Құжат мәтініне өту

Об утверждении квалификационных требований к аудиторским организациям по проведению обязательного аудита

Бұйрық · № 490 · қабылданған 13.11.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-69069/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении квалификационных требований к аудиторским организациям по проведению обязательного аудита Күшін жойған Бұйрық ·№ 490 ·13.11.2012
26.07.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.07.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении квалификационных требований к аудиторским организациям по проведению обязательного аудита

Күшін жойған Бұйрық ·№ 490 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении квалификационных требований к аудиторским организациям по проведению обязательного аудита
Атауы (қаз.)
Міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
490
Қабылданған күні
13.11.2012
Көрсетілген редакция
26.07.2013 AI69069_2.kaz
Соңғы өзгеріс
26.07.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200008132
ЭКБ идентификаторы
69069
Редакция идентификаторы
AI69069_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:53

0 Міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

«Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы Заңының 7-бабының 1-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі – біліктілік талаптар) бекітілсін.

2 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1

1) «Міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 3 қарашадағы № 434 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4489 болып тіркелген, «Заң газетінің» 2007 жылғы 12 қаңтарда № 5 (1208) жарияланған);

2

2) «Міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 3 қарашадағы № 434 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 12 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5125 болып тіркелген, 2008 жылғы 10 маусымда Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 6 жарияланған).

3

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті Қаржылық есептілік депозитарийға тиiстi бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетін аудиторлық ұйымдардың тiзiмiн, оны одан әрі орналастыруды және мерзімдік жаңартуды қамтамасыз ете отырып, осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастыруды жүзеге асырсын.

4

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет әдіснамасы департаменті (А.О. Төлеуов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттік тiркелуiн және кейіннен оның заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

5 5. Осы бұйрық 2013 жылғы 1 қантардан бастап қолданысқа енгізілетін біліктілік талаптарының 4-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛIСIЛДI»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық банкі төрағасы
___________ Г.А. Марченко
«____» ________ 2012 жыл

0 Міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптар

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2012 жылғы 13 қарашадағы
№ 490 бұйрығымен
бекітілген
Міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптар

1

1. Осы міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптар (бұдан әрі - Біліктілік талаптар) «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және ұйымдарға, оның ішінде ұлттық компанияларға, ұлттық холдингтерге, ұлттық басқарушы холдингтерге және қаржы ұйымдарына міндетті аудит жүргізуге жіберілетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді.

2 2. Ұйымдарға міндетті аудит жүргізу үшін аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар аудиторлық ұйым мынадай:

1 1) аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымда мүшелігі;

2 2) аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының болуы;

3 3) мүшесі аудиторлық ұйым болып табылған өткiзiлген сыртқы сапаны бақылаудың нәтижелері бойынша аудиторлық ұйымның халықаралық аудит стандарттары және Этика кодексі талаптарының сақталуын растайтын аккредиттелген кәсiби аудиторлық ұйымның қорытындысының бар болуы;

4 4) соңғы бір жыл ішінде әкiмшiлiк бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасы кодексіне сәйкес аудиторлық қызмет туралы заңнаманы бұзғаны үшін салынған әкiмшiлiк жазаның болмауы біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс.

3 3. Ұлттық компаниялардың, ұлттық холдингтердің, ұлттық басқарушы холдингтердің міндетті аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйым осы Біліктілік талаптарының 2-тармағында көзделген біліктілік талаптарына қосымша мынадай:

1 1) аудиторлық қызметпен айналысу мерзiмi кемінде 5 (бес) жыл;

2 2) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес аудит жүргізілген кемінде 10 (он) ұйымның болуы;

3 3) кәсiби бухгалтер сертификаты бар кемінде 2 (екі) маманның болуы біліктілік талаптарына сәйкес келуі керек.

4

4. Қаржылық ұйымдардың және акционерлiк қоғамның «Қазақстан Даму Банкi» міндетті аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйым осы Біліктілік талаптарының 2 және 3-тармақтарында көзделген біліктілік талаптарына қосымша «аудитор» деген бiлiктiлiк куәлiгi және соңғы бес жылдың 3 (үш) жыл ішінде қаржылық ұйымдардың аудиті саласында жұмыс тәжірибесімен аудиторлық біліктілік куәлігі бар маманды топ жетекшісі етіп тағайындайды, сондай-ақ мынадай толық бiлiктiлiктерiнiң Certified Public Accountant (CPA) және The Association of Chartered Certified Accountants (ACCA) біреуі бар немесе соңғы бес жылдың 2 (екі) жыл ішінде қаржылық ұйымдардың аудиті саласында жұмыс тәжірибесімен аудиторлық біліктігі бар кемінде 2 (екі) қызметкерінің болуы керек.
Осы норма қаржылық қызметтерді көрсететін ұлттық компанияларға қолданылмайды.

1 Міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдар қойылатын біліктілік талаптарының тiзiмi

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2012 жылғы 13 қарашадағы
№ 490 бұйрығына қосымша
Нысан
Міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдар қойылатын біліктілік талаптарының тiзiмi
Р/с №
Ауди­тор­лық ұй­ым­ның ата­уы
Ли­цен­зи­я­ның топ­та­ма­сы, нө­мiрі және бе­ру кү­ні
Мiн­дет­тi аудит­тi жүр­гізу­ге рұқ­сат­та­ма, оның ішін­де:
ұлт­тық ком­па­ни­я­лар­дың, ұлт­тық хол­динг­тер­дің, ұлт­тық бас­қа­ру­шы хол­динг­тер­дің мін­дет­ті ауди­тін жүр­гізу­ге
қар­жы ұй­ым­дар­дың мiн­дет­тi ауди­тін жүр­гізу­ге
өзге ұй­ым­дар­дың мiн­дет­тi ауди­тін жүр­гізу­ге

Қолданыстағы