Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги "Оформление документов для выезда на постоянное жительство за пределы Республики Казахстан"

Бұйрық · № 596 · қабылданған 09.11.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-68943/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги "Оформление документов для выезда на постоянное жительство за пределы Республики Казахстан" Күшін жойған Бұйрық ·№ 596 ·09.11.2012
03.03.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.03.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги "Оформление документов для выезда на постоянное жительство за пределы Республики Казахстан"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 596 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги "Оформление документов для выезда на постоянное жительство за пределы Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға шығу үшін құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
596
Қабылданған күні
09.11.2012
Көрсетілген редакция
03.03.2014 AI68943_2.kaz
Соңғы өзгеріс
03.03.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200008121
ЭКБ идентификаторы
68943
Редакция идентификаторы
AI68943_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:56

0 "Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға шығу үшін құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

«Әкiмшiлiк рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса берiлiп отырған «Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға шығу үшін құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламенті бекiтiлсiн.

2 2. Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон полициясы комитеті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттік тiркеудi;

2 2) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми жариялауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрiнiң орынбасары Қ.С. Тыныбековке және Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон полициясы комитетіне (П.К. Нокин) жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

0 «Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға шығу үшін құжаттарды ресімдеу» мемлекеттiк қызмет регламентi

Қазақстан Республикасы
Iшкi iстер министрiнiң
2012 жылғы 9 қарашадағы
№ 596 бұйрығымен бекiтiлген
«Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға шығу үшін құжаттарды ресімдеу» мемлекеттiк қызмет регламентi

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға шығу үшін құжаттарды ресімдеу» мемлекеттiк қызмет регламенті (бұдан әрі - регламент) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-бабына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға шығу үшін құжаттар ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 199 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға шығу үшін құжаттарды ресімдеу» мемлекеттiк қызмет стандартына (бұдан әрi - стандарт) сәйкес әзірленді.

2 2. Осы регламентте мынадай түсiнiктер пайдаланылады:

1 1) тұтынушы - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет алу үшiн өтiнiш бiлдiрген 18 жастан, ал некеде тұратындар - 16 жастан асқан азаматтары;

2 2) құрылымдық-функциялық бiрлiктер (бұдан әрі - ҚФБ) - мемлекеттiк қызмет көрсету процесiне қатысатын уәкiлеттi органдардың жауапты адамдары, мемлекеттік органдар, мемлекеттiк органдардың құрылымдық бөлiнiстерi, ақпараттық жүйелер немесе кiшi жүйелер.

3 3. Мемлекеттік қызметті стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының көші-қон полициясы бөліністері (бұдан әрі - көші-қон полициясы бөліністері) көрсетеді.

4 4. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.

5 5. Мемлекеттік қызмет:

1 1) «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңының 54-56-баптарының;

2 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 361 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға шығу үшін құжаттар ресімдеу қағидаларының» 5-10-тармақтарының;

3 3) стандарттың негізінде жүзеге асырылады.

6 6. Тұтынушыға Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға шығу үшін құжаттар ресімдеу не болмаса қызмет ұсынудан бас тарту туралы дәйекті жауап мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.

2 2. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қойылатын талаптар

7 7. Мемлекеттiк қызметті тұтынушының тұрақты тұрғылықты жері бойынша көші-қон полициясы бөліністері көрсетеді.

8 8. Мемлекеттік қызмет аптасына бес жұмыс күні, сағат 13-00-ден 14-30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9-00-ден 18-30-ға дейiн, сондай-ақ сенбi күні сағат 9-00-ден 13-00-ге дейiн ұсынылады. Қабылдау кезекке тұру тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жылдам қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.

9

9. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi және қажеттi құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгiлерi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң (бұдан әрi - IIМ) mvd.gov.kz және облыстардың, Астана, Алматы қалалары iшкi iстер департаменттерiнiң (бұдан әрi - IIД) интернет-ресурсында «Iшкi iстер органдарының қызметi туралы» бөлiмде, сондай-ақ көшi-қон полициясы бөлiнiстерiнде орналасқан ресми ақпарат көздерi мен стендтерде орналастырылады.

10 10. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.

11 11. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi стандарттың 7-тармағында көрсетілген.

12 12. Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылады.

3 3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiндегi iс-әрекеттердің (өзара iс-қимыл жасасу) сипаттамасы

13 13. Көшi-қон полициясы бөлiнiстерiнде құжаттарды қабылдау «терезелер» арқылы жүзеге асырылады, оларда көшi-қон полициясы инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты және лауазымы көрсетiледi.

Көші-қон полициясы бөлінісіне құжаттарды тапсырғаннан кейін тұтынушыға стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті құжаттарды қабылдау туралы талон беріледі, онда:
құжаттың нөмірі мен қабылданған күні;
сұрау салынатын мемлекеттік қызметтің түрін;
құжаттарды беру күні, уақыты және орны;
құжаттарды қабылдаған көші-қон полициясы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.

14 14. Ақпараттық қауiпсiздiкке қойылатын талаптар жоқ.

15 15. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiне мынадай ҚФБ-лар:

1 1) iшкi iстер органының қалалық, аудандық, қаладағы аудандық, кенттiк бөлiмнің, бөлімшесінің, тобының (бұдан әрі - ҚАІІО) көшi-қон полициясы бөлінісінің қызметкерi;

2 2) облыстардың, Алматы және Астана қалаларының ІІД Көшi-қон полициясы басқармасының қызметкерi;

3 3) облыстардың, Алматы және Астана қалаларының Ұлттық қауіпсіздік департаментінің (бұдан әрі - ҰҚКД) қызметкері;

4 4) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті аумақтық бөліністерінің (бұдан әрі - ҚР БП ҚСжАЕК) қызметкері;

5 5) облыстардың, Алматы және Астана қалалары Сот актілерін орындау жөніндегі департаментінің (бұдан әрі - САОД) қызметкері;

6 6) облыстардың, Алматы және Астана қалалары Салық департаментінің (бұдан әрі - СД) қызметкері;

7 7) қорғаныс істері жөніндегі қалалық, аудандық, қаладағы аудандық басқарманың (бөлімнің) (бұдан әрі - ҚБ) қызметкері қатысады.

16 16. Әрбiр әкiмшiлiк iс-әрекеттi орындау мерзiмiн көрсете отырып, ҚФБ-ның әкiмшiлiк iс-әрекеттерiнiң (рәсiмдерiнiң) ретi мен өзара iс-қимыл жасасуының кестелiк сипаттамасы осы регламентке 1-қосымшада келтiрiлген.

17 17. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде әкiмшiлiк iс-әрекеттердiң қисынды ретi мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың сызбасы осы регламентке 2-қосымшада келтiрiлген.

1 Әкiмшiлiк iс-әрекеттердің (рәсiмдердің) реті мен өзара iс-қимыл жасасуының сипаттамасы

«Қазақстан Республикасынан тыс
жерлерге тұрақты тұруға шығу үшін
құжаттарды ресімдеу» мемлекеттiк
қызмет регламентiне
1-қосымша
Әкiмшiлiк iс-әрекеттердің (рәсiмдердің) реті мен өзара iс-қимыл жасасуының сипаттамасы
1-кесте. ҚФБ iс-әрекеттерiнiң сипаттамасы. Негiзгi процесс.
Негiз­гi про­це­стiң iс-әре­кетi (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­ны)
1
№ іс-әре­кет (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­ны) №
1
2
2
ҚФБ ата­уы
ҚА­І­ІО
ҚА­І­ІО
3
Iс-әре­кет­тiң (про­це­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
өті­ніш бе­ру­ші­нің құ­жат­та­ры­ның па­ке­тін қа­был­дау және тек­се­ру
құ­жат­тар­ды ІІД-ге жол­дау
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық-өкiм­дік ше­шiм)
жур­нал­да тір­кеу және ал­ға­ны ту­ра­лы анық­та­ма бе­ру
Іле­с­пе хат
5
Орын­дау мер­зі­мі
10 ми­нут
2 күн
6
Ке­ле­сі әре­кет­тің нө­мі­рі
2
3
1-кестенің жалғасы
Негiз­гi про­це­стiң iс-әре­кетi (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­ны)
1
3
4
5
6
2
ІІД
ІІД
ҰҚКД
ҚР БП ҚСжА­ЕК
3
мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін негіз­дер­дің жоқ еке­ніне ма­те­ри­ал­дар­ды тек­се­ру
ма­те­ри­ал­дар­ды ҰҚКД-ге, ҚР БП ҚСжА­ЕК-ге, СА­ОД-ге, СД-ге ке­лі­су­ге жол­дау
мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін негіз­дер­дің жоқ еке­ніне тек­се­ру
мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін негіз­дер­дің жоқ еке­ніне тек­се­ру
4
Қо­ры­тын­ды
Сұ­рау са­лу
Қо­ры­тын­ды
Қо­ры­тын­ды
5
5 күн
2 күн
10 күн
10 күн
6
4
5, 6, 7, 8
9
9
1-кестенің жалғасы
Негiз­гi про­це­стiң iс-әре­кетi (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­ны)
1
7
8
9
10
2
СА­ОД
СД
ІІД
ІІД
3
мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін негіз­дер­дің жоқ еке­ніне тек­се­ру
мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін негіз­дер­дің жоқ еке­ніне тек­се­ру
ше­шім шы­ға­ру және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан тыс жер­лер­ге тұ­рақ­ты тұ­ру­ға шы­ғу үшін ре­сім­деу
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан тыс жер­лер­ге тұ­рақ­ты тұ­ру­ға шы­ғу үшін ре­сім­дел­ген құ­жат­тар­ды ҚА­І­ІО-ға жол­дау
4
қо­ры­тын­ды
қо­ры­тын­ды
шы­ғу­ға ре­сім­дел­ген құ­жат­тар
іле­с­пе хат
5
10 күн
10 күн
3 күн
2 күн
6
9
9
10
11
1-кестенің жалғасы
Негiз­гi про­це­стiң iс-әре­кетi (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­ны)
1
11
12
13
14
2
ҚА­І­ІО
ҚБ
ҚА­І­ІО
ҚА­І­ІО
3
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан тыс жер­лер­ге тұ­рақ­ты тұ­ру­ға шы­ғу үшін құ­жат­тар­ды ре­сім­деу ту­ра­лы тұ­ты­ну­шы­ның ха­бар­ла­уы және әс­ке­ри есеп­тен шы­ғу және әс­ке­ри би­лет­ті тап­сы­ру үшін ҚБ-ға жол­да­ма бе­ру
тұ­ты­ну­шы­ны әс­ке­ри есеп­тен шы­ға­ру және әс­ке­ри би­лет­ті тап­сыр­ға­ны ту­ра­лы анық­та­ма бе­ру
тұ­ты­ну­шы­ны Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ау­ма­ғы­нан тұ­рақ­ты тұ­ру же­рі бой­ын­ша тір­ке­уден шы­ға­ру
өті­ніш бе­ру­ші­ге Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан тыс жер­лер­ге тұ­рақ­ты тұ­ру­ға шы­ғу үшін дай­ын құ­жат­тар­ды бе­ру
4
жол­да­ма
анық­та­ма
шы­ғу ме­кен­жай па­ра­ғы
5
2 күн
1 күн
1 күн
10 ми­нут
6
12
13
14
2. Кесте. Пайдалану варианттары. Негізгі процесс - Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға шығу үшін құжаттарды ресімдеу
Негiз­гi про­цесс (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­ны)
ҚА­І­ІО
ІІД
ҰҚКД
ҚР БП ҚСжА­ЕК
1. Өті­ніш бе­ру­ші­нің құ­жат­та­рын қа­был­дау және тек­се­ру
3. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін негіз­дер­дің жоқ еке­ніне ма­те­ри­ал­дар­ды тек­се­ру
5. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін негіз­дер­дің жоқ еке­ніне тек­се­ру
6. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін негіз­дер­дің жоқ еке­ніне тек­се­ру
2. То­лық құ­жат­тар­ды ІІД-ге жол­дау
4. Ма­те­ри­ал­дар­ды ҰҚКД-ге, ҚР БП ҚСжА­ЕК-ге, СА­ОД-ге, СД-ге ке­лі­су­ге жол­дау
11. Тұ­ты­ну­шы­ға Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан тыс жер­лер­ге тұ­рақ­ты тұ­ру­ға шы­ғу үшін құ­жат­тар­ды ре­сім­деу ту­ра­лы ха­бар­лау және әс­ке­ри есеп­тен шы­ға­ру және әс­ке­ри би­лет­ті тап­сы­ру үшін ҚБ-ға жол­да­ма бе­ру
9. Ше­шім шы­ға­ру және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан тыс жер­лер­ге тұ­рақ­ты тұ­ру­ға шы­ғу үшін ре­сім­деу
13. Тұ­ты­ну­шы­ны Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ау­ма­ғы­нан тұ­рақ­ты тұ­ру же­рі бой­ын­ша тір­ке­уден шы­ға­ру
10. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан тыс жер­лер­ге тұ­рақ­ты тұ­ру­ға шы­ғу үшін ре­сім­дел­ген құ­жат­тар­ды ҚА­І­ІО-ға жол­дау
14. Өті­ніш бе­ру­ші­ге Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан тыс жер­лер­ге тұ­рақ­ты тұ­ру­ға шы­ғу үшін дай­ын құ­жат­тар­ды бе­ру
2-кестенің жалғасы
Негiз­гi про­цесс (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­ны)
СА­ОД
СД
ҚБ
7. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін негіз­дер­дің жоқ еке­ніне тек­се­ру
8. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін негіз­дер­дің жоқ еке­ніне тек­се­ру
12. Тұ­ты­ну­шы­ны әс­ке­ри есеп­тен шы­ға­ру және әс­ке­ри би­лет­ті тап­сыр­ға­ны ту­ра­лы анық­та­ма бе­ру
3-кесте. Балама процесс – Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға шығу үшін құжаттарды ресімдеуден бас тарту
Негiз­гi про­цесс (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­ны)
ҚА­І­ІО
ІІД
ҰҚКД
ҚР БП ҚСжА­ЕК
1. Өті­ніш бе­ру­ші­нің құ­жат­та­рын қа­был­дау және тек­се­ру
3. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін негіз­дер­дің жоқ еке­ніне ма­те­ри­ал­дар­ды тек­се­ру
5. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін негіз­дер­дің жоқ еке­ніне тек­се­ру
7. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін негіз­дер­дің жоқ еке­ніне тек­се­ру
2. ІІД-ге то­лық құ­жат­тар­ды жол­дау
4. Ма­те­ри­ал­дар­ды ҰҚКД-ге, ҚР БП ҚСжА­ЕК-ге, СА­ОД-ге, СД-ге ке­лі­су­ге жол­дау
6. Стан­дарт­тың 16-тар­ма­ғы­ның 1) тар­мақ­ша­сын­да көз­дел­ген негіз­дер болған кез­де ти­іс­ті ақ­па­рат­ты ІІД-ге жол­дау
8. Стан­дарт­тың 16-тар­ма­ғы­ның 2),  3) тар­мақ­ша­ла­рын­дакөз­дел­ген негіз­дер болған кез­де ти­іс­ті ақ­па­рат­ты ІІД-ге жол­дау
15. Тұ­ты­ну­шы­ға Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан тыс жер­лер­ге тұ­рақ­ты тұ­ру­ға шы­ғу­дан бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­лау
13. Уәкі­лет­ті ор­ган­ның ше­ші­мі­нің негі­зін­де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан тыс жер­лер­ге тұ­рақ­ты тұ­ру­ға шы­ғу­дан бас тар­ту ту­ра­лы ше­шім шы­ға­ру
14. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан тыс жер­лер­ге тұ­рақ­ты тұ­ру­ға шы­ғу­дан бас тар­ту ту­ра­лы ше­шім­ді ҚА­І­ІО-ға жол­дау
3-кестенің жалғасы
Негiз­гi про­цесс (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­ны)
СА­ОД
СД
9. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін негіз­дер­дің жоқ еке­ніне тек­се­ру
11. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін негіз­дер­дің жоқ еке­ніне тек­се­ру
10. Стан­дарт­тың 16-тар­ма­ғы­ның 4), 7) тар­мақ­ша­ла­рын­да көз­дел­ген негіз­дер болған кез­де ти­іс­ті ақ­па­рат­ты ІІД-ге жол­дау
12. Аза­мат­тың са­лық бо­ры­шы болған жағ­дай­да ти­іс­ті ақ­па­рат­ты ІІД-ге жол­дау

2 Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде әкімшілік іс-әрекеттердің қисынды реті мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың сызбасы

«Қазақстан Республикасынан тыс
жерлерге тұрақты тұруға шығу үшін
құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік
қызмет регламентіне
2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде әкімшілік іс-әрекеттердің қисынды реті мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың сызбасы

Қолданыстағы