Құжат мәтініне өту

Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи

Өзге акт · № 64 · қабылданған 19.11.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-69117/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи Күшін жойған Өзге акт ·№ 64 ·19.11.2012
20.09.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.09.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи

Күшін жойған Өзге акт ·№ 64 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи
Атауы (қаз.)
Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
64
Қабылданған күні
19.11.2012
Көрсетілген редакция
20.09.2017 69117_249558.kaz
Соңғы өзгеріс
20.09.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12LE004366
ЭКБ идентификаторы
69117
Редакция идентификаторы
69117_249558
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:51

0 Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 2-тармағына, сондай-ақ "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 Қаулысына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШЕМІЗ:

1 1. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

2

2. "Қармақшы ауданында аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтің ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" Қармақшы аудандық мәслихатының N 178, 2010 жылдың 14 сәуірдегі кезектен тыс 25-сессиясының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 10-5-137 нөмірімен тіркелген, "Қармақшы таңы" газетінің 2010 жылғы 5 маусымдағы N 48 санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

4 Қармақшы аудандық мәслихатының

2012 жылғы "19" қарашадағы
кезектен тыс 9-сессиясының
N 64 шешіміне қосымша
Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі
Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 қаулысымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне" сәйкес әзірленді.

1 1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

1

1. Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 қаулысымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің" 2-тармағында көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
Белгiленген нормалар шегiндегi шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi отбасының (азаматтың) жиынтық табыстың Қармақшы ауданы тұрғындары үшін 12 пайыз, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін 14 пайыз мөлшерiнде белгiленедi.

2 2.Тұрғын үй көмегін тағайындау «Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) арқылы жүзеге асырылады.

3

4 4. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) уәкілетті органға өтінішпен жүгінеді және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 қаулысымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің" 4-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

2 2. Тұрғын үй көмегiн көрсету мөлшерi

5 5. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау төмендегі пайдалану нормаларына сәйкес жүргізіледі:

1 1) Электр қуатын пайдалану нормалары 1 айға:

1 адамға - 70 киловатт сағатына;
2 адамға - 140 киловатт сағатына;
3 адамға - 210 киловатт сағатына;
4 және одан да көп адамға - 250 киловатт сағатына.

2 2) Газ пайдалану нормалары 1 айға:

4 адамға дейін – 10 килограмм;
4 және одан да көп адамға –20 килограмм.

3 3) отын пайдалану от жағу маусымына:

отбасына (азаматқа) айына - 1 тонна.

Қолданыстағы