Құжат мәтініне өту

Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи

Өзге акт · № 9/3 · қабылданған 15.11.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-69115/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи Күшін жойған Өзге акт ·№ 9/3 ·15.11.2012
21.02.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.02.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи

Күшін жойған Өзге акт ·№ 9/3 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи
Атауы (қаз.)
Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
9/3
Қабылданған күні
15.11.2012
Көрсетілген редакция
21.02.2014 69115_196864.kaz
Соңғы өзгеріс
21.02.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12LI004364
ЭКБ идентификаторы
69115
Редакция идентификаторы
69115_196864
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:52

0 Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 2-тармағына, сондай-ақ "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 Қаулысына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шиелі аудандық мәслихатының экономикалық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Қ.Қасымовқа жүктелсін.

3 3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

4 Шиелі аудандық мәслихатының

2012 жылғы "15" қарашадағы
кезектен тыс IX сессиясының
N 9/3 шешіміне қосымша
Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі
Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, сондай-ақ " Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 қаулысымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне" сәйкес әзірленді.

1 1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

1

1. Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 қаулысымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің" 2-тармағында көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
Белгiленген нормалар шегiндегi шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi отбасының (азаматтың) жиынтық табыстың 15 пайызы мөлшерiнде белгiленедi.

2 2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Шиелі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-уәкілетті орган) арқылы жүзеге асырылады.

3

3. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге, жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

4 4. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) уәкілетті органға өтінішпен жүгінеді және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 қаулысымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің" 4-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

5 5. Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады.

2 2. Тұрғын үй көмегiн көрсету мөлшерi

6 6. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау төмендегі пайдалану нормаларына сәйкес жүргізіледі:

1 1) Электр қуатын пайдалану нормалары 1 айға:

3 адамға – 210 киловатт;
4 және одан көп адамға – 230 киловатт.

2 2) Газ пайдалану нормалары 1 айға:

4 адамға дейін – 10 килограмм;
4 және одан да көп адамға – 20 килограмм.

3 3) отын пайдалану от жағу маусымына:

1 отбасыға - 2 тонна.

4 4) Коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемінің нормалары мен тарифтерін қызмет көрсететіндер ұсынады.

Қолданыстағы