Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги "Продление и выдача выездных виз"

Бұйрық · № 597 · қабылданған 09.11.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-68918/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги "Продление и выдача выездных виз" Күшін жойған Бұйрық ·№ 597 ·09.11.2012
03.03.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.03.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги "Продление и выдача выездных виз"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 597 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги "Продление и выдача выездных виз"
Атауы (қаз.)
"Шығу визаларын ұзарту және беру" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
597
Қабылданған күні
09.11.2012
Көрсетілген редакция
03.03.2014 AI68918_2.kaz
Соңғы өзгеріс
03.03.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200008120
ЭКБ идентификаторы
68918
Редакция идентификаторы
AI68918_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:56

0 "Шығу визаларын ұзарту және беру" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

«Әкiмшiлiк рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса берiлiп отырған «Шығу визаларын ұзарту және беру» мемлекеттік қызмет регламенті бекiтiлсiн.

2 2. Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон полициясы комитеті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттік тiркеудi;

2 2) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми жариялауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрiнiң орынбасары Қ.С. Тыныбековке және Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон полициясы комитетіне (П.К. Нокин) жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

0 «Шығу визаларын ұзарту және беру» мемлекеттiк қызмет регламентi

Қазақстан Республикасы
Iшкi iстер министрiнiң
2012 жылғы 9 қарашадағы
№ 597 бұйрығымен бекiтiлген
«Шығу визаларын ұзарту және беру» мемлекеттiк қызмет регламентi

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Шығу визаларын ұзарту және беру» мемлекеттiк қызмет регламенті (бұдан - әрі регламент) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-бабына, сондай-ақ «Шығу визаларын ұзарту және беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 200 қаулысымен бекітілген «Шығу визаларын ұзарту және беру» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) сәйкес әзірленді.

2 2. Осы регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) тұтынушы - мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш білдірген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;

2 2) құрылымдық-функциялық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) - мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын уәкілетті органдардың жауапты адамдары, мемлекеттік органдар, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөліністері, ақпараттық жүйелер немесе кіші жүйелер.

3 3. Мемлекеттік қызметті стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша Астана және Алматы қалаларының және облыстардың ішкі істер департаменттері көші-қон полициясы басқармалары (бұдан әрі - ІІД КҚПБ) көрсетеді.

4 4. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

5 5. Мемлекеттік қызмет:

1 1) «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңының 9-бабы 12-тармақшасының;

2 2) «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңының 21, 22, 23, 24, 27, 28-баптарының;

3 3) стандарттың негізінде жүзеге асырылады.

6

6. Шетелдіктің паспортына немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өтуге құқық беретін өзге құжатқа желімдеп жапсырылатын Қазақстан Республикасының толтырылған визасы не болмаса қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәйекті жауап көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.

2 2. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қойылатын талаптар

7 7. Мемлекеттiк қызметтi тұтынушының уақытша болатын немесе тұрақты тұратын жері бойынша көшi-қон полициясы бөлiнiстерi көрсетедi.

8 8. Мемлекеттік қызмет аптасына бес жұмыс күні, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, сондай-ақ сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін ұсынылады. Қабылдау кезекке тұру тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

9

9. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi және қажеттi құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгiлерi Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрлiгiнiң (бұдан әрi - IIМ) mvd.gov.kz, облыстардың, Астана, Алматы қалалары ішкi iстер департаменттерiнiң (бұдан әрi - IIД) интернет-ресурсында «Iшкi iстер органдарының қызметi туралы» бөлiмде, сондай-ақ көші-қон полициясы бөліністерінде орналасқан ресми ақпарат көздері мен стендтерде орналастырылады.

10 10. Мемлекеттiк қызметті алу үшін тұтынушы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

11 11. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі стандарттың 7-тармағында көрсетілген.

12 12. Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылады.

3 3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiндегi iс-әрекеттердің (өзара iс-қимыл жасасу) сипаттамасы

13 13. Көшi-қон полициясы бөлiнiстерiнде құжаттарды қабылдау «терезелер» арқылы жүзеге асырылады, оларда көші-қон полициясы инспекторының тегі, әкесінің аты және лауазымы көрсетіледі.

Көші-қон полициясы бөлінісіне құжаттарды тапсырғаннан кейін тұтынушыға стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті құжаттарды қабылдау туралы талон беріледі; онда:
құжаттың нөмірі мен қабылданған күні;
сұрау салынатын мемлекеттік қызметтің күні;
құжаттарды беру күні, уақыты және орны;
құжаттарды қабылдаған көші-қон полициясы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.

14 14. Ақпараттық қауiпсiздiкке қойылатын талаптар жоқ.

15 15. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiне мынадай ҚФБ - ІІД КҚПБ қызметкері қатысады.

16 16. Әрбір әкiмшiлiк iс-әрекеттi орындау мерзiмiн көрсете отырып, әрбiр ҚФБ-ның әкiмшiлiк iс-әрекеттерiнiң (рәсiмдерiнiң) ретi мен өзара iс-қимыл жасасуының кестелiк сипаттамасы осы регламентке 1-қосымшада келтiрiлген.

17 17. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде әкiмшiлiк iс-әрекеттердiң қисынды ретi мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың сызбасы осы регламентке 2-қосымшада келтiрiлген.

1 Әкiмшiлiк іс-әрекеттердің (рәсімдердің) реті мен өзара iс-қимыл жасасуының сипаттамасы

«Шығу визаларын ұзарту және беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша
Әкiмшiлiк іс-әрекеттердің (рәсімдердің) реті мен өзара iс-қимыл жасасуының сипаттамасы
1-кесте. ҚФБ iс-әрекеттерiнiң сипаттамасы. Негiзгi процесс.
Негiз­гi про­це­стің iс-әре­кетi (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­ны)
1
Iс-әре­кет­тiң (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­ны) №
1
2
2
ҚФБ ата­уы
ІІД КҚПБ
ІІД КҚПБ
3
Iс-әре­кет­тiң (про­це­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
тұ­ты­ну­шы ұсын­ған құ­жат­тар­ды қа­был­дау және тек­се­ру
ар­най есеп­тер бой­ын­ша тек­се­ру
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық-өкiм­дік ше­шiм)
мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін құ­жат­тар­ды қа­был­да­ға­ны ту­ра­лы та­лон бе­ру
ви­за­лар­ды ре­сім­деу неме­се ви­за­ны ре­сім­де­уден бас тар­ту
5
Орын­дау мерзi­мi
15 ми­нут­тың ішін­де
күн­тіз­бе­лік 5 күн

2 Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде әкімшілік іс-әрекеттердің қисынды реті мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың сызбасы

«Шығу визаларын ұзарту және беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде әкімшілік іс-әрекеттердің қисынды реті мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың сызбасы

Қолданыстағы