Об установлении квоты рабочих мест
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест
- Атауы (қаз.)
- Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2153
- Қабылданған күні
- 27.11.2012
- Көрсетілген редакция
- 02.02.2016 69380_96044.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12LI004374
- ЭКБ идентификаторы
- 69380
- Редакция идентификаторы
- 69380_96044
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 00:45
0 Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
"Қазақстан Республикасындағы Еңбек Кодексі" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы N 251 Кодексінің 21-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 Заңының 7 бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 37 бабының 1 тармағына сәйкес, аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін бес проценті мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. Интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке
толмағандар үшiн жұмыс орындарына квота үш процент мөлшерiнде квотасы
белгiленсiн.
2-1. Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
3. "Шиелi аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк
бағдарламалар бөлiмi" (бастығы И.Байкенжеев) мемлекеттiк мекемесi квотаға
сәйкес жұмысқа орналасу үшiн жұмыс орындарына жiберудi қамтамасыз етсiн.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң
орынбасары Қ.Оңғаровқа жүктелсiн.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк
он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.