Об утверждении регламента государственной услуги "Оформление приглашений в Республику Казахстан по частным и служебным делам"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении регламента государственной услуги "Оформление приглашений в Республику Казахстан по частным и служебным делам"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасына жеке және қызметтік істер бойынша шақыруларды ресімдеу" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 585
- Қабылданған күні
- 02.11.2012
- Көрсетілген редакция
- 21.02.2014 AI69063_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.02.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1200008114
- ЭКБ идентификаторы
- 69063
- Редакция идентификаторы
- AI69063_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:01
0 "Қазақстан Республикасына жеке және қызметтік істер бойынша шақыруларды ресімдеу" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы
«Әкiмшiлiк рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса берiлiп отырған «Қазақстан Республикасына жеке және қызметтік істер бойынша шақыруларды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламенті бекiтiлсiн.
2 2. Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон полициясы комитеті:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттік тiркеудi;
2 2) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми жариялауды;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрiнiң орынбасары Қ.С. Тыныбековке және Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон полициясы комитетіне (П.К. Нокин) жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
0 «Қазақстан Республикасына жеке және қызметтік істер бойынша шақыруларды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламенті
Қазақстан Республикасы
Iшкi iстер министрiнiң
2012 жылғы 2 қарашадағы
№ 585 бұйрығымен бекiтiлген
«Қазақстан Республикасына жеке және қызметтік істер бойынша шақыруларды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламенті
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы «Қазақстан Республикасына жеке және қызметтік істер бойынша шақыруларды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – регламент) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-бабына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасына жеке және қызметтік істер бойынша шақыруларды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 198 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасына жеке және қызметтік істер бойынша шақыруларды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) сәйкес әзірленді.
2 2. Осы регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1 1) тұтынушы – мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн өтiнiш бiлдiрген шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
2 2) құрылымдық-функциялық бiрлiктер (бұдан әрі – ҚФБ) – мемлекеттiк қызмет көрсету процесiне қатысатын уәкiлеттi органдардың жауапты адамдары, мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк органдардың құрылымдық бөлiнiстерi, ақпараттық жүйелер немесе кiшi жүйелер.
3
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті (бұдан әрі – ІІМ-нің КҚПК) және осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша Астана, Алматы қалаларының және облыстардың ішкі істер департаменттерінің көші-қон полициясы басқармалары (бұдан әрі – ІІД-нің КҚПБ) көрсетеді.
4 4. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
5 5. Мемлекеттiк қызмет:
1 1) «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңының 22-бабының;
2 2) стандарттың негізінде жүзеге асырылады.
6 6. Визалық мөрмен және Көші-қон полициясы басқармасы бастығының қолымен стандартқа 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша расталған шақыру және шақыру хатын не болмаса қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап мемлекеттік қызметтің аяқталу нәтижесі болып табылады.
2 2. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қойылатын талаптар
7 7. Мемлекеттiк қызметтi тұтынушының тұрақты тұрғылықты жерi бойынша көшi-қон полициясы бөлiнiстерi көрсетедi.
8 8. Мемлекеттiк қызмет аптасына бес жұмыс күні, сағат 13-00-ден 14-30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9-00-ден 18-30-ға дейiн, сондай-ақ сенбi күні сағат 9-00-ден 13-00-ге дейiн ұсынылады. Қабылдау кезекке тұру тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жылдам қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
9
9. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi және қажеттi құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгiлерi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң (бұдан әрi – IIМ) mvd.gov.kz және облыстардың, Астана, Алматы қалалары iшкi iстер департаменттерiнiң (бұдан әрi – IIД) интернет-ресурсында «Iшкi iстер органдарының қызметi туралы» бөлiмде, сондай-ақ көшi-қон полициясы бөлiнiстерiнде орналасқан ресми ақпарат көздерi мен стендтерде орналастырылады.
10 10. Мемлекеттiк қызметті алу үшін тұтынушы Стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.
11 11. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi стандарттың 7-тармағында көрсетілген.
12 12. Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылады.
3 3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiндегi iс-әрекеттердің (өзара iс-қимыл жасасу) сипаттамасы
13 13. Көшi-қон полициясы бөлiнiстерiнде құжаттарды қабылдау «терезелер» арқылы жүзеге асырылады, оларда көшi-қон полициясы инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты және лауазымы көрсетiледi.
Көші-қон полициясы бөлінісіне құжаттарды тапсырғаннан кейін тұтынушыға Стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті құжаттарды қабылдау туралы талон беріледі; онда:
құжаттың нөмірі мен қабылданған күні;
сұрау салынатын мемлекеттiк қызметтің түрі;
құжаттарды беру күні, уақыты және орны;
құжаттарды қабылдаған көші-қон полициясы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.
14 14. Ақпараттық қауiпсiздiкке қойылатын талаптар жоқ.
15 15. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiне мынадай ҚФБ-лар:
1 1) қалалық, аудандық, қаладағы аудандық, кенттiк iшкi iстер органы бөлiмiнің, бөлiмшесiнiң, тобының көшi-қон полициясы бөлінісінің қызметкерi;
2 2) облыстың, Алматы және Астана қалаларының ішкi iстер департаментi Көшi-қон полициясы басқармасының қызметкерi қатысады.
16 16. Әрбiр әкiмшiлiк iс-әрекеттi орындау мерзiмiн көрсете отырып, ҚФБ-ның әкiмшiлiк iс-әрекеттерiнiң (рәсiмдерiнiң) ретi мен өзара iс-қимыл жасасуының кестелiк сипаттамасы осы регламентке 1-қосымшада келтiрiлген.
17 17. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде әкiмшiлiк iс-әрекеттердiң қисынды ретi мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың сызбасы осы регламентке 2-қосымшада келтiрiлген.
1 Әкiмшiлiк iс-әрекеттердің (рәсiмдердің) реті мен өзара iс-қимыл жасасуының сипаттамасы
«Қазақстан Республикасына жеке және
қызметтік істер бойынша шақыруларды
ресімдеу» мемлекеттік қызмет
регламентіне 1-қосымша
Әкiмшiлiк iс-әрекеттердің (рәсiмдердің) реті мен өзара iс-қимыл жасасуының сипаттамасы
1-кесте. ҚФБ iс-әрекеттерiнiң сипаттамасы. Негiзгi процесс.
Негiзгi процестiң iс-әрекетi (жұмыс барысы, ағыны)
1
Iс-әрекеттiң (жұмыс барысы, ағыны) №
1
2
2
ҚФБ атауы
ҚАIIО, ҚКПК
ҚАIIО, ҚКПК
3
Iс-әрекеттiң (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы
тұтынушы ұсынған құжаттарды қабылдау және тексеру
арнайы есептер бойынша тексеру
4
Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкiмдік шешiм)
шақыру қағазын беру немесе шақыру қағазын беруден бас тарту
шақыру қағазын алу немесе шақыру қағазын алудан бас тарту
5
Орындау мерзiмi
жұмыс күні ішінде
күнтізбелік 7 күн
2 Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде әкiмшiлiк iс-әрекеттердiң қисынды ретi мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың сызбасы
«Қазақстан Республикасына жеке және
қызметтік істер бойынша шақыруларды
ресімдеу» мемлекеттік қызмет
регламентіне 2-қосымша
Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде әкiмшiлiк iс-әрекеттердiң қисынды ретi мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың сызбасы