Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Байдибекского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Байдибекского района
- Атауы (қаз.)
- Бәйдібек ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 7/34
- Қабылданған күні
- 13.11.2012
- Көрсетілген редакция
- 05.02.2013 AI69260_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.02.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12UE002170
- ЭКБ идентификаторы
- 69260
- Редакция идентификаторы
- AI69260_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 00:54
0 Бәйдібек ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 7 сәуiрдегi № 394 қаулысымен бекiтiлген «Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттiк қызмет стандартының 6, 11 тармақтарына сәйкес, Бәйдібек аудандық мәслихаты ШЕШТI:
1 1. Бәйдібек ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
1 1) Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушылары және соларға теңестірілген адамдарға 9 мамыр Жеңіс күніне орай 6,2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір жолғы жәрдемақы;
2 2) жеке оңалту бағдарламасы бойынша мұқтаж мүгедектерді қоларбамен қамтамасыз етуге;
серуендеуге арналған қоларбаға 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бөлмеге арналған қоларбаға 21,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3 3) мүгедектерге оңалту орталықтарына жолдама алу үшін біржолғы жәрдемақы 22,6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4 4) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын тұлғаларға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір жолғы жәрдемақы;
5 5) үйде арнаулы әлеуметтік күтімге алынған қарттардың ішінен 80 жастан асқан адамдарға, жол жүрумен байланысты шығындарын өтеуге, ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
6 6) тұрмысы төмен мұқтаж отбасыларға материалдық көмекке бір жолғы жәрдемақы 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
7 7) Чернобыль атом электр стансасындағы апаттың, авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға 1,2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір жолғы жәрдемақы;
8 8) ауғанстан соғысына қатысқан адамдарға 3,1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және 9 мамыр Жеңіс күніне 1,2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір жолғы жәрдемақы.
2 2. «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті нақты құжаттар тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес анықталсын.
3 3. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
12 Бәйдібек аудандық мәслихатының
2012 жылғы 13 қарашадағы
№ 7/34 шешіміне қосымша
«Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі
1 1. Әлеуметтік көмектің барлық түрлері үшін:
1 1) әлеуметтік көмекке өтініш жасаған тұтынушының өтініші;
2 2) алушының жеке басын куәландыратын құжат, ал кәмелетке толмаған алушылар үшін - туу туралы куәлік;
3 3) алушының салық төлеуші куәлігі;
4 4) алушының тұратын жері бойынша тіркеуді растайтын құжат;
5 5) алушының банктік шоты бар болуын растайтын құжат;
6 6) алушының заңды өкілі өтініш жасаған кезде, жеке басын куәландыратын құжат және заңды өкілдің өкілеттілігін растайтын қоса беріледі.
2 2. Әлеуметтік көмектің келесі түрлерін тағайындау үшін мыналар қоса беріледі:
1 1) барлық санаттағы мүгедектер табыстарын есепке алмай, шипажай немесе оңалту орталықтарына жолдама алу үшін:
алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді;
шипажай - курорттық картасынан немесе медициналық картасынан үзінді;
мүгедектік шипажайда немесе оңалту орталығында болуын растайтын құжат;
емделуде болғанын растайтын, тиісті медициналық ұйымнан анықтама;
2 2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне, соларға теңестірілген адамдарға және Ауған соғысы ардагерлеріне, Чернобль атом электр стансасы апатын жоюға қатысушыларына:
егер аталған азамат уәкiлеттi органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
3 3) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің белсенді жұқпалы түрiмен ауыратын тұлғаларға:
емделуде болғанын растайтын, тиiстi медициналық ұйымнан анықтама;
ауыл округі әкімі жанындағы учаскелік комиссияның актісі.