Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача пропуска на въезд в пограничную зону и пребывание в ней"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача пропуска на въезд в пограничную зону и пребывание в ней"
- Атауы (қаз.)
- "Шекаралық аймаққа келуге және онда болуға рұқсаттаманы беру" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 584
- Қабылданған күні
- 02.11.2012
- Көрсетілген редакция
- 21.02.2014 AI69062_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.02.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1200008113
- ЭКБ идентификаторы
- 69062
- Редакция идентификаторы
- AI69062_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:01
0 "Шекаралық аймаққа келуге және онда болуға рұқсаттаманы беру" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған «Шекаралық аймаққа келуге және онда болуға рұқсаттаманы беру» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми жариялауды;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Қ.С. Тыныбековке Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитетіне (П.К. Нокин) жүктелсін.
4 «Шекаралық аймаққа келуге және онда болуға рұқсаттаманы беру» мемлекеттік қызмет регламенті
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр
полиция генерал-лейтенанты Қ. Қасымов
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2012 жылғы 2 қарашадағы № 584
бұйрығымен бекітілген
«Шекаралық аймаққа келуге және онда болуға рұқсаттаманы беру» мемлекеттік қызмет регламенті
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы «Шекаралық аймаққа келуге онда болуға рұқсаттаманы беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - регламент) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-бабына, сондай-ақ «Шекаралық аймаққа келуге онда болуға рұқсаттама беру ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қазандағы № 1266 қаулысымен бекітілген «Шекаралық аймаққа келуге онда болуға рұқсаттаманы беру» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес әзірленді.
2 2. Осы регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1 1) тұтынушы - мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш білдірген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
2 2) құрылымдық-функциялық бірліктер (ҚФБ) - мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын уәкілетті органдардың жауапты адамдары, мемлекеттік органдар, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөліністері, ақпараттық жүйелер немесе кіші жүйелер.
3
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті (бұдан әрі - ІІМ-нің КҚПК) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша Астана, Алматы қалалары мен облыстардың ішкі істер департаменттерінің көші-қон полициясы басқармалары (бұдан әрі - ІІД-нің КҚПБ) көрсетеді.
4 4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
5 5. Мемлекеттік қызмет:
1 1) «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңының 9-бабының;
2 2) стандарттың негізінде жүзеге асырылады.
6 6. Шекаралық аймаққа келуге онда болуға рұқсаттаманы беру мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады, тиісінше ІІМ КҚПК-нің немесе ІІД КҚПБ-нің көші-қон полициясы бөлінісі бастығының қолымен мөрмен бекітіледі.
2 2. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын талаптар
7 7. Мемлекеттік қызметті тұтынушының тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері бойынша көші-қон полициясы бөліністері көрсетеді.
8 8. Мемлекеттік қызмет аптасына бес жұмыс күні, сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін, сондай-ақ сенбі күні сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін ұсынылады. Қабылдау кезекке тұру тәртібімен, алдын ала жазылусыз жылдам қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
9
9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) mvd.gov.kz облыстардың, Астана, Алматы қалалары ішкі істер департаменттеріңің (бұдан әрі - ІІД) интернет-ресурсында «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімде, сондай-ақ көші-қон полициясы бөліністерінде орналасқан ресми ақпарат көздері мен стендтерде орналастырылады.
10 10. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.
11 11. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері стандарттың 7-тармағында көрсетілген.
12 12. Стандарттың 16-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.
3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-әрекеттердің (өзара іс-қимыл жасасу) сипаттамасы
13 13. Көші-қон полициясы бөліністерінде құжаттарды қабылдау «терезелер» арқылы жүзеге асырылады, оларда көші-қон полициясы инспекторының тегі, аты, әкесінің аты лауазымы көрсетіледі.
Көші-қон полициясы бөлінісіне құжаттарды тапсырғаннан кейін тұтынушыға стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті құжаттарды қабылдау туралы талон беріледі; онда:
құжаттың нөмірі мен қабылдаған күні;
сұрау салынатын мемлекеттік қызмет түрі;
құжаттарды беру күні, уақыты және орны;
құжаттарды қабылдаған көші-қон полициясы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.
14 14. Ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар жоқ.
15 15. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне мынадай ҚФБ-лар:
1 1) қалалық, аудандық, қаладағы аудандық, кенттік ішкі істер органы бөлімінің, бөлімшесінің, тобының көші-қон полициясы бөлінісінің қызметкері;
2 2) облыстардың, Алматы Астана қалаларының ішкі істер департаменті Көші-қон полициясы басқармасының қызметкері қатысады.
16 16. Әрбір әкімшілік іс-әрекетті орындау мерзімін көрсете отырып, әр КФБ-ның әкімшілік іс-әрекеттерінің (рәсімдерінің) реті мен өзара іс-қимыл жасасуының кестелік сипаттамасы осы регламентке 1-қосымшада келтірілген.
17 Әкiмшiлiк iс-әрекеттердің (рәсiмдердің) реті мен өзара iс-қимыл жасасуының сипаттамасы
17. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде әкімшілік іс-әрекеттердің қисынды реті мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың сызбасы осы регламентке 2-қосымшада келтірілген.
«Шекаралық аймаққа келуге және
онда болуға рұқсаттаманы беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша
Әкiмшiлiк iс-әрекеттердің (рәсiмдердің) реті мен өзара iс-қимыл жасасуының сипаттамасы
1-кесте. ҚФБ iс-әрекеттерiнiң сипаттамасы. Негiзгi процесс.
Негiзгi процестiң iс-әрекетi (жұмыс барысы, ағыны)
1
Iс-әрекеттiң (жұмыс барысы, ағыны) №
1
2
2
ҚФБ атауы
ҚАIIО, ҚКПК
ҚАIIО, ҚКПК
3
Iс-әрекеттiң (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы
тұтынушы ұсынған құжаттарды қабылдау және тексеру
арнайы есептер бойынша тексеру
4
Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкiмдік шешiм)
шақыру қағазын беру немесе шақыру қағазын беруден бас тарту
шақыру қағазын алу немесе шақыру қағазын алудан бас тарту
5
Орындау мерзiмi
бір жұмыс күні ішінде
7 күн жұмыс күні ішінде
«Шекаралық аймаққа келуге және
онда болуға рұқсаттаманы беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша
Әкiмшiлiк iс-әрекеттердің қисынды реті арасындағы өзара байланысты көрсететін сызбалар