Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об усилении охраны и защиты лесов, не входящих в состав фонда области

Қаулы · № 69 · қабылданған 07.04.1999
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-6940/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об усилении охраны и защиты лесов, не входящих в состав фонда области Күшін жойған 07.04.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об усилении охраны и защиты лесов, не входящих в состав фонда области

Күшін жойған Қаулы № 69 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об усилении охраны и защиты лесов, не входящих в состав фонда области
Атауы (қаз.)
Облыстың орман қорының құрамына кірмейтін ормандарды қорғауды күшейту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
69
Қабылданған күні
07.04.1999
Көрсетілген редакция
07.04.1999 6940_257578.kaz
Соңғы өзгеріс
07.04.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P000001374_
ЭКБ идентификаторы
6940
Редакция идентификаторы
6940_257578
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:15
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.04.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Облыстың орман қорының құрамына

кірмейтін ормандарды қорғауды
күшейту туралы
Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 08.12.2003 № 263 қаулысымен.
Соңғы жылдары облыстың орман қорынан тыс өсіп тұрған ағаш-бұталы өсімдіктердің нашар қорғалуынан оны көптеп шауып алу жағдайлары кездесіп, осы арқылы табиғатқа орны толмас зиян келтіріліп отыр.
Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 66-бабына сәйкес орман қорына кірмейтін ағаш-бұталы өсімдіктерді қорғау мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1. Аудандар мен Орал қаласының әкімдері аумақтық органдар - облыстық айналадағы ортаны қорғау басқармасымен және облыстық орман, балық және аң шаруашылығы басқармасымен бірлесе отырып, орман қорының құрамына кірмейтін ағаш-бұталы өсімдіктерді қорғауды қамтамасыз ету жөнінде шаралар жасап бекітсін:

- жерді пайдаланушылардың өз аумақтарында өсіп тұрған орман екпе ағаштарын қорғауға деген жауапкершілігі арттырылсын;
- орман қорынан тыс өсіп тұрған ағаш-бұталы өсімдіктерді қорғау жөніндегі шараларға жұртшылық пен табиғатты қорғау жөніндегі штаттан тыс инспекторлар және ішкі істер органдарының тиісті қызметтері қатыстырылсын;
- тұрғындар арасында орман екпе ағаштарын қорғау мәселесі жөнінде түсінік жұмыстары ұйымдастырылсын.

2. Облыстық орман, балық және аң шаруашылығы басқармасы шаруашылық жүргізуші субъектілерге аумақтарында өсіп тұрған орман екпе ағаштарын қорғауды ұйымдастыруға ұдайы әдістемелік көмектер көрсетуді және шаралардың орындалуын бақылауды жүзеге асыратын болсын.

3. Шешім бұқаралық ақпарат құралдарында мазмұндалып жариялансын.

4. Шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары В.К. Алексеевке жүктелсін.