Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах лицензирования деятельности по оказанию услуг по складской деятельности с выдачей хлопковых расписок

Қаулы · № 1506 · қабылданған 29.11.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-68927/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О некоторых вопросах лицензирования деятельности по оказанию услуг по складской деятельности с выдачей хлопковых расписок Күшін жойған Қаулы ·№ 1506 ·29.11.2012
10.12.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах лицензирования деятельности по оказанию услуг по складской деятельности с выдачей хлопковых расписок

Күшін жойған Қаулы ·№ 1506 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах лицензирования деятельности по оказанию услуг по складской деятельности с выдачей хлопковых расписок
Атауы (қаз.)
Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1506
Қабылданған күні
29.11.2012
Көрсетілген редакция
10.12.2015 AI68927_2.kaz
Соңғы өзгеріс
10.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200001506
ЭКБ идентификаторы
68927
Редакция идентификаторы
AI68927_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:43

0 Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы

«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.

2 2. Облыстардың жергілікті атқарушы органдары мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөнiндегi қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар болып белгіленсін.

3 3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 29 қарашадағы
№ 1506 қаулысымен
бекітілген
Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі
Р/с

Бiлiк­тiлiк та­лап­та­ры
Бiлiк­тiлiк та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гін рас­тай­тын құ­жат­тар
Ес­керт­пе
1
2
3
4
1
Мақ­та қол­хат­та­ры бой­ын­ша мiн­дет­те­ме­лер­дiң орын­да­луы­на ке­пiл­дiк бе­ру жүй­есiне қа­ты­су
Мақ­та қол­хат­та­ры бой­ын­ша мін­дет­те­ме­лер­дің орын­да­луы­на ке­піл­дік бе­ру жүй­е­сіне қа­ты­су шар­ты­ның кө­шір­ме­сі (са­лы­сты­рып тек­се­ру үшін түп­нұс­қа­сы ұсы­ныл­ма­ған жағ­дай­да но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған)
2
Мақ­та қол­хат­та­рын бе­ру­ді есеп­ке алу*
Заң­ды тұл­ға­ның қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру ор­ны бой­ын­ша тек­се­рі­луі ти­іс
3
Мен­шiк құқы­ғын­да мақ­та та­за­лау за­уы­ты­ның бо­луы
Мақ­та та­за­лау за­уы­ты­ның мен­шік құқы­ғын рас­тай­тын жы­л­жы­май­тын мү­лік­ке және оны­мен жа­сал­ған мәмі­ле­лер­ге және заң­на­ма­да бел­гі­лен­ген ны­сан бой­ын­ша үшін­ші тұ­лға­лар­дың мін­дет­те­ме­ле­рі бой­ын­ша оған ауырт­па­лық­тың жоқ­тығ­ы­на құқық­ты тір­кеу ор­га­ны анық­та­ма­сы­ның түп­нұс­қа­сы
4
Мақ­та та­за­лау за­уы­тын­да:
ке­мiн­де бiр мақ­та қа­был­дау пунк­тiнiң;
шит­тi мақ­та­ны тал­шық­ты мақ­та­ға ба­стап­қы қай­та өң­деу жөнiн­де­гi тех­но­ло­ги­я­лық опе­ра­ци­я­лар­ды жү­зе­ге асы­ру­ға ар­нал­ған жаб­дық­тың;
та­ра­зы жабды­ғы­ның;
жел­де­ту жабды­ғы­ның;
ти­еу-түсi­ру ме­ха­низмде­рі­нің;
мақ­та­ның са­па­сын анық­та­у­ға ар­нал­ған өн­дiрiстiк-тех­но­ло­ги­я­лық зерт­ха­на­ның;
мақ­та­ны сақ­та­у­ға ар­нал­ған ар­найы бөлiн­ген орын­ның бо­луы
Заң­ды тұл­ға­ның қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру ор­ны бой­ын­ша тек­се­рі­луі ти­іс
5
Мақ­та та­за­лау за­уы­ты тұр­ған жер­ден тыс ор­на­лас­қан мақ­та қа­был­дау пунк­тiн­де:
шит­тi мақ­та­ны қой­ма­ға жи­на­у­ға және сақ­та­у­ға ар­нал­ған ашық (жа­бық) алаң­ның;
та­ра­зы жабды­ғы­ның;
сы­на­ма­лар­ды iрiк­те­у­ге және шит­тi мақ­та­ның са­па­сын анық­та­у­ға ар­нал­ған зерт­ха­на­лық жаб­дық­тың;
ти­еу-түсi­ру ме­ха­низмде­рі­нің бо­луы
Заң­ды тұл­ға­ның қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру ор­ны бой­ын­ша тек­се­рі­луі ти­іс
6
Мақ­та та­за­лау за­уы­тын­да, сон­дай-ақ мақ­та та­за­лау за­уы­ты ор­на­лас­қан орын­нан тыс жер­де­гi мақ­та қа­был­дау пунк­тiн­де өт­кi­зу ре­жи­мiнiң бо­луы
Заң­ды тұл­ға­ның қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру ор­ны бой­ын­ша тек­се­рі­луі ти­іс
7
Тиiстi бiлi­мi бар (бас­шы­лар үшiн – жо­ға­ры тех­ни­ка­лық неме­се тех­но­ло­ги­я­лық бiлiм, ма­ман­дар үшiн – ор­та­дан кей­ін­гі (тех­ни­ка­лық неме­се тех­но­ло­ги­я­лық) бiлiм) тех­ни­ка­лық бас­шы­лар мен ма­ман­дар­дың бiлiк­тi құ­ра­мы­ның бо­луы
Те­гін, атын, әке­сі­нің атын, бі­лі­мі бой­ын­ша ма­манды­ғын, ла­у­а­зы­мын, ма­манды­ғы бой­ын­ша жұ­мыс өті­лін қам­ти­тын өті­ніш бе­ру­ші­нің ди­плом­да­ры­ның кө­шір­ме­ле­рін қо­са бе­ру­мен (са­лы­сты­рып тек­се­ру үшін түп­нұс­қа­сы ұсы­ныл­ма­ған жағ­дай­да но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған) қол қой­ы­л­ған және мөр қой­ы­л­ған жиын­тық кесте мен штат кесте­сі­нің үзін­ді кө­шір­ме­сі
8
Мақ­та та­за­лау за­уы­ты­ның, сон­дай-ақ мақ­та та­за­лау за­уы­ты тұр­ған жер­ден тыс ор­на­лас­қан мақ­та қа­был­дау пунк­тiнiң ау­ма­ғы қор­ша­лу­ға тиiс
Заң­ды тұл­ға­ның қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру ор­ны бой­ын­ша тек­се­рі­луі ти­іс
Ескертпе: * - осы біліктілік талабына лицензиаттың сәйкестігін тексеру лицензиялық бақылау барысында жүзеге асырылады.

1 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 29 қарашадағы
№ 1506 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

1 1. «Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 2 маусымдағы № 449 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 18, 201-құжат).

2 2. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 2 маусымдағы № 449 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1252 қаулысы Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 47, 570-құжат).

3

3. «Шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 449 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 28 маусымдағы № 867 қаулысы.

Қолданыстағы