О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка
- Атауы (қаз.)
- Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 357
- Қабылданған күні
- 07.11.2012
- Көрсетілген редакция
- 21.01.2022 69023_558645.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.01.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12SD001978
- ЭКБ идентификаторы
- 69023
- Редакция идентификаторы
- 69023_558645
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 00:57
0 Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына, «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 09 шілдедегі Заңының 3-бабы 2-тармағы 3)-тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мыналар айқындалсын:
қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен мөлшерлері (1-қосымшаға сәйкес);
қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу тәртібі (2-қосымшаға сәйкес).
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің орынбасары Ғ.Қ.Айтмұхаметовқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 7 қарашадағы
№ 357 қаулысына
1 қосымша
1 1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің алғыс хаты.
2 2. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің Құрмет грамотасы.
3 3. 10 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшердегі ақшалай сыйақы.
4 4. 10 еселік айлық есептік көрсеткіштен құны аспайтын бағалы сыйлық.
2 Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 7 қарашадағы
№ 357 қаулысына
2 қосымша
Осы тәртіп қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін анықтайды.
1 1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Ақжар ауданы әкімдігі жанындағы аудандық Комиссиямен қаралады (бұдан әрі - Комиссия).
2
2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды Комиссия қарауына «Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті Ақжар ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Ақжар ауданының ПБ) енгізеді.