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.

2

2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің облыстар, Астана, Алматы, Көліктегі департаменттері және олардың аумақтық (аудандық, қалалық) бөлімшелері (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетеді.

3 3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

4 4. Мемлекеттік қызмет:

1 1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 45) тармақшасы, 62-бабының 8-тармағы;

2

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қазандағы № 1271 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт);

3 3) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5862 болып тіркелген) «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 2 қарашадағы № 640 бұйрығы негізінде көрсетіледі.

5 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны (бұдан әрі – сәйкестік туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды) қағаз тасымалдағышта;
анықталған бұзушылықтарды жоюға ұсыныстарды көрсете отырып, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкес еместігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны (бұдан әрі – сәйкес еместік туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды) қағаз тасымалдағышта не бас тарту себептерін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауапты қағаз түрінде беру болып табылады.

6 6. Осы регламентте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) құрылымдық-функционалдық бірліктер – мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын уәкілетті органның лауазымды адамдары;

2 2) мемлекеттік қызметті алушы – мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – алушы);

4

4) сәйкестендіру нөмірі – сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде белгілі бір тұлғаға қатысты мәліметтер туралы жазбаны жүргізуге мүмкіндік беретін сандық белгілер кезектілігі түрінде айқындалған жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН).

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын талаптар

7 7. Мемлекеттік қызметті көрсететін мемлекеттік органдардың орналасқан орны туралы ақпаратты Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мына интернет-ресурсынан алуға болады: www.mz.gov.kz.

Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері күнделікті сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін ұсынылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

8 8. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және барысы туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мына: www.mz.gov.kz интернет-ресурсында және уәкілетті органның үй-жайында орналасқан стенділерде орналасады.

9 9. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі Стандарттың 7-тармағында көрсетілген.

10 10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін, оның ішінде құжаттарды қабылдаудан және қараудан бас тарту үшін негіздері Стандарттың 16-тармағында көрсетілген.

Уәкілетті орган құжаттар тапсырылған сәтінен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себебі туралы жазбаша хабарлайды.

11 11. Алушыдан не ресми сенімді тұлғасынан (бұдан әрі – өкіл) өтініш алған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:

1 1) алушы немесе өкіл Стандарттың 14-тармағында көзделген құжаттарды объектінің орналасқан не қызметін жүзеге асыратын орны бойынша уәкілетті органға береді;

2 2) өтініштерді қабылдауға және тіркеуге жауапты лауазымды адам:

өтініштерді тіркеу журналында өтініштерді тіркейді;
уәкілетті органның басшысына (бұдан әрі - басшы) құжаттарды қарауға береді;

3 3) басшы қарар қоя отырып, басшының орынбасарына (бұдан әрі - орынбасар) құжаттарды беру туралы нұсқау береді;

4 4) орынбасар қарар қоя отырып, құрылымдық бөлімшенің бастығына (бұдан әрі - бастық) құжаттарды беру туралы нұсқау береді;

5 5) бастық қарар қою отырып, өтінішті қарауға жауапты адамға құжаттарды беру туралы нұсқау береді;

6 6) өтінішті қарауға жауапты адам құжаттар келіп түскен кезде:

объектінің ұсынылған құжаттарға сәйкестігін, оның мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісіне тиістілігін, объектінің аумақтық тиістілігін тексереді;
объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігіне тексеруді (бұдан әрі - тексеру) жүзеге асырады;
тексеру нәтижелері бойынша объектіні санитариялық-эпидемиологиялық тексеру актісін (бұдан әрі – акт) ресімдейді және оған қол қояды;
қол қою үшін басшыға енгізетін сәйкестік (сәйкес еместік) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны ресімдейді;

7 7) өтінішті қарау нәтижелері бойынша қол қойылған:

сәйкестік туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;
сәйкес еместік туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беріледі.

12 12. Жұмыс кестесі негізінде жұмыс күні ішінде уәкілетті органда мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын адамдардың ең аз саны бір қызметкерді құрайды.

3 3. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі іс-әрекеттердің (өзара іс-әрекеттердің) тәртібін сипаттау

13 13. Кіріс хат-хабарларды ресімдеу және алушының немесе өкілдің мемлекеттік қызмет көрсетуге берген өтінішінің қабылданғаны (тіркелгені) туралы оның ақпарат алу тәртібі:

1 1) мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау және тіркеу тиісті кіріс нөмірін беруі арқылы және күнін көрсете отырып жүргізіледі;

2 2) алушыға немесе өкілге Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша талон беріледі.

14 14. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) тартылған:

1 1) өтініштерді қабылдауға және тіркеуге жауапты уәкілетті органның лауазымды адамы;

2 2) басшы;

3 3) орынбасар;

4 4) бастық;

5 5) мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты лауазымды адам.

15 15. Әрбір әкімшілік іс-әрекетті (рәсімдерді) орындау мерзімін көрсете отырып, әрбір ҚФБ-ның әкімшілік іс-әрекеттерінің (рәсімдерінің) жүйелігі мен өзара іс-әрекетінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы регламентке 1-қосымшада келтірілген.

16 16. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық жүйелігі мен ҚФБ арасындағы өзара іс-әрекетті көрсететін схема осы регламентке 2-қосымшада келтірілген.

17 17. Берілетін сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыға ілеспе хат не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап уәкілетті органның ресми бланкісінде еркін түрдегі мазмұнда жазбаша беріледі.

1.1 Әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) жүйелігі мен өзара іс-әрекетінің сипаттамасы

«Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық
қадағалау объектісінің халықтың
санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы
саласындағы нормативтік құқықтық актілерге
және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі
(сәйкес еместігі) туралы
санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша
Әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) жүйелігі мен өзара іс-әрекетінің сипаттамасы
1-кесте. ҚФБ-ның іс-әрекеттерінің сипаттамасы
Негіз­гі үде­рі­стің (жұ­мыстар­дың ба­ры­сы, ағы­мы) әре­ке­ті
1
№ іс-әре­кет (жұ­мыстар­дың ба­ры­сы, ағы­мы)
1
2
3
4
5
2
ҚФБ ата­уы
Өті­ніш­тер­ді қа­был­да­у­ға және тір­ке­у­ге жа­у­ап­ты ла­у­а­зым­ды адам
Бас­шы
Орын­ба­сар
Ба­стық
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ге жа­у­ап­ты ла­у­а­зым­ды адам
3
Іс-әре­кет­тің (үде­рі­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Өті­ніш­тер­ді тір­кеу жур­на­лын­да тір­кей­ді
Құ­жат­тар­мен та­ны­су, оны орын­ба­са­ры­на бе­ру ту­ра­лы нұс­қау бе­ре­ді
Құ­жат­тар­мен та­ны­су, оны ба­стық­қа бе­ру ту­ра­лы нұс­қау бе­ре­ді
Құ­жат­тар­мен та­ны­су, оны мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге жа­у­ап­ты ла­у­а­зым­ды адам­ға бе­ру ту­ра­лы нұс­қау бе­ре­ді
Объ­ек­ті­нің ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­ға сәй­кест­і­гін, оның мем­ле­кет­тік са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қа­да­ға­лау объ­ек­ті­ле­ріне ти­іс­ті­лі­гін, аумақ­тық ти­іс­ті­лі­гін тек­се­ре­ді, тек­се­ру­ді ре­сім­дей­ді, объ­ек­ті­ні тек­се­ре­ді, ак­ті­ні ре­сім­дей­ді және оған қол қо­яды, са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қо­ры­тын­ды­ны ре­сім­дей­ді, оны құ­жат­тар­мен бір­ге бас­шы­ға қол қою үшін ен­гі­зе­ді.
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру-өкім­дік ше­шім)
Бас­шы­ға құ­жат­тар­ды қа­ра­у­ға бе­ре­ді
Қа­рар қо­яды
Қа­рар қо­яды
Қа­рар қо­яды
Алушы­ға неме­се өкі­л­ге са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қо­ры­тын­ды­ны бе­ру
5
Орын­дау мер­зім­де­рі
30 ми­нут
1-2 жұ­мыс кү­ні
1-2 жұ­мыс кү­ні
1-2 жұ­мыс кү­ні
9-12 жұ­мыс кү­ні
2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс
Негіз­гі үде­ріс (жұ­мыстар­дың ба­ры­сы, ағы­мы)
1
2
3
4
5
ҚФБ 1.
Өті­ніш­тер­ді қа­был­да­у­ға және тір­ке­у­ге жа­у­ап­ты ла­у­а­зым­ды адам
ҚФБ 2.
Бас­шы
ҚФБ 3.
Орын­ба­сар
ҚФБ 4.
Ба­стық
ҚФБ 5.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ге жа­у­ап­ты ла­у­а­зым­ды адам
№ 1 әре­кет
Құ­жат­тар­дың то­лық­тығ­ын тек­се­ру, өті­ніш­тер­ді тір­кеу жур­на­лын­да тір­кеу және құ­жат­тар­ды бас­шы­ға бе­ру
№ 2 әре­кет
Құ­жат­тар­мен та­ны­су, оны орын­ба­са­ры­на бе­ру ту­ра­лы нұс­қау бе­ре оты­рып қа­рар қою
№ 3 әре­кет
Құ­жат­тар­мен та­ны­су, оны ба­стық­қа бе­ру ту­ра­лы нұс­қау бе­ре оты­рып қа­рар қою
№ 4 әре­кет
Құ­жат­тар­мен та­ны­су, мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ге жа­у­ап­ты ла­у­а­зым­ды адам­ға құ­жат­тар­ды бе­ру ту­ра­лы нұс­қау бе­ре оты­рып қа­рар қою
№ 5 әре­кет
Құ­жат­тар­мен та­ны­су, объ­ек­ті­нің ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­ға сәй­кест­і­гін, оның мем­ле­кет­тік са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қа­да­ға­лау объ­ек­ті­ле­ріне ти­іс­ті­лі­гін, аумақ­тық ти­іс­ті­лі­гін тек­се­ру; тек­се­ру­ді ре­сім­деу, объ­ек­ті­ні тек­се­ру, ак­ті­ні ре­сім­деу және оған қол қою, сәй­кест­ік ту­ра­лы са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қо­ры­тын­ды­ны ре­сім­деу, оны бас­шы­ның құ­жат­та­ры­мен бір­ге қол қою үшін ен­гі­зу
№ 6 әре­кет
Алушы­ға неме­се өкі­л­ге сәй­кест­ік ту­ра­лы қол қой­ы­л­ған са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қо­ры­тын­ды­ны бе­ре­ді
3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Балама үдеріс
Негіз­гі үде­ріс (жұ­мыстар­дың ба­ры­сы, ағы­мы)
1
2
3
4
5
ҚФБ 1.
Өті­ніш­тер­ді қа­был­да­у­ға және тір­ке­у­ге жа­у­ап­ты ла­у­а­зым­ды адам
ҚФБ 2.
Бас­шы
ҚФБ 3.
Орын­ба­сар
ҚФБ 4.
Ба­стық
ҚФБ 5.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ге жа­у­ап­ты ла­у­а­зым­ды адам
№ 1 әре­кет
Құ­жат­тар­дың то­лық­тығ­ын тек­се­ру, өті­ніш­тер­ді тір­кеу жур­на­лын­да тір­кеу және құ­жат­тар­ды бас­шы­ға бе­ру
№ 2 әре­кет
Құ­жат­тар­мен та­ны­су, оны орын­ба­са­ры­на бе­ру ту­ра­лы нұс­қау бе­ре оты­рып қа­рар қою
№ 3 әре­кет
Құ­жат­тар­мен та­ны­су, оны бас­қар­ма (бө­лім) ба­стығ­ы­на бе­ру ту­ра­лы нұс­қау бе­ре оты­рып қа­рар қою
№ 4 әре­кет
Құ­жат­тар­мен та­ны­су, мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ге жа­у­ап­ты ла­у­а­зым­ды адам­ға құ­жат­тар­ды бе­ру ту­ра­лы нұс­қау бе­ре оты­рып қа­рар қою
№ 5 әре­кет
Құ­жат­тар­мен та­ны­су, объ­ек­ті­нің ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­ға сәй­кест­і­гін, оның мем­ле­кет­тік са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қа­да­ға­лау объ­ек­ті­ле­ріне ти­іс­ті­лі­гін, аумақ­тық ти­іс­ті­лі­гін тек­се­ру; тек­се­ру­ді ре­сім­деу, объ­ек­ті­ні тек­се­ру, ак­ті­ні ре­сім­деу және оған қол қою, сәй­кес еме­стік ту­ра­лы са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қо­ры­тын­ды­ны ре­сім­деу, оны бас­шы­ның құ­жат­та­ры­мен бір­ге қол қою үшін ен­гі­зу, алушы­ға неме­се өкі­л­ге сәй­кес еме­стік ту­ра­лы ре­сім­дел­ген са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қо­ры­тын­ды­ны бе­ре­ді.
№ 6 әре­кет
Алушы­ға неме­се өкі­л­ге сәй­кес еме­стік ту­ра­лы ре­сім­дел­ген са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қо­ры­тын­ды­ны бе­ре­ді.

1.2 Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық жүйелігі мен ҚФБ арасындағы өзара іс-әрекетті көрсететін схема

«Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық
қадағалау объектісінің халықтың
санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы
саласындағы нормативтік құқықтық актілерге
және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі
(сәйкес еместігі) туралы
санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық жүйелігі мен ҚФБ арасындағы өзара іс-әрекетті көрсететін схема

2 «Жобаларға, өнімге, жұмыстарға және қызметтерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызмет регламенті

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
міндетін атқарушы
2012 жылғы 24 қазандағы
№ 739 бұйрығына
2-қосымша
«Жобаларға, өнімге, жұмыстарға және қызметтерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы «Жобаларға, өнімге, жұмысқа және қызметке жүргізілген сараптамалардың нәтижелері бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.

2

2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің облыстар, Астана, Алматы, Көліктегі департаменттері және олардың аумақтық (аудандық, қалалық) бөлімшелері (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетеді.

3 3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

4 4. Мемлекеттік қызмет:

1 1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 62-бабы;

2 2) «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы;

3 3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қазандағы № 1271 қаулысымен бекітілген «Жобаларға, өнімге, жұмыстарға және қызметтерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт);

4 4) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5862 болып тіркелген) «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 2 қарашадағы № 640 бұйрығы негізінде көрсетіледі.

5 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жобаларының, өнімдерінің, жұмыстары мен қызметтерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны (бұдан әрі – сәйкестік туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды) қағаз тасымалдағышта;
анықталған бұзушылықтарды жоюға ұсыныстарды көрсете отырып, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жобаларының, өнімдерінің, жұмыстары мен қызметтерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкес еместігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны (бұдан әрі – сәйкес еместігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды) қағаз тасымалдағышта не бас тарту себептерін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауапты қағаз түрінде беру болып табылады.

6 6. Осы регламентте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) құрылымдық-функционалдық бірліктер – мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын уәкілетті органның лауазымды адамдары;

2 2) мемлекеттік қызметті алушы – мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - алушы).

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын талаптар

7 7. Мемлекеттік қызметті көрсететін мемлекеттік органдардың орналасқан орны туралы ақпаратты Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мына интернет-ресурсынан алуға болады: www.mz.gov.kz.

Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері күнделікті сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін ұсынылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

8 8. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мына: www.mz.gov.kz интернет-ресурсынан және уәкілетті органның үй-жайында орналасқан стенділерден алуға болады.

9 9. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі Стандарттың 7-тармағында көрсетілген.

10 10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін, оның ішінде құжаттарды қабылдаудан және қараудан бас тарту үшін негіздері Стандарттың 16-тармағында көрсетілген.

Уәкілетті орган құжаттар тапсырылған сәтінен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себебі туралы жазбаша хабарлайды.

11 11. Алушыдан не ресми сенімді тұлғасынан (бұдан әрі – өкіл) өтініш алған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:

1 1) алушы немесе өкіл өтінішті, сондай-ақ Стандартқа 3-қосымшада көзделген құжаттарды уәкілетті органға береді;

2 2) өтініштерді қабылдауға және тіркеуге жауапты лауазымды адам:

өтініштерді тіркеу журналында өтінішті тіркейді;
құжаттарды уәкілетті органның басшысына (бұдан әрі – басшы) қарауға береді;

3 3) басшы қарар қоя отырып, басшының орынбасарына (бұдан әрі - орынбасар) құжаттарды беру туралы нұсқау береді;

4 4) орынбасар қарар қоя отырып, құрылымдық бөлімшенің бастығына (бұдан әрі - бастық) құжаттарды беру туралы нұсқау береді;

5 5) бастық қарар қоя отырып, өтінішті қарауға жауапты адамға құжаттарды беру туралы нұсқау береді;

6 6) өтінішті қарауға жауапты адам құжаттар келіп түскен кезде:

берілген құжаттардың толықтығын және объектінің Стандарттың 1-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттарға сәйкестігін, оның мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісіне тиістілігін тексереді;
ұсынылған құжаттардың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігіне санитариялық-эпидемиологиялық сараптама (бұдан әрі – сараптама) жүргізеді;
сараптама нәтижелері бойынша сәйкестік (сәйкес еместік) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны ресімдейді, оны құжаттармен бірге қол қою үшін басшыға енгізеді;

7 7) өтінішті қарау нәтижелері бойынша қол қойылған:

сәйкестік туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;
сәйкес еместік туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беріледі.

12 12. Жұмыс кестесі негізінде жұмыс күні ішінде уәкілетті органда мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын адамдардың ең аз саны бір қызметкерді құрайды.

3 3. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі іс-әрекеттердің (өзара іс-әрекеттердің) тәртібін сипаттау

13 13. Кіріс хат-хабарларды ресімдеу және алушының мемлекеттік қызмет көрсетуге берген өтінішінің қабылданғаны (тіркелгені) туралы оның ақпарат алу тәртібі:

1 1) мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау және тіркеу тиісті кіріс нөмірін иеленуі мен күнін көрсете отырып жүргізіледі;

2 2) алушыға немесе өкілге Стандартқа 4-қосымшаға сәйкес тиісті құжаттарды қабылдау туралы талон беріледі.

14 14. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) тартылған:

1 1) өтініштерді қабылдауға және тіркеуге жауапты лауазымды адам;

2 2) басшы;

3 3) орынбасар;

4 4) бастық;

5 5) мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты лауазымды адам.

15 15. Әрбір әкімшілік іс-әрекетті (рәсімдерді) орындау мерзімін көрсете отырып, әрбір ҚФБ-ның әкімшілік іс-әрекеттерінің (рәсімдерінің) жүйелігі мен өзара іс-әрекетінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы регламентке 1-қосымшада келтірілген.

16 16. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық жүйелігі мен ҚФБ арасындағы өзара іс-әрекетті көрсететін схема осы регламентке 2-қосымшада келтірілген.

17 17. Берілетін сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыға ілеспе хат не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап уәкілетті органның ресми бланкісінде еркін түрдегі мазмұнда жазбаша беріледі.

2.1 Әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) жүйелігі мен өзара іс-әрекетінің сипаттамасы

«Жобаларға, өнімге, жұмысқа және қызметке
жүргізілген сараптамалардың нәтижелері бойынша
санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша
Әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) жүйелігі мен өзара іс-әрекетінің сипаттамасы
1-кесте. ҚФБ-ның іс-әрекеттерінің сипаттамасы
Негіз­гі үде­рі­стің (жұ­мыстар­дың ба­ры­сы, ағы­мы) әре­ке­ті
1
№ іс-әре­кет (жұ­мыстар­дың ба­ры­сы, ағы­мы)
1
2
3
4
5
2
ҚФБ ата­уы
Өті­ніш­тер­ді қа­был­да­у­ға және тір­ке­у­ге жа­у­ап­ты ла­у­а­зым­ды ада­мы
Бас­шы
Орын­ба­сар
Ба­стық
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ге жа­у­ап­ты ла­у­а­зым­ды адам
3
Іс-әре­кет­тің (үде­рі­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Өті­ніш­тер­ді тір­кеу жур­на­лын­да тір­кей­ді
Құ­жат­тар­мен та­ны­су, оны орын­ба­са­ры­на бе­ру ту­ра­лы нұс­қау бе­ре­ді
Құ­жат­тар­мен та­ны­су, оны ба­стық­қа бе­ру ту­ра­лы нұс­қау бе­ре­ді
Құ­жат­тар­мен та­ны­су, оны мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге жа­у­ап­ты ла­у­а­зым­ды адам­ға бе­ру ту­ра­лы нұс­қау бе­ре­ді
Құ­жат­тар­мен та­ны­су, бе­рі­л­ген құ­жат­тар­дың то­лық­тығ­ын және объ­ек­ті­нің Стан­дарт­тың 1-тар­ма­ғын­да көр­се­ті­л­ген ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­ға және жағ­дай­лар­ға сәй­кест­і­гін, оның мем­ле­кет­тік са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қа­да­ға­лау объ­ек­ті­сіне ти­іс­ті­лі­гін тек­се­ре­ді, са­рап­та­ма жүр­гі­зе­ді; са­рап­та­ма нәти­же­сі бой­ын­ша сәй­кест­ік (сәй­кес еме­стік) ту­ра­лы са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қо­ры­тын­ды­ны ре­сім­дей­ді, оны құ­жат­тар­мен бір­ге қол қою үшін бас­шы­ға ен­гі­зе­ді
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру-өкім­дік ше­шім)
Бас­шы­ға құ­жат­тар­ды қа­ра­у­ға бе­ре­ді
Қа­рар қо­яды
Қа­рар қо­яды
Қа­рар қо­яды
Алушы­ға неме­се өкі­л­ге са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қо­ры­тын­ды­ны бе­ру
5
Орын­дау мер­зім­де­рі
30 ми­нут
1-2 жұ­мыс кү­ні
1-2 жұ­мыс кү­ні
1-2 жұ­мыс кү­ні
19-12 жұ­мыс кү­ні
2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс
Негіз­гі үде­ріс (жұ­мыстар­дың ба­ры­сы, ағы­мы)
1
2
3
4
5
ҚФБ 1.
Өті­ніш­тер­ді қа­был­да­у­ға және тір­ке­у­ге жа­у­ап­ты ла­у­а­зым­ды адам
ҚФБ 2.
Бас­шы
ҚФБ 3.
Орын­ба­сар
ҚФБ 4.
Ба­стық
ҚФБ 5.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ге жа­у­ап­ты ла­у­а­зым­ды адам
№ 1 әре­кет
Өті­ніш­тер­ді тір­кеу жур­на­лын­да тір­кеу және құ­жат­тар­ды бас­шы­ға бе­ру
№ 2 әре­кет
Құ­жат­тар­мен та­ны­су, оны орын­ба­са­ры­на бе­ру ту­ра­лы нұс­қау бе­ре оты­рып қа­рар қою
№ 3 әре­кет
Құ­жат­тар­мен та­ны­су, оны ба­стық­қа бе­ру ту­ра­лы нұс­қау бе­ре оты­рып қа­рар қою
№ 4 әре­кет
Құ­жат­тар­мен та­ны­су, мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ге жа­у­ап­ты ла­у­а­зым­ды адам­ға құ­жат­тар­ды бе­ру ту­ра­лы нұс­қау бе­ре оты­рып қа­рар қою
№ 5 әре­кет
Құ­жат­тар­мен та­ны­су, бе­рі­л­ген құ­жат­тар­дың то­лық­тығ­ын және объ­ек­ті­нің Стан­дарт­тың 1-тар­ма­ғын­да көр­се­ті­л­ген ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­ға және жағ­дай­лар­ға сәй­кест­і­гін, оның мем­ле­кет­тік са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қа­да­ға­лау объ­ек­ті­сіне ти­іс­ті­лі­гін тек­се­ре­ді, са­рап­та­ма жүр­гі­зе­ді; са­рап­та­ма нәти­же­сі бой­ын­ша сәй­кест­ік ту­ра­лы са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қо­ры­тын­ды­ны ре­сім­дей­ді, оны құ­жат­тар­мен бір­ге қол қою үшін бас­шы­ға ен­гі­зе­ді
№ 6 әре­кет
Алушы­ға неме­се өкі­л­ге ре­сім­дел­ген са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қо­ры­тын­ды­ны бе­ре­ді
3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Балама үдеріс
Негіз­гі үде­ріс (жұ­мыстар­дың ба­ры­сы, ағы­мы)
1
2
3
4
5
ҚФБ 1.
Өті­ніш­тер­ді қа­был­да­у­ға және тір­ке­у­ге жа­у­ап­ты ла­у­а­зым­ды адам
ҚФБ 2.
Бас­шы
ҚФБ 3.
Орын­ба­сар
ҚФБ 4.
Ба­стық
ҚФБ 5.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ге жа­у­ап­ты ла­у­а­зым­ды адам
№ 1 әре­кет
Өті­ніш­тер­ді тір­кеу жур­на­лын­да тір­кеу және құ­жат­тар­ды бас­шы­ға бе­ру
№ 2 әре­кет
Құ­жат­тар­мен та­ны­су, оны орын­ба­са­ры­на бе­ру ту­ра­лы нұс­қау бе­ре оты­рып қа­рар қою
№ 3 әре­кет
Құ­жат­тар­мен та­ны­су, оны ба­стық­қа бе­ру ту­ра­лы нұс­қау бе­ре оты­рып қа­рар қою
№ 4 әре­кет
Құ­жат­тар­мен та­ны­су, мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ге жа­у­ап­ты ла­у­а­зым­ды адам­ға құ­жат­тар­ды бе­ру ту­ра­лы нұс­қау бе­ре оты­рып қа­рар қою
№ 5 әре­кет
Құ­жат­тар­мен та­ны­су, бе­рі­л­ген құ­жат­тар­дың то­лық­тығ­ын және объ­ек­ті­нің Стан­дарт­тың 1-тар­ма­ғын­да көр­се­ті­л­ген ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­ға және жағ­дай­лар­ға сәй­кест­і­гін, оның мем­ле­кет­тік са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қа­да­ға­лау объ­ек­ті­сіне ти­іс­ті­лі­гін тек­се­ре­ді, са­рап­та­ма жүр­гі­зе­ді;
са­рап­та­ма нәти­же­сі бой­ын­ша сәй­кес еме­стік ту­ра­лы са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қо­ры­тын­ды­ны ре­сім­дей­ді, оны құ­жат­тар­мен бір­ге қол қою үшін бас­шы­ға ен­гі­зе­ді
№ 6 әре­кет
Алушы­ға неме­се өкі­л­ге ре­сім­дел­ген са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қо­ры­тын­ды­ны бе­ре­ді

2.2 Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық жүйелігі мен ҚФБ арасындағы өзара іс-әрекетті көрсететін схема

«Жобаларға, өнімге, жұмысқа және қызметке
жүргізілген сараптамалардың нәтижелері бойынша
санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық жүйелігі мен ҚФБ арасындағы өзара іс-әрекетті көрсететін схема

3 «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлерін беру» мемлекеттік қызмет регламенті

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
міндетін атқарушының
2012 жылғы 24 қазандағы
№ 739 бұйрығына
3-қосымша
«Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлерін беру» мемлекеттік қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлерін беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.

2

2. Мемлекеттік қызметті: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (бұдан әрі – Комитет), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің облыстар, Астана, Алматы, Көліктегі департаменттері және олардың аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер) көрсетеді.

3 3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

4 4. Мемлекеттік қызмет:

1 1) «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының 5) тармақшасы;

2 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қазандағы № 1271 қаулысымен бекітілген «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлерін беру» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт);

3 3) «Тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектілеріне есептік нөмірлер беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 ақпандағы № 125 қаулысы негізінде көрсетіледі.

5

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Комитеттің немесе аумақтық бөлімшенің ресми бланкінде (қағаз тасымалдағышта) ресімделген, санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектісіне есептік нөмір беру туралы анықтаманы (бұдан әрі – анықтама), не бас тарту себептерін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауапты қағаз түрінде беру болып табылады.

6 6. Осы регламентте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) құрылымдық-функционалдық бірліктер – мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын лауазымды адамдар;

2 2) мемлекеттік қызметті алушы – мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - алушы);

3 3) санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға жататын тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектісі – ветеринариялық-санитариялық бақылауға жататын тамақ өнімдерін қоспағанда тамақ өнімдерін өндіретін кәсіпорын (бұдан әрі – объект);

4 4) өндіріс субъектісі – тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) қызметін жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

5 5) есептік нөмір – қызмет түрін және өндіріс объектісінің нөмірін қамтитын код;

6

6) сәйкестендіру нөмірі – сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде белгілі бір тұлғаға қатысты мәліметтер туралы жазбаны жүргізуге мүмкіндік беретін сандық нышандар кезектілігі түрінде көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН).

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын талаптар

7 7. Мемлекеттік қызметті көрсететін мемлекеттік органдардың орналасқан орны туралы ақпаратты Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мына: www.mz.gov.kz интернет-ресурсынан алуға болады.

Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері күнделікті сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін ұсынылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

8 8. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және барысы туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мына: www.mz.gov.kz интернет-ресурсында және уәкілетті органның үй-жайындағы стенділерде орналастырылады.

9 9. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі Стандарттың 7-тармағында көрсетілген.

10 10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін, оның ішінде құжаттарды қабылдаудан және қараудан бас тарту үшін негіздері Стандарттың 16-тармағында көрсетілген.

Уәкілетті орган құжаттар тапсырылған сәтінен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себебі туралы жазбаша хабарлайды.

11 11. Алушыдан не ресми сенімді тұлғасынан (бұдан әрі – өкіл) өтініш алған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:

1 1) алушы немесе өкіл осы Стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттарды объектінің орналасқан не қызметін жүзеге асыратын орны бойынша аумақтық бөлімшеге береді;

2 2) аумақтық бөлімшеде өтініштерді қабылдауға және тіркеуге жауапты лауазымды адам:

өтініштерді тіркеу журналында тіркейді;
аумақтық бөлімшенің басшысына (бұдан әрі - басшы) құжаттарды қарауға береді;

3 3) аумақтық бөлімшеде түскен құжаттарды қарар қоя отырып, басшыдан басшының орынбасарына (бұдан әрі - орынбасар), орынбасардан басқарма (бөлім) бастығына (бұдан әрі - бастық) өтінішті қарауға жауапты лауазымды адамға дейін тарату;

4 4) аумақтық бөлімшеде өтініштерді қарауға жауапты лауазымды адам құжаттар түскен кезде:

объектінің ұсынылған құжаттарға сәйкестігін, оның мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісіне тиістілігін, объектінің аумақтық тиістілігін тексереді;
құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарында объектіні тексеруді ресімдейді (бұдан әрі - тексеруді ресімдеу);
объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігіне тексеруді (бұдан әрі - тексеру) жүзеге асырады;
тексеру нәтижесі бойынша объектіні санитариялық-эпидемиологиялық тексеру актісін (бұдан әрі – акт) ресімдейді және оған қол қояды;
қол қою үшін басшыға енгізетін сәйкестік (сәйкес еместік) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны ресімдейді;

5 5) аумақтық бөлімшеде өтінішті қарау нәтижелері бойынша қол қойылған:

объектіге есептік нөмір беруге ілеспе хатымен бірге объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (бұдан әрі – өтінім) Комитетке жіберіледі;
объектіге есептік нөмір беруден бас тарту туралы ілеспе хатымен бірге объектінің сәйкес еместігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алушыға не өкілге беріледі;

6 6) Комитетте өтініштерді қабылдауға және тіркеуге жауапты лауазымды адам тіркеу журналында өтінімді тіркейді;

Комитет басшысына (бұдан әрі - басшы) құжаттарды қарауға береді;

7 7) Комитетте түскен құжаттарды қарар қоя отырып, басшыдан басшының орынбасарына (бұдан әрі - орынбасар), орынбасардан басқарма (бөлім) бастығына (бұдан әрі - бастық) өтінішті қарауға жауапты лауазымды адамға дейін тарату;

8 8) Комитетте мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты лауазымды адам өтінім келіп түскенде:

объектінің есептік нөмірін көрсете отырып, объектіні санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектілерінің есептік нөмірлерінің тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) енгізеді;
қол қойылған анықтаманы аумақтық бөлімшеге жолдайды;

9 9) аумақтық бөлімшеде өтініштерді қабылдауға және тіркеуге жауапты лауазымды адам:

анықтаманы тіркеу журналында тіркейді;
анықтаманы басшыға қарауға береді;

10 10) аумақтық бөлімшеде анықтаманы қарар қоя отырып, басшыдан орынбасарға, орынбасардан бастыққа, бастықтан мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты лауазымды адамға беру;

11 11) аумақтық бөлімшеде анықтама келіп түскен кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты лауазымды адам оны алушыға немесе өкілге қолма қол береді не пошта арқылы жібереді.

12 12. Жұмыс кестесі негізінде жұмыс күні ішінде Комитетте, Департаменттерде мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын адамдардың ең аз саны бір қызметкерді құрайды.

3 3. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі іс-әрекеттердің (өзара іс-әрекеттердің) тәртібін сипаттау

13 13. Кіріс хат-хабарларды ресімдеу және алушының мемлекеттік қызмет көрсетуге берген өтінімінің қабылданғаны (тіркелгені) туралы оның ақпарат алу тәртібі:

1 1) мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау және тіркеу тиісті кіріс нөмірін иеленуі мен күнін көрсете отырып жүргізіледі;

2 2) алушыға немесе өкілге Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша талон беріледі.

14 14. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) тартылған:

1 1) өтініштерді қабылдауға және тіркеуге жауапты Комитеттің, аумақтық бөлімшенің лауазымды адамы;

2 2) Комитеттің, аумақтық бөлімшенің басшысы;

3 3) Комитеттің, аумақтық бөлімшенің орынбасары;

4 4) Комитеттің, аумақтық бөлімшенің бастығы;

5 5) Комитеттің, аумақтық бөлімшенің мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты лауазымды адамы.

15 15. Әрбір әкімшілік іс-әрекетті (рәсімдерді) орындау мерзімін көрсете отырып, әрбір ҚФБ-ның әкімшілік іс-әрекеттерінің (рәсімдерінің) жүйелігі мен өзара іс-әрекетінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы регламентке 1-қосымшада келтірілген.

16 16. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық жүйелігі мен ҚФБ арасындағы өзара іс-әрекетті көрсететін схема осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.

17 17. Мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап аумақтық бөлімшенің ресми бланкісінде (қағаз тасымалдағышта) еркін түрдегі мазмұнда беріледі.

3.1 1-кесте. Әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) жүйелігі мен өзара іс-әрекетінің сипаттамасы

«Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға
жататын тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне
есептік нөмірлерін беру» мемлекеттік
қызмет регламентіне
1-қосымша
1-кесте. Әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) жүйелігі мен өзара іс-әрекетінің сипаттамасы
1. Негіз­гі үде­ріс (жұ­мыстар­дың ба­ры­сы, ағы­мы) әре­ке­ті
Аумақ­тық бө­лім­ше­де
1
№ іс-әре­кет (жұ­мыстар­дың ба­ры­сы, ағы­мы)
1
2
3
4
5
2
ҚФБ ата­уы
Өті­ніш­тер­ді қа­был­да­у­ға және тір­ке­у­ге жа­у­ап­ты ла­у­а­зым­ды адам
Бас­шы
Орын­ба­сар
Ба­стық
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ге жа­у­ап­ты ла­у­а­зым­ды адам
3
Іс-әре­кет­тің (үде­рі­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Өті­ніш­тер­ді тір­кеу жур­на­лын­да тір­кей­ді
Хат-ха­бар­мен та­ны­су
Хат-ха­бар­мен та­ны­су
Хат-ха­бар­мен та­ны­су
Хат-ха­бар­мен та­ны­су, объ­ек­ті­нің ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­ға сәй­кест­і­гін тек­се­ру, тек­се­ру­ді ре­сім­деу, объ­ек­ті­ні тек­се­ру, ак­ті­ні ре­сім­деу және оған қол қою,сәй­кест­ік (сәй­кес еме­стік) ту­ра­лы са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қо­ры­тын­ды­ны ре­сім­дей­ді, оны бас­шы­ға қол қою үшін ен­гі­зе­ді.
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру-рет­теу ше­ші­мі)
Бас­шы­ға құ­жат­тар­ды бе­ру
Құ­жат­тар­ды орын­ба­са­ры­на бе­ру ту­ра­лы нұс­қау бе­ре оты­рып қа­рар қою
Ба­стық­қа құ­жат­тар­ды бе­ру ту­ра­лы нұс­қау бе­ре оты­рып, қа­рар қою
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге жа­у­ап­ты ла­у­а­зым­ды ада­мы­на құ­жат­тар­ды бе­ру ту­ра­лы нұс­қау бе­ре оты­рып, қа­рар қою
Объ­ек­ті­нің сәй­кест­і­гі ту­ра­лы қол қой­ы­л­ған са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қо­ры­тын­ды өті­нім­мен бір­ге Ко­ми­тет­ке жі­бе­ре­ді не объ­ек­ті­ге есеп­тік нө­мір бе­ру­ден бас тар­ту ту­ра­лы іле­с­пе ха­ты­мен бір­ге объ­ек­ті­нің сәй­кес еме­сті­гі ту­ра­лы қол қой­ы­л­ған са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қо­ры­тын­ды­ны алушы­ға не өкі­л­ге бе­ре­ді
5
Орын­дау мер­зім­де­рі
30 ми­нут
1-2 жұ­мыс кү­ні
1-2 жұ­мыс кү­ні
1-2 жұ­мыс кү­ні
7-10 жұ­мыс кү­ні
6
Ке­ле­сі іс-әре­кет­тің нө­мі­рі
2
3
4
5
6
1. Негіз­гі үде­ріс (жұ­мыстар­дың ба­ры­сы, ағы­мы) әре­ке­ті
Ко­ми­тет­те
1
Іс-әре­кет (жұ­мыстар­дың ба­ры­сы, ағы­мы) №
1
2
3
4
5
2
ҚФБ ата­уы
Өті­ніш­тер­ді қа­был­да­у­ға және тір­ке­у­ге жа­у­ап­ты ла­у­а­зым­ды адам
Бас­шы
Орын­ба­сар
Ба­стық
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ге жа­у­ап­ты ла­у­а­зым­ды адам
3
Іс-әре­кет (үде­рі­стің, рә­сім­дер­дің, опе­ра­ци­я­лар­дың) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Өті­ніш­тер­ді тір­кеу жур­на­лын­да тір­кеу
Хат-ха­бар­мен та­ны­су
Хат-ха­бар­мен та­ны­су
Хат-ха­бар­мен та­ны­су
Хат-ха­бар­мен та­ны­су
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру-өкім­дік ше­шім)
Бас­шы­ға құ­жат­тар­ды бе­ру
Орын­ба­сар­ға құ­жат­тар­ды бе­ру ту­ра­лы нұс­қау бе­ре оты­рып, қа­рар­лар­ды қою
Ба­стық­қа құ­жат­тар­ды бе­ру ту­ра­лы нұс­қау бе­ре оты­рып, қа­рар­лар­ды қою
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге жа­у­ап­ты ла­у­а­зым­ды адам­ға құ­жат­тар­ды бе­ру ту­ра­лы нұс­қау бе­ре оты­рып, қа­рар­лар­ды қою
Өті­нім негі­зін­де объ­ек­ті­ге есеп­тік нө­мір­ді көр­се­те оты­рып, объ­ек­ті­ні ті­зі­лім­ге ен­гі­зе­ді, анық­та­ма ре­сім­дей­ді, оны қол қою үшін бас­шы­ға ен­гі­зе­ді, қол қой­ы­л­ған анық­та­ма­ны аумақ­тық бө­лім­ше­ге жол­дай­ды
5
Орын­дау мер­зі­мі
30 ми­нут
1-2 жұ­мыс кү­ні
1-2 жұ­мыс кү­ні
1-2 жұ­мыс кү­ні
5 жұ­мыс кү­ні
6
Ке­ле­сі іс-әре­кет­тің нө­мі­рі
2
3
4
5
6
2. Негіз­гі үде­ріс (жұ­мыстар­дың ба­ры­сы, ағы­мы) әре­ке­ті
Аумақ­тық бө­лім­ше­де
1
Іс-әре­кет (жұ­мыстар­дың ба­ры­сы, ағы­мы) №
1
2
3
4
5
2
ҚФБ ата­уы
Өті­ніш­тер­ді қа­был­да­у­ға және тір­ке­у­ге жа­у­ап­ты ла­у­а­зым­ды адам
Бас­шы
Орын­ба­сар
Ба­стық
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ге жа­у­ап­ты ла­у­а­зым­ды адам
3
Іс-әре­кет­тің (үде­рі­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Анық­та­ма­лар­ды тір­кеу жур­на­лын­да тір­кеу
Анық­та­ма­мен та­ны­су
Анық­та­ма­мен та­ны­су
Анық­та­ма­мен та­ны­су
Анық­та­ма­мен та­ны­су
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру-өкім­дік ше­шім)
Анық­та­ма­ны бас­шы­ға бе­ру
Орын­ба­сар­ға анық­та­ма ту­ра­лы нұс­қау бе­ре оты­рып, қа­рар­лар­ды қою
Ба­стық­қа анық­та­ма ту­ра­лы нұс­қау бе­ре оты­рып, қа­рар­лар­ды қою
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге жа­у­ап­ты ла­у­а­зым­ды адам­ға анық­та­ма ту­ра­лы нұс­қау бе­ре оты­рып, қа­рар­лар­ды қою
Анық­та­ма­ны алушы­ға және өкі­л­ге қол­ма қол бе­ре­ді не по­шта ар­қы­лы жі­бе­ре­ді.
5
Орын­дау мер­зі­мі
30 ми­нут
1-2 жұ­мыс кү­ні
1-2 жұ­мыс кү­ні
1-2 жұ­мыс кү­ні
5 жұ­мыс кү­ні
6
Ке­ле­сі іс-әре­кет нө­мі­рі
2
3
4
5
6
2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс
Негіз­гі үде­ріс (жұ­мыстар­дың ба­ры­сы, ағы­мы)
1
2
3
ҚФБ 1. Аумақ­тық бө­лім­ше­нің өті­ніш­тер­ді қа­был­да­у­ға және тір­ке­у­ге жа­у­ап­ты ла­у­а­зым­ды ада­мы
№ 1 әре­кет
Өті­ніш­тер­ді тір­кеу жур­на­лын­да тір­кеу және бас­шы­ға құ­жат­тар­ды бе­ру
№ 11 әре­кет
Анық­та­ма­ны тір­кеу жур­на­лын­да тір­кеу, оны бас­шы­ға бе­ру
ҚФБ 2. Аумақ­тық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы
№ 2 әре­кет
Хат-ха­бар­мен та­ны­су, орын­ба­сар­ға құ­жат­тар­ды бе­ру ту­ра­лы нұс­қау бе­ре оты­рып, қа­рар­лар­ды қою
№ 12 әре­кет
Анық­та­ма­мен та­ны­су, орын­ба­сар­ға құ­жат­тар­ды бе­ру ту­ра­лы нұс­қау бе­ре оты­рып, қа­рар­лар­ды қою
ҚФБ 3. Аумақ­тық бө­лім­ше бас­шы­сы­ның орын­ба­са­ры
№ 3 әре­кет
Хат-ха­бар­мен та­ны­су, ба­стық­қа құ­жат­тар­ды бе­ру ту­ра­лы нұс­қау бе­ре оты­рып, қа­рар­лар­ды қою
№ 3 әре­кет
Анық­та­ма­мен та­ны­су, ба­стық­қа құ­жат­тар­ды бе­ру ту­ра­лы нұс­қау бе­ре оты­рып, қа­рар­лар­ды қою
ҚФБ 4. Аумақ­тық бө­лім­ше­нің бө­лім ба­стығы
№ 4 әре­кет
Хат-ха­бар­мен та­ны­су, мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ге жа­у­ап­ты ла­у­а­зым­ды адам­ға құ­жат­тар­ды бе­ру ту­ра­лы нұс­қау бе­ре оты­рып, қа­рар­лар­ды қою
№ 14 әре­кет
Хат-ха­бар­мен та­ны­су, мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ге жа­у­ап­ты ла­у­а­зым­ды адам­ға құ­жат­тар­ды бе­ру ту­ра­лы нұс­қау бе­ре оты­рып, қа­рар­лар­ды қою
ҚФБ 5. Аумақ­тық бө­лім­ше­нің мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ге жа­у­ап­ты ла­у­а­зым­ды ада­мы
№ 5 әре­кет
Хат-ха­бар­мен та­ны­су, объ­ек­ті­нің ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­ға сәй­кест­і­гін тек­се­ру, тек­се­ру­ді ре­сім­деу, объ­ек­ті­ні тек­се­ру;
ак­ті­ні ре­сім­деу және қол қою, сәй­кест­і­гі ту­ра­лы (қа­ғаз та­сы­мал­да­ғы­шта) са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қо­ры­тын­ды­ны ре­сім­дей­ді, оны бас­шы­ға қол қою үшін ен­гі­зе­ді, Объ­ек­ті­нің сәй­кест­і­гі ту­ра­лы қол қой­ы­л­ған са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қо­ры­тын­ды өті­нім­мен бір­ге Ко­ми­тет­ке жі­бе­ре­ді не объ­ек­ті­ге есеп­тік нө­мір бе­ру­ден бас тар­ту ту­ра­лы іле­с­пе ха­ты­мен бір­ге объ­ек­ті­нің сәй­кес еме­сті­гі ту­ра­лы қол қой­ы­л­ған са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қо­ры­тын­ды­ны алушы­ға не өкі­л­ге бе­ре­ді
№ 15 әре­кет
Анық­та­ма­мен та­ны­су, алушы­ға неме­се өкі­л­ге анық­та­ма­ны қол­ма қол бе­ре­ді не по­шта ар­қы­лы жі­бе­ре­ді.
ҚФБ 6. Ко­ми­тет­тің өті­ніш­тер­ді қа­был­да­у­ға және тір­ке­у­ге жа­у­ап­ты ла­у­а­зым­ды ада­мы
№ 6 әре­кет
Өті­нім­дер­ді тір­кеу жур­на­лын­да тір­кеу, өті­нім­ді бас­шы­ға бе­ру
ҚФБ 7. Ко­ми­тет­тің бас­шы­сы
№ 7 әре­кет
Хат-ха­бар­мен та­ны­су, орын­ба­сар­ға өті­нім­ді бе­ру ту­ра­лы нұс­қау бе­ре оты­рып, қа­рар қою
ҚФБ 8. Ко­ми­тет бас­шы­сы­ның орын­ба­са­ры
№ 8 әре­кет
Хат-ха­бар­мен та­ны­су, ба­стық­қа өті­нім­ді бе­ру ту­ра­лы нұс­қау бе­ре оты­рып, қа­рар қою
ҚФБ 9. Ко­ми­тет бас­қар­ма­сы­ның ба­стығы
№ 9 әре­кет
Хат-ха­бар­мен та­ны­су, мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ге жа­у­ап­ты ла­у­а­зым­ды адам­ға өті­нім­ді бе­ру ту­ра­лы нұс­қау бе­ре оты­рып, қа­рар қою
ҚФБ 10. Ко­ми­тет­тің мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ге жа­у­ап­ты ла­у­а­зым­ды ада­мы
№ 10 әре­кет
Өті­нім­мен та­ны­су, объ­ек­ті­ге есеп­тік нө­мір бе­ре­ді және Ті­зі­лім­ге ен­гі­зе­ді; объ­ек­ті­нің есеп­тік нө­мі­рін көр­се­те оты­рып, Ті­зі­лім­ге объ­ек­ті­ні ен­гі­зе­ді, анық­та­ма­ны ре­сім­дей­ді, оны бас­шы­ға қол қою үшін ен­гі­зе­ді, қол қой­ы­л­ған анық­та­ма­ны аумақ­тық бө­лім­ше­ге жі­бе­ре­ді
3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Балама үдеріс
Негіз­гі үде­ріс (жұ­мыстар­дың ба­ры­сы, ағы­мы)
1
2
3
4
5
Аумақ­тық бө­лім­ше­нің өті­ніш­тер­ді қа­был­да­у­ға және тір­ке­у­ге жа­у­ап­ты ла­у­а­зым­ды ада­мы
Аумақ­тық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы
Аумақ­тық бө­лім­ше бас­шы­сы­ның орын­ба­са­ры
Аумақ­тық бө­лім­ше­нің бө­лім ба­стығы
Аумақ­тық бө­лім­ше­нің мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ге жа­у­ап­ты ла­у­а­зым­ды ада­мы
№ 1 әре­кет
Өті­ніш­тер­ді тір­кеу жур­на­лын­да тір­кеу және бас­шы­ға құ­жат­тар­ды бе­ру
№ 2 әре­кет
Хат-ха­бар­мен та­ны­су, орын­ба­са­ры­на құ­жат­тар­ды бе­ру ту­ра­лы нұс­қау бе­ре оты­рып, қа­рар­лар­ды қою
№ 3 әре­кет
Хат-ха­бар­мен та­ны­су, ба­стық­қа құ­жат­тар­ды бе­ру ту­ра­лы нұс­қау бе­ре оты­рып, қа­рар­лар­ды қою
№ 4 әре­кет
Хат-ха­бар­мен та­ны­су, мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ге жа­у­ап­ты ла­у­а­зым­ды ада­мы­на құ­жат­тар­ды бе­ру ту­ра­лы нұс­қау бе­ре оты­рып, қа­рар­лар­ды қою
№ 5 әре­кет
Хат-ха­бар­мен та­ны­су, объ­ек­ті­нің ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­ға сәй­кест­і­гін тек­се­ру, тек­се­ру­ді ре­сім­деу, объ­ек­ті­ні тек­се­ру;
ак­ті­ні ре­сім­деу және қол қою, сәй­кес еме­стік ту­ра­лы са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қо­ры­тын­ды ре­сім­дей­ді, оны бас­шы­ға қол қою үшін ен­гі­зе­ді
№ 7 әре­кет
Объ­ек­ті­ге есеп­тік нө­мір бе­ру­ден бас тар­ту ту­ра­лы іле­с­пе ха­ты­мен бір­ге объ­ек­ті­нің сәй­кес еме­сті­гі ту­ра­лы қол қой­ы­л­ған са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қо­ры­тын­ды­ны алушы­ға не өкі­л­ге бе­ре­ді

3.2 Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық жүйелігі мен ҚФБ арасындағы өзара іс-әрекетті көрсететін схема

«Санитариялық-эпидемиологиялық
қадағалауға жататын тамақ өнімдерін
өндіру объектілеріне есептік
нөмірлерін беру» мемлекеттік
қызмет регламентіне
2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық жүйелігі мен ҚФБ арасындағы өзара іс-әрекетті көрсететін схема

Қолданыстағы