Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах лицензирования деятельности по изготовлению Государственного Флага Республики Казахстан и Государственного Герба Республики Казахстан

Қаулы · № 1598 · қабылданған 14.12.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-69340/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
О некоторых вопросах лицензирования деятельности по изготовлению Государственного Флага Республики Казахстан и Государственного Герба Республики Казахстан Күшін жойған Қаулы ·№ 1598 ·14.12.2012
21.01.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.01.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах лицензирования деятельности по изготовлению Государственного Флага Республики Казахстан и Государственного Герба Республики Казахстан

Күшін жойған Қаулы ·№ 1598 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах лицензирования деятельности по изготовлению Государственного Флага Республики Казахстан и Государственного Герба Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақcтан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1598
Қабылданған күні
14.12.2012
Көрсетілген редакция
21.01.2015 AI69340_2.kaz
Соңғы өзгеріс
21.01.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200001598
ЭКБ идентификаторы
69340
Редакция идентификаторы
AI69340_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:27

0 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақcтан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы

«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып белгіленсін.

3

3. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі лицензияланатын қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 1529 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 8, 156-құжат) күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн еткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 1598 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі
р/с

Бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры:
Құ­жат­тар
Ес­керт­пе
1
Стан­дарт­тау жө­нін­де­гі нор­ма­тив­тік құ­жат­тар,сон­дай-ақ бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен ке­лі­сі­л­ген және бе­кі­ті­л­ген мем­ле­кет­тік рәм­із­дер­ді дай­ын­дау про­це­сін ре­гла­мент­тей­тін тех­ни­ка­лық құ­жат­та­ма­лар (тех­ни­ка­лық тап­сыр­ма, тех­ни­ка­лық шар­ттар, кон­струк­тор­лық-тех­но­ло­ги­я­лық құ­жат­та­ма)
Стан­дарт­тау жө­нін­де­гі нор­ма­тив­тік құ­жат­тар және тех­ни­ка­лық тап­сыр­ма, тех­ни­ка­лық шар­ттар, кон­струк­тор­лық- тех­но­ло­ги­я­лық құ­жат­та­ма, тех­но­ло­ги­я­лық про­цесс ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын мә­лі­мет­тер ны­са­ны (қо­сым­ша­ға сәй­кес)
2
Же­ке мен­шік неме­се оны жал­ға алу құқы­ғын­да­ғы өн­ді­рі­стік-тех­ни­ка­лық ба­за­ның (өн­ді­рі­стік үй-жай­лар­дың, тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық­тың, өл­шеу және ба­қы­лау құ­рал­да­ры­ның, оның ішін­де қол­да­ны­с­та­ғы стан­дарт­тау жө­нін­де­гі нор­ма­тив­тік құ­жат­тар­дың та­лап­та­ры­на сәй­кес дай­ын­дал­ған мем­ле­кет­тік рәм­із­дер­дің са­па­сын және олар­ды дай­ын­да­удың тех­но­ло­ги­я­лық про­це­сін сақ­та­уды қам­та­ма­сыз ете­тін тү­стер ат­ла­сы­ның) бо­луы
Же­ке мен­шік неме­се оны жал­ға алу құқы­ғын­да­ғы шарт ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын мә­лі­мет­тер ны­са­ны (қо­сым­ша­ға сәй­кес)
3
Пай­да­ла­ны­ла­тын өл­шеу құ­рал­да­рын және сы­нау жабды­ғын тек­се­ру неме­се мет­ро­ло­ги­я­лық ат­те­стат­тау ту­ра­лы сер­ти­фи­кат­тың бо­луы
Сер­ти­фи­кат­ты бер­ген ұй­ым­ның ата­уы, сер­ти­фи­кат­тың ата­уы, нө­мі­рі мен кү­ні ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын мә­лі­мет­тер ны­са­ны (қо­сым­ша­ға сәй­кес)
4
Мем­ле­кет­тік рәм­із­дер­ді дай­ын­да­удың тех­но­ло­ги­я­лық про­це­сіне бай­ла­ны­сты, ли­цен­зи­я­ла­на­тын қыз­мет са­ла­сын­да ти­іс­ті бі­лік­ті­лі­гі және бі­лім дең­гейі бар пер­со­нал­дың бо­луы
Оқу ор­ны­ның ата­уын, ма­манды­ғы мен бі­лік­ті­лі­гін, ди­плом­ның бе­рі­л­ген кү­ні мен нө­мі­рін, ор­нын, сон­дай-ақ ку­ә­лік­ті, сер­ти­фи­кат­ты бер­ген ұй­ым­ның ата­уын, нө­мі­рі мен кү­нін көр­се­те оты­рып, ақ­па­рат­ты қам­ти­тын мә­лі­мет­тер ны­са­ны (қо­сым­ша­ға сәй­кес)

1 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны

Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Туын және
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау
жөніндегі қызметті жүзеге асыру
үшін қойылатын біліктілік талаптары және
оларға сәйкестікті растайтын құжаттар
тізбесіне қосымша
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны
1. Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар:
стандарттың атауы_______________________
стандарттың нөмірі______________________
2. Техникалық құжаттаманың болуы:
1) техникалық тапсырманың атауы_____________
техникалық тапсырманың қабылданған күні_____________
келісілді______________
бекітілді______________
2) Техникалық шарттардың атауы_____________
келісілді__________
бекітілді__________
3. Өндірістік техникалық база:
өндірістік үй-жайларды сатып алу/сату/жалға алу келісім шартының нөмірі
_______________
жасалған күні_________________
кіммен жасалды (заңды тұлғаның және жеке тұлғаның атауы)_______
технологиялық жабдықтың атауы_______________
өлшеу және бақылау құралдарының атауы____________
түстер атласының болуы бар/жоқ___________________
4. Салыстырып тексеру немесе метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттар:
салыстырып тексеру немесе метрологиялық аттестаттау туралы
сертификаттың берілген күні____________
сертификатты берген органның атауы___________
сертификаттың қолданылу мерзімі______
5. Персонал:
тегі, аты, әкесінің аты_______________
мамандығының және біліктілігінің атауы______________
дипломның/аттестаттың нөмірі________________________
дипломның/аттестаттың берілген күні_________________
дипломды/аттестатты берген оқу орнының атауы_________
сертификаттың/куәліктің нөмірі_______________________
сертификаттың/куәліктің берілген күні________________
сертификатты/куәлікті берген ұйымның атауы___________

Қолданыстағы