Құжат мәтініне өту

О повышении ставок платы за эмиссию в окружающую среду

Өзге акт · № 10-10 · қабылданған 07.12.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-69321/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О повышении ставок платы за эмиссию в окружающую среду Күшін жойған Өзге акт ·№ 10-10 ·07.12.2012
06.04.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.04.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О повышении ставок платы за эмиссию в окружающую среду

Күшін жойған Өзге акт ·№ 10-10 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О повышении ставок платы за эмиссию в окружающую среду
Атауы (қаз.)
Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын арттыру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
10-10
Қабылданған күні
07.12.2012
Қолданысқа енгізілген күні
07.01.2013
Көрсетілген редакция
06.04.2018 69321_318667.kaz
Соңғы өзгеріс
06.04.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12G0001861
ЭКБ идентификаторы
69321
Редакция идентификаторы
69321_318667
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:34

0 Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын арттыру туралы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексi)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 495 бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн - өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес Жамбыл облысының мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1 1. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы ставкалары қосымшаға сәйкес арттырылсын.

2 2. Осы шешімнің орындалуына бақылау бесінші шақырылған облыстық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3 3. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

4 1. Тұрақты көздерден ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары

Жамбыл облысы мәслихатының
2012 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 10 - 10 шешіміне қосымша
Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары
1. Тұрақты көздерден ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары
Реттік нөмірі
Ластағыш заттардың түрлері
1 тонна үшін төлемақы ставкалары (айлық есептік көрсеткіш)
1 килограмм үшін төлемақы ставкалары (айлық есептік көрсеткіш)
1
күкірт тотықтары
20
2
азот тотықтары
20
3
шаң және күл
10
4
қорғасын және оның қосындылары
3986
5
күкірсутек
124
6
фенолдар
332
7
көмірсутектер
0,32
8
формальдегид
332
9
көміртегі тотықтары
0,32
10
метан
0,02
11
күйе
24
12
темір тотықтары
30
13
аммиак
24
14
алты валентті хром
798
15
мыс тотықтары
598
16
бенз(а)пирен
996,6

2 2. Алауларда ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудан ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары

Реттік нөмірі
Ластағыш заттардың түрлері
1 тонна үшін төлемақы ставкалары (айлық есептік көрсеткіш)
1
көмірсутектер
4,46
2
көміртегі тотықтары
1,46
3
метан
0,08
4
күкірт қостотықтары
20
5
азот қостотықтары
20
6
күйе
24
7
күкіртсутек
124
8
меркаптан
19932

3 3. Қозғалмалы көздерден атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары

Реттік нөмірі
Отын түрлері
Пайдаланылған отынның 1 тоннасы үшін ставка (айлық есептік көрсеткіш)
1
Этилденбеген бензин үшін
0,66
2
Дизель отыны үшін
0,90
3
Сұйытылған, сығылған газ үшін
0,48

4 4. Ластағыш заттардың төгінділері үшін төлемақы ставкалары

Реттік нөмірі
Ластағыш заттардың түрлері
1 тонна үшін төлемақы ставкалары (айлық есептік көрсеткіш)
1.
нитриттар
670
2.
мырыш
1340
3.
мыс
13402
4.
оттегіне биологиялық сұраныс
4
5.
тұзды аммоний
34
6.
мұнай өнімдері
268
7.
нитраттар
1
8.
жалпы темір
134
9.
сульфаттар (анион)
0,4
10.
өлшенген заттар
1
11.
синтетикалық бетүсті-белсенді заттар
27
12.
хлоридтер (анион)
0,1
13.
алюминий
27

5 5. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемақы ставкалары

Реттік нөмірі
Қалдықтардың түрлері
1 тонна үшін төлемақы ставкалары (айлық есептік көрсеткіш)
1 гигабеккерель (Гбк) үшін төлемақы ставкалары (айлық есептік көрсеткіш)
1
Өндіріс пен тұтынудың қалдықтарын полигондарға, жинақтауыштарға, санкцияланған үйінділерге және арнайы берілген орындарды орналастырғаны үшін:
1.1.
Коммуналдық қалдықтар (тұрмыстық қатты қалдықтар, тазарту құрылғыларының кәріздік тұнбасы)
0,38
1.2.
Қауіптілік деңгейін ескере отырып, өнеркәсіптік қалдықтар
1.2.1.
"қызыл" тізім
14
1.2.2.
"янтарь" тізім
8
1.2.3.
"зеленый" тізім
2
1.2.4.
жіктелмегендер
0,9
1.3.
Бұдан басқа:
1.3.1
аршынды жыныстар
0,004
1.3.2
жанас таужыныстары
0,026
1.3.3
байыту қалдықтары
0,02
1.3.4
шлактар, шламдар
0,038
1.3.5
күл мен күлшлактар
0,66
1.3.6
ауылшаруашылығы өндірісінің қалдықтары
0,018
2
Радиоактивтік қалдықтарды орналастырғаны үшін, гигабеккерельмен (Гбк)
2.1.
Трансуранды
0,76
2.2.
Альфа-радиоактивті
0,38
2.3.
Бета-радиоактивті
0,04
2.4.
Шынақты радиоактивті көздер
0,3

5.1 5.1. Бір тонна күкірт орналастырылған үшін төлемақы ставкалары 7,54 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

6 6. Мынадай коэффициенттер:

1 1) коммуналдық қызметтер көрсету кезінде түзілетін эмиссия көлемі үшін табиғи монополия субъектілері мен Қазақстан Республикасының энергия өндіруші ұйымдары үшін осы бапта белгіленген төлемақы ставкаларына:

1-тармақта - 0,3 коэффициенті;
4-тармақта – 0,43 коэффициенті;
5-тармақтың 1.3.5.-жолында – 0,05 коэффициенті;

2 2) коммуналдық қалдықтарды орналастыруды жүзеге асыратын полигондар үшін тұрғылықты жері бойынша жеке тұлғалардан жиналған тұрмыстық-қатты қалдықтардың көлемі үшін 5-тармақтың 1.1. - жолында белгіленген төлемақы ставкасына 0,2 коэффициенті қолданылады.

7 7. Осы баптың 6- тармағында көзделген коэффициенттер қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерден тыс көлемі үшін төленетін төлемақыға қолданылмайды.

Қолданыстағы