Құжат мәтініне өту

Об оказании социальной помощи

Қаулы · № 399 · қабылданған 28.11.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-68971/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об оказании социальной помощи Күшін жойған Қаулы ·№ 399 ·28.11.2012
28.02.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.02.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании социальной помощи

Күшін жойған Қаулы ·№ 399 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании социальной помощи
Атауы (қаз.)
Әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
399
Қабылданған күні
28.11.2012
Көрсетілген редакция
28.02.2013 68971_217777.kaz
Соңғы өзгеріс
28.02.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12TB002649
ЭКБ идентификаторы
68971
Редакция идентификаторы
68971_217777
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:44

0 Әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1 тармағының 14) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" қаулысына және аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 5 қазандағы № 6-14 "2012 жылғы ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарын айқындау туралы" шешіміне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Келесі санаттағы азаматтарға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілсін:

1 1) жалғыз басты мүгедектерге;

2 2) жоғарғы және арнаулы оқу орындарының күндізгі бөлімдерінде ақылы түрде оқитын тұл жетім cтуденттерге;

3 3) кәмелет жасқа толмаған тұл жетімдерге;

4 4) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасыларындағы 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;

5 5) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасыларындағы ең аз мөлшерде зейнетақы алатын эейнеткерлерге;

6 6) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасыларындағы "Жылыой ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің есебінде тұрған жұмыссыз азаматтарға;

7

7) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардағы "Жылыой ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің сол кезде есебінде тұрған жұмыссыздар қайтыс болған жағдайда оларды жерлейтін тұлғаларға;

8 8) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасыларындан қысылтаяң, төтенше жағдайларға тап болған (өрт, бір айдан ұзаққа созылған ауру) тұлғаларға;

9 9) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардың күндізгі бөлімдерінде ақылы түрде оқитын cтуденттерге;

10 10) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардан 1 жасқа дейінгі жасанды тамақтандырылатын балалары бар тұлғаларға;

11 11) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардан Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасымен емделуге, тексерілуге жіберілген тұлғаларға.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жылыой ауданы әкімінің орынбасары І. Елтезеровке жүктелсін.

3 3. Осы қаулыны Жылыой ауданы әкімінің веб-сайтына орналастыру Жылыой аудандық ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Б. Ізімовке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп, ол алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы