Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача справок о наличии личного подсобного хозяйства"

Қаулы · № 446/16 · қабылданған 20.11.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-69403/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача справок о наличии личного подсобного хозяйства" Күшін жойған Қаулы ·№ 446/16 ·20.11.2012
19.06.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.06.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача справок о наличии личного подсобного хозяйства"

Күшін жойған Қаулы ·№ 446/16 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача справок о наличии личного подсобного хозяйства"
Атауы (қаз.)
"Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
446/16
Қабылданған күні
20.11.2012
Көрсетілген редакция
19.06.2013 69403_190686.kaz
Соңғы өзгеріс
19.06.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12PH003291
ЭКБ идентификаторы
69403
Редакция идентификаторы
69403_190686
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:51

0 "Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-1-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" № 745 қаулысына сәйкес, мемлекеттік қызметті сапалы көрсету мақсатында Качир ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса берілген "Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру" мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Б. Жармағамбетовке жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 "Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру" мемлекеттік қызметінің регламенті

Качир ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 20 қарашадағы
№ 446/16 қаулысымен
бекітілген
"Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру"
мемлекеттік қызметінің регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы "Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2318 қаулысымен бекітілген "Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру" стандарты (әрі қарай - Стандарт) сәйкес дайындалды.

2

2. Мемлекеттік қызмет Качир ауданы ауыл және ауылдық округтері әкімдерінің аппараттары мемлекеттік мекемелерімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген мекен-жайлар бойынша демалыс пен мереке күндерін қоспағанда аптасына бес күн сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін ұсынылады.
Сондай-ақ балама негізінде Тереңкөл ауылы, Тургенев көшесі, 85а мекенжайы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы ұсынылады (әрі қарай - орталық).

3 3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны – автоматтандырылмаған.

4 4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама (қағаз жеткізгіште) не мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты уәкілетті орган ғимаратында, орталықта орналасқан стенттерден алуға болады.

6 6. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат Качир ауданы әкімдігі ресми сайтында www.terenkol.pavlodar.gov.kz. орналасқан.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әрекет (өзара әрекеттілік) реттілігінің сипаттамасы

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1 1) мемлекеттік қызмет өтініш берілген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетіледі;

2 2) өтініш беруші өтініш берген күні көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейінгі күтудің ең жоғары шекті уақыты – 10 (он) минуттан аспайды;

3 3) мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең жоғары шекті уақыты – 10 (он) минуттан аспайды.

8 8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9 9. Стандарттың 16-тармағында қарастырылған жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылады.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет (өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы

10 10. Мемлекеттік қызмет тұтынушының өзі, немесе сенімхат негізінде әрекет ететін сенімді өкіл келгенде ұсынылады.

11 11. Мемлекеттік қызмет алу үшін стандарттың 11-тармағында белгіленген құжаттарды ұсынады.

12 12. Уәкілетті орган құжат мазмұны туралы ақпараттарды сақтау, қорғау және құпияда сақтау қажет.

13 13. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне тұтынушының уәкілетті органға тікелей өтініш беруі кезінде мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер қатысады:

1 1) уәкілетті органның маманы;

2 2) ауылдық және ауылдық округтің әкімі.

14 14. Осы регламенттің 2-қосымшасында әрбір іс-әрекеттің орындалу мерзімін көрсете отырып, әрбір құрылымдық-функционалды бірліктер қарапайым іс-әрекеттер (рәсімдер) реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы келтірілген.

15 15. Осы регламенттің 3-қосымшасында олардың сипаттамасына сай іс-әрекеттердің қисынды реттілігі (мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде) мен құрылымдық-функционалды бірліктер арасындағы өзара байланысты көрсететін нобайы ұсынылған.

4 4. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

16 16. Уәкілетті органның лауазымды тұлғаларына мемлекеттік қызмет көрсету барысында олардың шешім қабылдау мен әрекетімен (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған тәртіпте жауапкершілік жүктеледі.

30 Качир ауданының ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының тізбесі

"Жеке қосалқы шаруашылықтың
болуы туралы анықтама беру"
мемлекеттік қызметінің
регламентіне 1-қосымша
Качир ауданының ауылдар, ауылдық
округтер әкімдері аппараттарының тізбесі
р/с N
Ауылдық округі әкімі аппаратының толық атауы
Елді мекен атауы
Байланыс телефоны
Заңды мекен жайы
Сайт мекен жайы
1
"Байқоныс ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ
Байқоныс а., Қызылтаң а., Тілеубай а.
(871833)95490
Байқоныс а, Гвардейский к.,15
жоқ
2
"Береговой ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ
Береговой а., Осьмерыжск а., Зеленая Роща а., Луговое а., Тихомировка а.
(871833)94396
Береговой а., Намазбаев к., 1
жоқ
3
"Березовка ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ
Березовка а., Малые –Березняки а.
(871833)98642
Березовка а., Советов к., 1
жоқ
4
"Бобровка ауылдық округі әкімінің аппараты"ММ
Жаңабет а., Жасқайрат а., Бобровка а.
(871833)93450
Жаңабет а., 60 лет Октября к., 25
жоқ
5
"Верненка ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ
Львовка а.
(871833)21762
Львовка а., Киров к.,25
жоқ
6
"Воскресен ауылдық округі әкімінің аппараты"ММ
Воскресенка а.
(871833)23131
Воскресен а., 70 лет Октября к.,1
жоқ
7
"Жаңа-Құрылыс ауылдық округі әкімінің аппараты"ММ
Трофимовка а., Тегістік а., Покровка а., Жаңа - Құрылыс а.
(871833)91597
Трофимовка а., М-Горького к.13
жоқ
8
"Ивановка ауылдық округі әкімінің аппараты"ММ
Ивановка а., Новоспасовка а.
(871833)22242
Ивановка а., Советов к., 21
жоқ
9
"Калиновка ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ
Калиновка а., Қызылдау а., Қаратал а.
(871833)21386
Калиновка а., Победы к.,50
жоқ
10
"Коммунар ауылдық округі әкімінің аппараты"ММ
Фрументьевка а.
(871833)99783
Коммунар а., Школьная к.,
29
жоқ
11
"Октябрь ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ
Октябрьск а., Мотоғұл а., Первомай а., Лесное а., Благовещенка а.
(871833)97585
Октябрьск а., Панфилова к., 3
жоқ
12
"Песчан ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ
Песчаное а., Қарасуық а.
(871833)26897
Песчаное а., Шоссейная к., 5
жоқ
13
"Тереңкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ
Тереңкөл а, Ынталы а., Юбилейное а.
(871833)21494
Тереңкөл а.,
Тургенев к., 85а
жоқ
14
"Федоровка ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ
Федоровка а., Конторка а., Воронцовка а.
(871833)40206
Федоров а., Школьная к.
жоқ

31 Құрылымдық-функционалдық бірліктердің іс-әрекеттерінің сипаттамасы

"Жеке қосалқы шаруашылықтың
болуы туралы анықтама беру"
мемлекеттік қызметінің
регламентіне 2-қосымша
Құрылымдық-функционалдық бірліктердің
іс-әрекеттерінің сипаттамасы
Негізгі үдерістің іс-әрекеті (барысы, жұмыс ағыны)
1.
Іс-әрекеттің (барысының, жұмыс ағынының) N
1
2
3
2.
Құрылымдық-функционалдық бірліктердің  атауы
Уәкілетті органның маманы
Ауылдың немесе ауылдық округтің әкімі
Уәкілетті органның маманы
3.
Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы
өтінішті тіркеу, шаруашылық кітабы бойынша мәліметтерді тексеру
Анықтамаға немесе тұтынушыға мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою
Шығыс құжат айналымы журналына тіркеу
4.
Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімгерлік шешім)
Анықтаманы толтыру және қол қою немесе тұтынушыға мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты жазу
Анықтама немесе тұтынушыға мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап
Анықтама немесе қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап беру
5.
Орындалу мерзімдері
10 минуттан аспайды
5 минуттан аспайды
5 минуттан аспайды

32 Жеке қосалқы шаруашылығының болуы туралы анықтама беру үдерісінің сызбасы

"Жеке қосалқы шаруашылықтың
болуы туралы анықтама беру"
мемлекеттік қызметінің
регламентіне 3-қосымша
Жеке қосалқы шаруашылығының болуы туралы
анықтама беру үдерісінің сызбасы

Қолданыстағы