Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций
- Атауы (қаз.)
- Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін,сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1025
- Қабылданған күні
- 09.11.2012
- Көрсетілген редакция
- 02.04.2014 68966_162214.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.04.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G12MA01025A
- ЭКБ идентификаторы
- 68966
- Редакция идентификаторы
- 68966_162214
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 00:55
0 Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін,сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына және 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабы 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, қылмыстық - атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ақтау қаласының жұмыс берушілеріне жұмыс орындарына мынадай квота белгіленсін:
қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындары жалпы санының бір пайызы мөлшерінде;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындары жалпы санының бір пайызы мөлшерінде;
интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындары жалпы санының бір пайызы мөлшерінде.
2 2. «Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Г. Хайрлиева):
1 1) белгіленген квотаға сәйкес бос жұмыс орындарына қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрғандардың, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандардың жіберілуі;
2 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның интернет-ресурста жариялануы камтамасыз етілсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Р.Т. Елтизаровқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»:
«Ақтау қалалық жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Г.Н.Хайрлиева
09 қараша 2012 жыл