Құжат мәтініне өту

Об определении отдельных категорий нуждающихся граждан и перечня документов для оказания им социальной помощи

Өзге акт · № 8/55-V · қабылданған 21.11.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-69214/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об определении отдельных категорий нуждающихся граждан и перечня документов для оказания им социальной помощи Күшін жойған Өзге акт ·№ 8/55-V ·21.11.2012
04.07.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.07.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении отдельных категорий нуждающихся граждан и перечня документов для оказания им социальной помощи

Күшін жойған Өзге акт ·№ 8/55-V · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении отдельных категорий нуждающихся граждан и перечня документов для оказания им социальной помощи
Атауы (қаз.)
Әлеуметтік көмек көрсету үшін мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын және құжаттар тізбесін айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
8/55-V
Қабылданған күні
21.11.2012
Көрсетілген редакция
04.07.2014 69214_183422.kaz
Соңғы өзгеріс
04.07.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12VC002765
ЭКБ идентификаторы
69214
Редакция идентификаторы
69214_183422
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:49

0 Әлеуметтік көмек көрсету үшін мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын және құжаттар тізбесін айқындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысының 1-тармағы 14) тармақшасына сәйкес Курчатов қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Әлеуметтік көмек көрсетуге құқығы бар жеке тұлғалардың мынадай санаттары айқындалсын:

1 1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;

2 2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар;

3 3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген өзге санаттағы тұлғалар;

4 4) зейнеттік жастағы тұлғалар, ең төменгі зейнетақы мөлшерін алатын зейнеткерлер, жалғыз басты зейнеткерлер;

5 5) мүгедектер, соның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар;

6 6) саяси қуғын-сүргін құрбандары;

7 7) көп балалы отбасылар:

«Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен, I, II дәрежелі «Ана Даңқы» орденімен марапатталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған көп балалы аналар;
бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары бар, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік ұйымдарында, орта білімнен кейін білім беретін ұйымдарда, жоғарғы оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балалары бар көп балалы отбасылар, балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ, әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін);

8 8) жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, балалар үйінің түлектері, аз қамтылған отбасылардан шыққан жалпы орта білім беру мектептерінің түлектері және студенттер;

9 9) табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен аз қамтылған азаматтар;

10 10) онкологиялық аурулары бар, АИТВ жұқтырған, ЖИТС пен және туберкулездің әр түрлі түрімен ауыратын азаматтар;

11 11) дүлей апаттардан зардап шеккен азаматтар (өрт, су тасқыны, дауылдар).

2 2. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар тізбесі айқындалсын:

1 1) әлеуметтік көмек көрсетуге арналған өтініш;

2 2) жеке басын куәландыратын құжат;

3 3) өтініш берушінің (отбасы мүшелерінің) мекенжайы бойынша тіркеуін растайтын құжат: азаматтарды тіркейтін кітап (мекен-жайлық анықтама);

4 4) алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 20.06.2013 N 13/92-V шешімімен (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі);

5 5) отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметтер;

6 6) өтініш берушінің мәртебесін растайтын құжат;

7 7) өтініш берушінің материалдық-тұрмыстық жағдайын зерттеу актісі;

8 8) өтініш берушінің екінші деңгейдегі банктегі жеке шоты.

Құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, салыстырғаннан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

3 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы