Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О дополнительных мерах по укреплению и развитию противопожарной службы гор. Алматы

Қаулы · № 189 · қабылданған 18.02.1999
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-6908/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О дополнительных мерах по укреплению и развитию противопожарной службы гор. Алматы Күшін жойған 18.02.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О дополнительных мерах по укреплению и развитию противопожарной службы гор. Алматы

Күшін жойған Қаулы № 189 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О дополнительных мерах по укреплению и развитию противопожарной службы гор. Алматы
Атауы (қаз.)
Алматы қаласының өртке қарсы қызметiн нығайту және өркендету бойынша қосымша шаралар туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
189
Қабылданған күні
18.02.1999
Көрсетілген редакция
18.02.1999 6908_227481.kaz
Соңғы өзгеріс
18.02.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V99R000172_
ЭКБ идентификаторы
6908
Редакция идентификаторы
6908_227481
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:20
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.02.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Алматы қаласының өртке қарсы қызметiн нығайту және өркендету бойынша қосымша шаралар туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қалалық Әкімшілігінің 02.12.2004 N 4/978 қаулысымен.
Жүргiзiлiп жатқан жұмыстарға қарамастан Алматы қаласының өртке қарсы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жағдайы өте нашар халде.
1998 жылдың өзiнде қалада 1453 өрт болып, одан 64 млн. теңге зиян шегiлдi, 42 адам қаза тапты. Соның салдарынан қаланың әлеуметтiк-экономикалық өркендеуi құлдырап, өртке байланысты белгiлi мөлшерде ресурстық зардап көрiп отырмыз.
Қала шекарасының кеңеюi, өнеркәсiптiк, ғылыми және мәдени, тұрғын үй қорының өсуi жағдайында өрт санын барынша қысқарту, оның дер кезiнде алдын-алу мәселесi сондай-ақ, бұл саладағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру тым күрделене түсуде.
Осыған байланысты қала бюджетi мен кәсiпорындардың қаражатын тиiмдi пайдалану қажеттiгi туындайды, өйткенi тұрғындарды тiлсiз жаудан сенiмдi қорғау, материалдық және мәдени байлықтарды сақтау үшiн мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң күшiн қалыптастырумен, басқарма органдарының құрылымын жетiлдiру аса қажет.
Қазақстан Республикасының "Өрт қауiпсiздiгi туралы", "Алматы қаласының айрықша мәртебесi туралы"; Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтарын, "Кәсiпорындар туралы", "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы" Заңды және ҚР Азаматтық Кодексiн басшылыққа ала отырып, Алматы қаласының Әкiмi ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ :

1. Меншiк түрiне қарамастан кәсiпорындар мен ұйымдарға өз қаржысы мен жұмыс iстейтiн бұрыннан бар салалық, өртке қарсы қызметтi қалпына келтiруге мiндеттелсiн;

2. Алматы қаласы Мемлекеттiк өртке қарсы қызметi базасында "N№1 Алматы қаласы Мемлекеттiк өртке қарсы қызметiнiң отряды" құрылсын, оның жеке есеп-шоты болсын, шарт негiзiнде барлық меншiк түрiнiң объектiлерiнің өрттен қорғау үшiн, қалалық бюджет есебiнен күзетiлетiн объектiлерден басқалары.

3. Қалалық бюджет есебiнен Алматы қаласы өртке қарсы қызметi өрт сөндiрудi жүзеге асыратын объектілер санаты бекітiлсiн (N 1 Қосымша).

4. Алматы қаласы Мемлекеттiк өртке қарсы қызметiнiң бастығы (С.Д. Кребаев) 1 наурызға дейiн "N 1 Алматы қаласы мемлекеттiк өртке қарсы қызметiнiң отряды" Қазыналық кәсiпорнының құжаттарын қарап шықсын және Алматы қалалық Әдiлет басқармасына тiркеуге берсiн.

5. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Я.И.Заяцка жүктелсiн.

6 Алматы қаласы Әкiмiнiң

1999 ж. 18 ақпандағы
N 189 шешiмiне
N 1 қосымша
Алматы қаласының Мемлекеттiк өрт қызметiнiң
өрттi сөндiрудi қалалық бюджет есебiнен
жүзеге асырылатын объектiлердiң
Категориясы:

1. Жекеменшiк формасына қарамастан тұрғын жайлар;

2. Муниципалды меншiк объектiлерi;

3. Прокуратура мен халық соттарының кеңселерi;

4. Қалалық аудандық iшкi iстерiнің, қабылдау-бөлу өкiлеттiктерiнiң кеңселерi, тергеу изоляторлары және келiсiм-шарт бойынша ұсталатын шаруашылық объектiлерiнiң кеңселерi кiрмейдi;

5. Төтенше жағдайлар бойынша комитет объектiлерi;

6. Балалар үйi, қарттар үйi, психоневрология, онкология, туберкулез стационарлары және байқау-анықтау орталықтары;

7. Мектепке дейiнгi балалар мекемелерi, оқу және емдеу, бiлiм және мәдениет мекемелерi, бұған жалға берілген шаруашылық субъектілері кірмейді;

8. Мемлекеттiк дәрежедегi сәулет және тарихи ескерткiштер.

Ескерту:
Қаланың бюджет есебiнен өрт сөндiру жүзеге асырылатын бұл объект категорияларына тиiстi құрылым ұсынысымен ғана (Қ.Ө.Қ. келiсiлген жағдайда) өзгерiстер мен қосымшалар енгiзiлуi мүмкiн.