Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги "Государственная регистрация и перерегистрация продуктов детского питания, пищевых и биологически активных добавок к пище, генетически модифицированных объектов, красителей, средств дезинфекции, дезинсекции и дератизации, материалов и изделий, контактирующих с водой и продуктами питания, химических веществ, отдельных видов продукции и веществ, оказывающих вредное воздействие на здоровье человека"

Бұйрық · № 743 · қабылданған 24.10.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-68892/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги "Государственная регистрация и перерегистрация продуктов детского питания, пищевых и биологически активных добавок к пище, генетически модифицированных объектов, красителей, средств дезинфекции, дезинсекции и дератизации, материалов и изделий, контактирующих с водой и продуктами питания, химических веществ, отдельных видов продукции и веществ, оказывающих вредное воздействие на здоровье человека" Күшін жойған Бұйрық ·№ 743 ·24.10.2012
20.06.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.06.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги "Государственная регистрация и перерегистрация продуктов детского питания, пищевых и биологически активных добавок к пище, генетически модифицированных объектов, красителей, средств дезинфекции, дезинсекции и дератизации, материалов и изделий, контактирующих с водой и продуктами питания, химических веществ, отдельных видов продукции и веществ, оказывающих вредное воздействие на здоровье человека"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 743 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги "Государственная регистрация и перерегистрация продуктов детского питания, пищевых и биологически активных добавок к пище, генетически модифицированных объектов, красителей, средств дезинфекции, дезинсекции и дератизации, материалов и изделий, контактирующих с водой и продуктами питания, химических веществ, отдельных видов продукции и веществ, оказывающих вредное воздействие на здоровье человека"
Атауы (қаз.)
"Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
743
Қабылданған күні
24.10.2012
Көрсетілген редакция
20.06.2014 AI68892_2.kaz
Соңғы өзгеріс
20.06.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200008112
ЭКБ идентификаторы
68892
Редакция идентификаторы
AI68892_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:06

0

"Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Қоса беріліп отырған «Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Ж.М. Бекшин) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Ж.Ж. Данаева) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы Ж.М. Бекшинге жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.

0 «Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті

Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі м.а.
2012 жылғы 24 қазандағы
№ 743 бұйрығымен
Бекітілді
«Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті

1 1. Негізгі ұғымдар

1

1. Осы «Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - регламент) Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.

2 2. Осы регламентте келесі негізгі түсініктер пайдаланылады:

1

1) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (бұдан әрі - Комитет), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің облыстар, Астана, Алматы қалаларының, Көліктегі департаменттері (бұдан әрі - Комитеттің департаменттері);

2 2) құрылымдық-функционалдық бірліктер - мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын уәкілетті органның лауазымды адамдары;

3 3) мемлекеттік қызметті алушы - мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - алушы).

3 3. Мемлекеттік қызметті Комитет көрсетеді.

4 4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

5 5. Мемлекеттік қызмет:

1 1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 146-бабы;

2 2) «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 9-бабы;

3 3) «Кеден одағының санитариялық шаралар жөніндегі келісімін ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Заңы;

4

4) «Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар мен енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 мамырдағы № 560 қаулысы негізінде көрсетіледі.

6 6. Мемлекеттік қызметті ұсыну нәтижесі Комитеттің ресми бланкісінде ресімделген мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (қағаз тасымалдағышта) беру немесе қайта ресімдеу не жазбаша түрде мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі болып табылады.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

7 7. Мемлекеттік қызметті көрсететін мемлекеттік органдардың орналасқан орны туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің www.mz.gov.kz интернет-ресурсынан алуға болады.

Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері күнделікті сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін ұсынылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

8 8. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және барысы туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің www.mz.gov.kz интернет-ресурсында алуға болады.

9 9. Мемлекеттік қызметті көрсету уақыты бойынша шектеу мерзімі стандарттың 7-тармағында көрсетілді.

10 10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері, сондай-ақ өнімдерді (заттарды) қайта тіркеу үшін негіздер стандарттың 16-тармағында көрсетілген.

11 11. Алушыдан не ресми сенімді тұлғасынан (бұдан әрі - өкіл) өтініш алған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:

1 1) алушы немесе өкіл осы регламенттің 14-тармағында көзделген құжаттарды уәкілетті органға береді;

2 2) өтініштерді қабылдауға және тіркеуге жауапты лауазымды адам ұсынылған құжаттардың толықтығын (дұрыстығын) тексереді және өтініштерді тіркеу журналында тіркейді;

3 3) уәкілетті органда түскен құжаттарды тарату;

4 4) уәкілетті органның өтінішті қарауға жауапты адамы құжаттар келіп түскен кезде:

тізбеге сәйкес құжаттардың сәйкестігін және қажеттілігін тексереді;
құжаттарға сараптама жүргізеді;
өтінім берілген өнімнің Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімінде болуын тексереді;
мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің жұмысшы нұсқасын басып шығарады;
құжаттарды қарау нәтижелері бойынша өтінім берілген өнімнің санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешім қабылданады.
Сәйкес келмеген жағдайда орындаушы өтініш берушіге жазбаша бас тартуды жазады.

5 5) өтінім берілген өнім санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келген жағдайда:

жұмысшы нұсқаға қол қойылады;
нөмір беріледі;
куәліктің ақырғы нұсқасы басып шығарылады;
оны басшы куәландырады;
уәкілетті орган басып шығарады.

6 6) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы беру терезесіне беріледі.

7 7) тіркелген өнім Кеден одағының Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізіліміне деректер базасына жазылады және күнделікті Кеден одағының сайтына жіберіледі.

3 3. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі іс-әрекеттердің (өзара іс-әрекеттердің) тәртібін сипаттау

13 13. Кіріс хат-хабарларды ресімдеу және алушының немесе өкілдің мемлекеттік қызмет көрсетуге берген өтінішінің қабылданғаны (тіркелгені) туралы оның ақпарат алу тәртібі:

1 1) мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау және тіркеу тиісті кіріс нөмірін беруі және күнін көрсете отырып жүргізіледі;

2 2) алушыға немесе өкілге Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы талон беріледі.

14 14. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушымен стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылады.

15 15. Ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар көзделмеген.

16 16. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) тартылған:

1 1) өтініштерді қабылдауға және тіркеуге жауапты уәкілетті органның лауазымды адамы;

2 2) уәкілетті органның басшысы;

3 3) уәкілетті орган басшысының орынбасары;

4 4) уәкілетті органның басқарма (бөлім) бастығы;

5 5) уәкілетті органның мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты лауазымды адамы.

17 17. Әрбір әкімшілік іс-әрекетті (рәсімдерді) орындау мерзімін көрсете отырып, әрбір ҚФБ-ның әкімшілік іс-әрекеттерінің (рәсімдерінің) жүйелігі мен өзара іс-әрекетінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы регламентке 1-қосымшада келтірілген.

18 18. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық жүйелігі мен ҚФБ арасындағы өзара іс-әрекетті көрсететін схема осы регламентке 2-қосымшада келтірілген.

19 19. Берілетін сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыға ілеспе хат не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап уәкілетті органның ресми бланкісінде еркін түрде жазбаша беріледі.

0.1 Әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) жүйелігі мен өзара іс-әрекетінің сипаттамасы

«Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық
және биологиялық активті қоспаларды,
генетикалық түрлендірілген объектілерді,
бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және
дератизация құралдарын, сумен және тамақ
өнімдерімен жанасатын материалдар мен
бұйымдарды, химиялық заттарды, адам
денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер
мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік
тіркеу» мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша
Әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) жүйелігі мен өзара іс-әрекетінің сипаттамасы
1-кесте. ҚФБ-ның іс-әрекеттерінің сипаттамасы
Негіз­гі үде­рі­стің (жұ­мыстар­дың ба­ры­сы, ағы­мы) әре­ке­ті
1
Іс-әре­кет (жұ­мыстар­дың ба­ры­сы, ағы­мы) №
1
2
3
4
5
2
ҚФБ ата­уы
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның өті­ніш­тер­ді қа­был­да­у­ға және тір­ке­у­ге жа­у­ап­ты ла­у­а­зым­ды ада­мы
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның бас­шы­сы
Уәкі­лет­ті ор­ган бас­шы­сы­ның орын­ба­са­ры
Уәкі­лет­ті  ор­ган­ның бас­қар­ма (бө­лім) ба­стығы;
Ба­стық
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге жа­у­ап­ты ла­у­а­зым­ды ада­мы
3
Іс-әре­кет­тің (үде­рі­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Құ­жат­тың то­лық­тығ­ын тек­се­ру, қа­был­дау
Хат-ха­бар­мен та­ны­су, оны орын­ба­са­ры­на бе­ру ту­ра­лы нұс­қау бе­ре­ді
Хат-ха­бар­мен та­ны­су, оны ба­стық­қа бе­ру ту­ра­лы нұс­қау бе­ре­ді
Хат-ха­бар­мен та­ны­су, оны мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге жа­у­ап­ты ла­у­а­зым­ды адам­ға бе­ру ту­ра­лы нұс­қау бе­ре­ді
Хат-ха­бар­мен та­ны­су, тіз­бе­ге сәй­кес құ­жат­тар­дың сәй­кест­і­гін тек­се­ре­ді;
өті­нім бе­рі­л­ген өнім­нің зерт­ха­на­лық зерт­теу нәти­же­ле­ріне сәй­кест­і­гін тек­се­ру;
мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік­тің жұ­мыс­шы нұс­қа­сын ба­сып шы­ға­ра­ды;
құ­жат­тар­ды және мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік­тің жұ­мыс­шы кө­шір­ме­сін уәкі­лет­ті ор­ган­ның бас­шы­сы­ның қа­ра­уы­на бұ­ры­шта­ма қою үшін ен­гі­зе­ді.
Мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті қол қою үшін ре­сім­деу.
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру-өкім­дік ше­шім)
Өті­ніш­тер­ді тір­кеу жур­на­лын­да тір­кеу және уәкі­лет­ті ор­ган­ның бас­шы­сы­на тір­ке­ле­тін өнім­ге құ­жат­тар па­ке­тін бе­ру
Қа­рар­лар­ды қо­яды
Қа­рар­лар­ды қо­яды
Қа­рар­лар­ды қо­яды
Алушы­ға неме­се өкі­л­ге Мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті (қа­ғаз та­сы­мал­да­ғы­шта) бе­ру
5
Орын­дау мер­зім­де­рі
30 ми­нут
1-2 жұ­мыс кү­ні
1-2 жұ­мыс кү­ні
1-2 жұ­мыс кү­ні
13-15 жұ­мыс кү­ні
2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс
Негіз­гі үде­ріс (жұ­мыстар­дың ба­ры­сы, ағы­мы)
1
2
3
4
5
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның өті­ніш­тер­ді қа­был­да­у­ға және тір­ке­у­ге жа­у­ап­ты ла­у­а­зым­ды ада­мы
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның бас­шы­сы
Уәкі­лет­ті ор­ган бас­шы­сы­ның орын­ба­са­ры
Уәкі­лет­ті  ор­ган­ның бас­қар­ма (бө­лім) ба­стығы;
Ба­стық
ҚФБ 5.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ге жа­у­ап­ты ла­у­а­зым­ды адам
№ 1 әре­кет
Құ­жат­тар­дың то­лық­тығ­ын тек­се­ру, өті­ніш­тер­ді тір­кеу жур­на­лын­да тір­кеу және құ­жат­тар­ды бас­шы­ға бе­ру
№ 2 әре­кет
Хат-ха­бар­мен та­ны­су, оны орын­ба­са­ры­на бе­ру ту­ра­лы нұс­қау бе­ре оты­рып қа­рар­лар­ды қою
№ 3 әре­кет
Хат-ха­бар­мен та­ны­су, оны ба­стық­қа бе­ру ту­ра­лы нұс­қау бе­ре оты­рып қа­рар­лар­ды қою
№ 4 әре­кет
Хат-ха­бар­мен та­ны­су, мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ге жа­у­ап­ты ла­у­а­зым­ды адам­ға құ­жат­тар­ды бе­ру ту­ра­лы нұс­қау бе­ре оты­рып қа­рар­лар­ды қою
№ 5 әре­кет
Хат-ха­бар­мен та­ны­су, бе­кі­ті­л­ген тіз­бе­ге сәй­кес құ­жат­тар­дың сәй­кест­і­гін тек­се­ре­ді;
өті­нім бе­рі­л­ген өнім­нің зерт­ха­на­лық зерт­теу нәти­же­ле­ріне сәй­кест­і­гін тек­се­ру;
мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік­тің жұ­мыс­шы нұс­қа­сын ре­сім­деу және өті­нім бе­рі­л­ген өнім­ге ар­нал­ған құ­жат­тар­ды уәкі­лет­ті ор­ган­ның бас­шы­сы­на қа­ра­у­ға ен­гі­зе­ді.
№ 6 әре­кет
Мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті ре­сім­дей­ді (қа­ғаз та­сы­мал­да­ғы­шта)
№ 7 әре­кет
Алушы­ға неме­се өкі­л­ге Мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті (қа­ғаз та­сы­мал­да­ғы­шта) бе­ре­ді

0.2 Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық жүйелігі мен ҚФБ арасындағы өзара іс-әрекетті көрсететін схема

«Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық
және биологиялық активті қоспаларды,
генетикалық түрлендірілген объектілерді,
бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және
дератизация құралдарын, сумен және тамақ
өнімдерімен жанасатын материалдар мен
бұйымдарды, химиялық заттарды, адам
денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер
мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік
тіркеу» мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық жүйелігі мен ҚФБ арасындағы өзара іс-әрекетті көрсететін схема

Қолданыстағы