Об установлении специалистам здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, работающих в сельских населенных пунктах Уйгурского района повышенные на двадцать пять процентов оклады и тарифные ставки
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении специалистам здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, работающих в сельских населенных пунктах Уйгурского района повышенные на двадцать пять процентов оклады и тарифные ставки
- Атауы (қаз.)
- Ұйғыр ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жиырма бес проценті жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 12-3
- Қабылданған күні
- 05.12.2012
- Көрсетілген редакция
- 24.11.2014 AI69182_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.11.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12DS002243
- ЭКБ идентификаторы
- 69182
- Редакция идентификаторы
- AI69182_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 00:39
0 Ұйғыр ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жиырма бес проценті жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес Ұйғыр аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Ұйғыр ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес проценті жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік жағынан қорғау, еңбекпен қамту, білім беру, денсаулық сақтау, сауда, мәдениет, тіл және діни мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Ұйғыр ауданының "Экономика
және бюджеттік жоспарлау
бөлімі" мемлекеттік
мекеменің бастығы
Исмаилов Мирзалим Муталимович
05 желтоқсан 2012 жыл