Құжат мәтініне өту

Об оказании единовременной материальной помощи

Өзге акт · № 87 · қабылданған 21.11.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-69280/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об оказании единовременной материальной помощи Күшін жойған Өзге акт ·№ 87 ·21.11.2012
28.02.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.02.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании единовременной материальной помощи

Күшін жойған Өзге акт ·№ 87 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании единовременной материальной помощи
Атауы (қаз.)
Біржолғы материалдық көмек көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
87
Қабылданған күні
21.11.2012
Көрсетілген редакция
28.02.2013 AI69280_2.kaz
Соңғы өзгеріс
28.02.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12LH004369
ЭКБ идентификаторы
69280
Редакция идентификаторы
AI69280_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:50

0 Біржолғы материалдық көмек көрсету туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы N 148 Заңына, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі N 2247 Заңына, "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі N 365 Заңына және "Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 7 сәуiрдегi N 394 Қаулысына сәйкес біржолғы материалдық көмек көрсету мақсатында Сырдария аудандық мәслихат ШЕШТІ:

1 1. Біржолғы материалдық көмек көрсетілсін:

1

1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен, қайтыс болған) адамның асыраушысынан айрылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төленетін балалары мен асырауындағы басқа да жандарға, қайталап некеге отырмаған зайыбына (жұбай), екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

2 2) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

3

3) 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

4

4) Бұрынғы КСР Одағы үкімет органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан – Совет Армиясының, Әскери-Теңіз флотының, мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілеріне; бұрынғы КСР Одағы Ішкі істер министрлігінің қатардағы және басқарушы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса есептегенде), жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілерге, ұрыс қимылдары жүріп жатқан осы елге жүк жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілеріне, бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшілеріне, Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған жұмысшылар мен қызметшілерге, Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міндетін өтеу кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілерге, бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға; Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары; Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасы 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

5

5) соғысқа қатысқан Кеңес Одағының Батыры, "Халық қаhарманы", Социалистiк Еңбек Ерi атағына ие болған, Даңқ орденiнiң үш бiрдей дәрежесiмен, "Отан" орденiмен наградталған адамдарға қосымша мынадай жеңiлдiктер мен кепiлдiктер берiледi әскери сый-сияпат көрсетiлiп, тегiн жерленедi және қабiрiнiң басына құлпытас қойылады, 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы