Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О комиссии по коллективному садоводству

Қаулы · № 386 · қабылданған 29.04.1999
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-6909/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О комиссии по коллективному садоводству Күшін жойған 29.04.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О комиссии по коллективному садоводству

Күшін жойған Қаулы № 386 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О комиссии по коллективному садоводству
Атауы (қаз.)
Ұжымдық бағбаншылық бойынша комиссия құру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
386
Қабылданған күні
29.04.1999
Көрсетілген редакция
29.04.1999 6909_228245.kaz
Соңғы өзгеріс
29.04.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V99R000183_
ЭКБ идентификаторы
6909
Редакция идентификаторы
6909_228245
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:12
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Ұжымдық бағбаншылық бойынша комиссия құру туралы

📌 Ескерту.
Күші жойылды - Алматы қаласы Әкімінің 16.01.2004 N 1/33 қаулысымен.
Бағбаншылық ұжымдарының қызметiн үйлестiру, олардың есебiн жүргiзудi реттеу және жердi пайдаланушылардың жерге қатынастарын хаттауға жәрдемдесу мақсатында Алматы қаласының Әкiмi ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Ұжымдық бағбаншылық бойынша тұрақты жұмыс iстейтiн комиссия құрылсын (N 1 қосымша).

2. Комиссия туралы Ереже бекiтiлсiн (N 2 қосымша).

3. Комиссияның жұмыс органы болып "Садовод" ЖШС белгiленсiн.

4. Аудандардың әкiмдерi, қалалық комитеттер мен басқармалардың, кәсiпорындар мен ұйымдардың басшылары комиссияның қызметiне көмек көрсетсiн.

5. Қала Әкiмiнiң 1995 жылғы 3 тамыздағы "Алматы қаласындағы кәсiпорындардың, мекемелердiң және ұйымдардың бағбаншылар серiктестiктерiнiң қызметiн үйлестiру жөнiндегi Кеңес құру туралы" N 167 Қаулысының күшi жойылды деп танылсын.

6. Осы шешiмнiң орындалуын Алматы қаласының Әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Я.И. Заяцқа жүктелсiн.

7 Алматы қаласы Әкiмiнiң

1999 жылғы 30 сәуiрдегі
N 386 шешiмiне
N 1 қосымша
Ұжымдық бағбаншылық бойынша Комиссияның
ҚҰРАМЫ

1. Заяц Я.И. - комиссия төрағасы,

Алматы қаласы Әкiмiнiң
бiрiншi орынбасары

Комиссия мүшелерi

2. Шарышов А.М. - комиссия төрағасының
орынбасары, "Садовод" ЖШС-нiң
директоры
Комиссия мүшелерi

3. Серғазин М.Ш. - Алматы қаласы Әкiмiнің

аппараты құрылыс бөлiмiнiң
меңгерушiсi

4. Мәметов А.А. - "Алматықалакадастр" КМК Бас

жоспар және қала құрылысы
кадастры орталығының бастығы

5. Шишкина И.И. - Алматы қаласы бойынша Салық

комитетінің бөлім бастығы

6. Ыбыраев Б.К. - "Алматыжеркадастр" КМК

директорының орынбасары

7. Антоненко Д.В. - Бағбаншылар ұжымының төрағасы

8. Валенцев Н.В. - Бағбаншылар ұжымының төрағасы

9. Веркинский П.А. - Бағбаншылар ұжымының төрағасы

10. Дударев В.Н. - Бағбаншылар ұжымының төрағасы

11. Макаренко Б.В. - Бағбаншылар ұжымының төрағасы

12. Шаров Э.А. - Бағбаншылар ұжымының төрағасы

13. Шукшин Б.Н. - Бағбаншылар ұжымының төрағасы

21 Алматы қаласы Әкiмiнiң

1999 жылғы 30 сәуiрдегі
N 386 шешiмiне
N 2 қосымша
Ұжымдық бағбаншылық бойынша комиссия туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1.1. Ұжымдық бағбаншылық бойынша комиссия (әрi қарай -"комиссия") бағбаншылар ұжымдарының қызметiн үйлестiру, олардың есебiн жүргiзудi реттеу және жердi пайдаланушылардың жерге қатынастарын хаттауға жәрдем көрсету мақсатында құрылды.

1.2. Комиссияның құрамына бағбаншылар ұжымдарының төрағаларын, мекемелер мен ұйымдардың өкiлдерi енедi және комиссияға Алматы қаласы Әкiмiнiң бiрiншi орынбасары жетекшiлiк етедi.

1.3. Комиссия өз жұмысында Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулыларын, Алматы қаласы Әкiмiнiң шешiмдерiн және осы Ереженi басшылыққа алады.

2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi және өкiлеттiктерi

2.1. Ұжымдық бағбаншылықтың қызметiне талдау жасау, оны өркендету бойынша шараларды әзiрлеу және жүзеге асыру.

2.2. Ұжымдық бағбаншылық бойынша ақпараттық орталық құру.

2.3. Ұжымдық бағбаншылық үшiн бөлiнген жерлердiң пайдалануына талдау жасау, пайдаланылмай отырған қолайлы жерлердi қайта бөлу туралы ұсыныстар енгiзу.

2.4. Ұжымдық бақтарды ұйымдастыруға арналған жер учаскелерiн таңдау бойынша ұсыныстар дайындау және таңдауға қатысу.

2.5. Бағбаншылыққа арналған жер учаскелерiне деген сұраныс нарығын зерттеп бiлу және жүзеге асыру.

2.6. Бағбаншылар ұжымдары аумақтарының шекараларын анықтау және келiсу, бағбаншылыққа арналған жер учаскелерiне құқықтарды хаттау және қайта хаттау, бақ учаскелерiндегi құрылыстарды бағалау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру.

2.7. Бағбаншылар ұжымдарды, бiрлестiктер мен қауымдастықтарды ұйымдастыру, жарғыларын әзiрлеу және оларды белгiленген тәртiпке сәйкес тiркеу.

2.8. Ұжымдық бағбаншылық қызметiн реттейтiн әдiстемелiк ұсыныстарды әзiрлеу.

2.9. Бағбаншылық ұжымның қызметiн үйлестiру.

2.10. Бағбаншылық ұжымдардан, мекемелерден және ұйымдардан ұжымдық бағбаншылық ұжымдар жайында мәлiметтi сұрастыру және алғызу.

2.11. Бағбаншылық саяжай учаскелерiнiң үйлерiн тұрғын үйлер қатарына аудару жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу.

2.12. Бағбандардан артылған азық-түлiктердi сатып алу жөнiндегi шараларды ұйымдастыру және оларды балалар үйлерiне, балалар бақшасына, мектептерге және ауруханаларға жөнелту.

2.13. Бағбаншылардың заңдар мен нормалық-құқықтық актiлердi бағбаншы ұжымдардың жарғысын орындау жөнiндегi шараларды өткiзу, жер қыртысын және табиғи шикiзаттарды ұтымды пайдалану.

2.14. Бағбан ұжымы басқармасының жиналыстарына, мәжiлiстерiне қатысуы.

2.15. Ұжымдық бағбаншылар аумағын көгалдандыру, құқық қорғау шараларын ұйымдастыру.

2.16. Ұжымдық бағбаншылық мәселелерi жөнiндегi азаматтардың, мекемелердiң және ұйымдардың өтiнiштерiн бағбан ұжымы басқармасының шешiмдерiн қарастыру.

2.17. Бағбан ұжымдарына қызмет көрсетудi ұйымдастыру.

3. Комиссия жұмысының тәртiбi

3.1. Комиссияға төраға басшылық етедi. Ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары басшылық етедi.

3.2. Комиссия мәжiлiсi қажетiне қарай айына бiр рет өткiзiліп тұрады.

3.3. Комиссия мәжiлiстерi арасында ұжымдық бағбаншылық мәселелерімен "Бағбан" ЖШС комиссиясының жұмыс органы шұғылданады.

Қажет болған жағдайда оның жұмыс органы жұмысқа әртүрлi мамандарды тарта алады, уақытша еңбек ұжымдарын құрады.

3.4. Комиссия, оның жұмыс органы бағбандардың бағбан ұжымдары атқарушы органдарының орындауларына мiндеттi шешiмдер қабылдайды.

Ұжымдық бағбандық маңызды мәселелер бойынша Алматы қаласы Әкiмінiң шешiмi немесе өкiмi әзiрленедi.