Об установлении ветеринарного режима карантинной зоны с введением ограничительных мероприятий на территории зимовки Желкалак Камыстинского аульного округа Жанибекского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ветеринарного режима карантинной зоны с введением ограничительных мероприятий на территории зимовки Желкалак Камыстинского аульного округа Жанибекского района
- Атауы (қаз.)
- Жәнібек ауданы Қамысты ауылдық округінің Желқалақ қыстағы аумағына шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 7
- Қабылданған күні
- 15.11.2012
- Көрсетілген редакция
- 11.01.2013 69146_480381.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.01.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12ZFF03117
- ЭКБ идентификаторы
- 69146
- Редакция идентификаторы
- 69146_480381
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 00:52
0 Жәнібек ауданы Қамысты ауылдық округінің Желқалақ қыстағы аумағына шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Жәнібек аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық–санитарлық инспекторының 2012 жылғы 7 қарашадағы № 311 ұсынысы негізінде, жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1 1. Жәнібек ауданы Қамысты ауылдық округінің Желқалақ қыстағы аумағына ірі қара малының арасында листериоз ауруының шығуына байланысты іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2
2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Жәнібек аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті Жәнібек ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Жәнібек ауданы бойынша Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министр-
лігінің Ветеринариялық
бақылау және қадағалау
комитеті Жәнібек аудандық
аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
_____________О. Даулетов
15.11.2012 ж.
"Батыс Қазақстан облысының
Ішкі істер департаменті
Жәнібек ауданының ішкі
істер бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_____________Е. Куанышкалиев
15.11.2012 ж.
"Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
комитетінің Батыс Қазақстан
облысы бойынша департаменті
Жәнібек ауданы бойынша
Мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_____________Н. Мұстаев
15.11.2012 ж.