Құжат мәтініне өту

Об утверждении Регламента электронной государственной услуги "Выдача лицензии, переоформление лицензии для занятия деятельностью по распространению теле-, радиоканалов"

Бұйрық · № 179 · қабылданған 07.11.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-69450/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Регламента электронной государственной услуги "Выдача лицензии, переоформление лицензии для занятия деятельностью по распространению теле-, радиоканалов" Күшін жойған Бұйрық ·№ 179 ·07.11.2012
28.05.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.05.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Регламента электронной государственной услуги "Выдача лицензии, переоформление лицензии для занятия деятельностью по распространению теле-, радиоканалов"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 179 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Регламента электронной государственной услуги "Выдача лицензии, переоформление лицензии для занятия деятельностью по распространению теле-, радиоканалов"
Атауы (қаз.)
"Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беру, лицензияны қайтадан рәсімдеу" электрондық мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
179
Қабылданған күні
07.11.2012
Көрсетілген редакция
28.05.2015 AI69450_2.kaz
Соңғы өзгеріс
28.05.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200008180
ЭКБ идентификаторы
69450
Редакция идентификаторы
AI69450_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:57

0 "Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беру, лицензияны қайтадан рәсімдеу" электрондық мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабының 2-тармағына сәйкес және «Электрондық мемлекеттік қызметтің үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы № 1116 қаулысын жүзеге асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беру, лицензияны қайтадан рәсімдеу» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті бекiтiлсiн.

2 2. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен мемлекеттік тіркеу және оны ресми жария етуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрі
_________________ А. Жұмағалиев
2012 жылғы «___» _________

0 «Теле-, радиоарналарын тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу» электрондық мемлекеттік қызметтің регламенті

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат Министрінің
2012 жылғы 7 қарашадағы
№ 179 бұйрығымен бекітілді
«Теле-, радиоарналарын тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу» электрондық мемлекеттік қызметтің регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Теле-, радиоарналарын тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, лицензияны қайтадан рәсімдеу» электрондық мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – электрондық мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетімен (бұдан әрі – қызмет көрсетуші), сонымен қатар «электрондық үкімет» веб-порталы: www.e.gov.kz немесе «Е-лицензиялау» веб-порталы: www.elicense.kz арқылы көрсетіледі.

2 2. Электрондық мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қазандағы № 1263 қаулысымен бекітілген «Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, лицензияны қайта рәсімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.

3 3. Электрондық мемлекеттік қызметтің автоматизациялау дәрежесі: ішінара автоматтандырылған.

4 4. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің түрі: транзакциялық.

5 5. Осы регламентте қолданылған ұғымдар мен қысқартулар:

1 1) ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешенді қолданумен ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, тарату, тапсыру және беру үшін арналған жүйе (бұдан әрі - АЖ);

2 2) алушы – электрондық мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлға;

3 3) бизнес-сәйкестендіргіш нөмір – қызметін бірлесіп жүзеге асырушы жеке кәсіпкер және заңды тұлға (бөлімше және өкілдік) үшін қалыптасқан бірегей нөмір (бұдан әрі – БСН);

4 4) бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйе – бұл аппараттық программалар жинағы, нотариалдық қызметті автоматизациялауға және нотариаттық палата мен әділет органдарымен өзара әрекеттесуге арналған (бұдан әрі - БНАЖ);

5

5) «Е-лицензиялау» веб-порталы – берілген, қайта рәсімделген, тоқтатылған, жаңғыртылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялар, сондай-ақ, лицензиялаушы бөлімшелері, өкілдіктері (объект, пункт, учаске), лицензиялаушы беретін лицензияның сәйкестендіргіш нөмірін орталықтандырылған қалыптастыратын лицензияланатын қызмет түрі (саласы) туралы ақпаратты қамтитын ақпараттық жүйе (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ);

6 6) жеке сәйкестендірме нөмірі – жеке тұлға, оның ішінде өзінің қызметін жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірыңғай нөмір (бұдан әрі – ЖСН);

7

7) «жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры – ақпаратты автоматты түрде жинауға, сақтауға және ақпараттарды өңдеуге, Қазақстан Республикасында жеке тұлғалардың бірыңғай сәйкестендіргішін енгізу мақсатында жеке сәйкестендіргіш нөмірінің Ұлттық реестрін құру және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес және құзыреті аясында мемлекеттік басқару органдарына және басқа да субъектілерге олар туралы өзекті және нақты ақпарат ұсынуға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЖТ МДҚ);

8

8) «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры – автоматты жинауға, сақтауға және ақпарттарды өңдеуге, Қазақстан Республикасында заңды тұлғалардың бірыңғай сәйкестендіргішін енгізу мақсатында бизнес-сәйкестендіргіш нөмірінің Ұлттық реестрін құру және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес және құзыреті аясында мемлекеттік басқару органдарына және басқа да субъектілерге олар туралы өзекті және нақты ақпарат ұсынуға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЗТ МДҚ);

9 9) құрылымдық-функционалды бірлік – қызмет көрсету процесінде қатысатын бар мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері, мекемелері немесе басқа да ұйымдар және ақпараттық жүйе тізімі (бұдан әрі – ҚФБ);

10 10) пайдаланушы – ақпараттық жүйеге оған қажетті электрондық ақпараттық қорды алу үшін жүгінген және сонымен қолданушы субъект;

11 11) транзакциялық қызмет – электрондық сандық қолтаңбаны қолданып, өзара ақпаратты алмасу арқылы электрондық ақпараттық қорды қолданушыға ұсыну қызметі;

12 12) «электрондық үкіметтің» веб-порталы - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық мемлекеттік қызметтерге қолжетімділіктің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЭҮП);

13 13) «электрондық үкіметтің» шлюзі - электронды қызметті жүзеге асыру шеңберінде «электронды үкімет» ақпараттық жүйесін интеграциялау үшін арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЭҮШ);

14

14) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі – жеке және заңды тұлғалардың «электрондық үкімет» төлемдерін жүзеге асыру кезінде және жеке банктік операцияларды жүзеге асыратын мекемелер мен екінші дәрежелі банктердің ақпараттық жүйесі арасындағы әрекеттесуді қамтамасыз ету үшін арналған автоматты ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЭҮТШ);

15 15) электрондық цифрлы қолтаңба – электрондық құжаттың нақтылығын және оған тиесілі мазмұнының айнымастығын дәлелдейтін және электрондық сандық қолтаңба құралдары арқылы құрылған электрондық сандық белгілердің жиынтығы (бұдан әрі – ЭЦҚ);

16 16) электрондық құжат - электронды-сандық пішінде ұсынылған ақпараттар және электрондық сандық қолтаңба арқылы дәлелденген құжат;

17 17) электрондық мемлекеттік қызмет – ақпараттық технологияларды қолдану арқылы электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет;

18 18) электронды лицензия – ақпараттық технологияларды пайдаланумен ресімделетін және берілетін, қағаз тасымалдағыштағы лицензияға тең мағыналы болатын электронды құжат нысанындағы лицензия.

2 2. Электрондық мемлекетттік қызметті көрсету жөніндегі қызмет беруші әрекетінің тәртібі

6 6. Қызмет көрсетушінің ЭҮП арқылы қадамдық әрекеттері мен шешімдері (ЭҮП арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара әрекет жасаудың № 1 диаграммасы) осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген:

1 1) пайдаланушы ЭҮП-ке тіркеуді компьютердің интернет-браузеріне бекітіп қойған өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен жүзеге асырады (ЭҮП-ке тіркелмеген пайдаланушылар үшін жүзеге асырылады);

2 2) 1 үдеріс – пайдаланушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін компьютердің интернет-браузеріне бекітуі, мемлекеттік қызметті алу үшін пайдаланушының ЭҮП-ке парольді енгізуі (авторландыру үдерісі);

3 3) 1-шарт – ЖСН/БСН және пароль арқылы тіркелген пайдаланушы туралы деректердің дұрыстығын ЭҮП-те тексеру;

4 4) 2-үдеріс – пайдаланушының деректерінде бұзушылықтардың болуымен байланысты, ЭҮП авторландырудан бас тарту хабарламасын қалыптастырады;

5

5) 3-үдеріс – осы Регламентте көрсетілген «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ-да қызметті пайдаланушы таңдайды, қызмет көрсету үшін сұраныс формасы экранға шығарылады және пайдаланушы форманы оның құрылымдық және пішіндік талаптарына сай толтырады (мәлімет енгізеді), сұраныс формасына қажетті құжаттардың электронды түрде бекітеді;

6 6) 4-үдеріс – ЭҮТШ-де қызметті төлеу, кейін осы ақпарат «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ-ға түседі;

7 7) 2-шарт – қызмет көрсету үшін төленгенін «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ-де тексеру;

8 8) 5-үдеріс – «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ-де қызмет көрсету үшін төлемнің болмауына байланысты сұраған қызметінен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

9 9) 6-үдеріс – сұранысты дәлелдеу (қол қою) үшін пайдаланушы ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдайды;

10 10) 3-шарт – ЭҮП-да ЭЦҚ тіркеу куәлігінің жарамдылық мерзімін және тіркеу куәліктері кері қайтарылғандар (жойылғандар) тізімінде жоқтығын, сондай-ақ, сәйкестендіру ақпаратының сұраныста көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы сәйкестігін тексеру;

11 11) 7-үдеріс – пайдаланушының ЭЦҚ түпнұсқалылығы расталмағанына байланысты сұраған қызметтен бас тарту туралы хабарландыруды қалыптастыру;

12 12) 8-үдеріс – пайдаланушының қызмет көрсетуге толтырылған (мәлімет енгізілген) сұранысын ЭЦҚ арқылы дәлелдеу (қол қою);

13 13) 9-үдеріс – электронды құжатты тіркеу (пайдаланушының сұранысын) және «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ сұранысын өңдеу;

14 14) 4-шарт – қызмет көрсетуші пайдаланушыны біліктілік талаптарына және лицензия беру үшін негіздерге сәйкестігін тексереді;

15 15) 10-үдеріс - «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ пайдаланушы мәліметтерінің бұрмаланғанына байланысты сұраған қызметтен бас тарту туралы хабарландыруды қалыптастыру;

16 16) 11-үдеріс – пайдаланушының «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ-да ұйымдастырылған қызмет қорытындысын (электронды лицензия) алу. Электронды құжат қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қолдану арқылы құрылады.

7 7. Қызмет көрсетушінің шешімі және реттік іс-әрекеті (№ 2-диаграмма электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі өзара іс-әрекет) осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген:

1 1) 1-үдеріс – мемлекеттік қызмет көрсету үшін «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ қызмет көрсетушінің қызметкерлерімен логин және паролін теру (авторизация үрдісі);

2 2) 1-шарт – логин және пароль арқылы «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ тіркелген қызмет көрсетуші қызметкері туралы мәліметтерінің дәлелдігін тексеру;

3 3) 2-үдеріс – қызмет көрсетуші қызметкерінің мәліметтері бұрмаланғанына байланысты «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ-мен авторизациядан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

4

4) 3-үдеріс – қызмет көрсетуші қызметкерімен осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұраныс формасын экранға шығару және қызмет көрсетуші қызметкерімен пайдаланушының мәліметтерін енгізу, сонымен қатар пайдаланушы өкілінің сенімхат деректері (нотариалды куәландырылған сенімхатпен, басқа да куәландырылған сенімхат деректері толтырылмайды);

5 5) 4-үдеріс – ЖТ МДҚ, ЗТ МДҚ-ға пайдаланушы мәліметтері туралы сұранысты ЭҮШ арқылы жолдау, сонымен қатар БНАЖ-ға – пайдаланушы өкілінің сенімхат деректері туралы;

6 6) 2-шарт – пайдаланушы мәліметтерінің ЖТ МДҚ, ЗТ МДҚ-да болуын тексеру, БНАЖ-дағы сенімхат деректері;

7 7) 5-үдеріс - ЖТ МДҚ, ЗТ МДҚ пайдаланушылардың мәліметтері жоқ болғанына байланысты ақпарат алу мүмкін еместігі туралы хабарландыру қалыптастыру, БНАЖ-дағы сенімхат деректері;

8 8) 6-үдеріс – сұраныс формасының қағаз нұсқасы бар болғаны туралы бөлігін толтырып, пайдаланушымен ұсынылған және қажетті құжаттарды қызмет көрсетуші қызметкерімен сканерлеп, оларды сұраныс формасына қыстыру;

9 9) 7-үдеріс - «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ сұранысты тіркеу және қызметті «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ өңдеу;

10 10) 3-шарт – қызмет көрсетуші біліктілік талаптарына және лицензия беру негіздеріне пайдаланушының сәйкестігін тексеру;

11 11) 8-үдеріс - «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ-де пайдаланушы мәліметтерінде бұрмалаушылықтардың болуына байланысты сұралған қызметтен бас тару туралы хабарламаны қалыптастыру;

12 12) 9-үдеріс - пайдаланушы «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ-мен қалыптасқан қызмет қорытындысын (электрондық лицензия) алуы. Электрондық құжат қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қолдану арқылы қалыптастырылады.

8 8. Сұранысты толтыру нысаны және қызметке жауап www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталында келтірілген.

9 9. Пайдаланушымен электрондық қызмет көрсету бойынша сұраныстың орындалу мәртебесін тексеру әдісі: «электронды үкімет» порталында «қызмет алу тарихы» бөлімінде, сондай-ақ қызмет көрсетушіге жүгінген кезде.

10 10. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету туралы қажетті ақпаратты және кеңесті ЭҮП-тың сall–орталығы (1414) арқылы алуға болады.

3 3. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

11 11. электрондық мемлекеттік қызмет үдерісіне қатысатын ҚФБ:

1 1) ЭҮП;

2 2) ЭҮШ;

3 3) ЭҮТШ;

4 4) АЖ МДҚ «Е-лицензиялау»;

5 5) МДҚ ЖТ/МДҚ ЗТ;

6 6) БНАЖ;

7 7) қызмет көрсетуші.

12 12. Әр іс-қимылдың орындалу (процедура, функция, операция) әрекетінің жүйелілігі мен мерзімі көрсетілген мәтіндік кестелі сипаттамасы осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

13 13. Іс-әрекеттің (электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үрдісінде) логикалық жүйелілігі мен оның сипаттамасы арасындағы сәйкестікті көрсететін өзара байланыс диаграммасы осы Регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.

14 14. Пайдаланушыға қызмет көрсету нәтижелері осы Регламенттің 3-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткішімен өлшенеді.

15 15. Пайдаланушыға қызмет көрсету үрдісіне қойылатын талаптар:

1 1) құпиялылық (рұқсат етілмеген іс-қимылдармен ақпараттарды алудан қорғау);

2 2) тұтастық (рұқсат етілмеген іс-қимылдармен ақпараттардың өзгеруінен қорғау);

3 3) қолжетімділік (рұқсат етілмеген іс-қимылдармен ақпараттар мен қорларды ұстаудан қорғау).

16 16. Қызмет көрсетуге техникалық талаптар:

1 1) интернетке шығу;

2 2) электронды лицензия берілетін тұлғаның ЖСН/БСН-нің болуы;

3 3) ЭҮП-те авторизациялану;

4 4) ЭЦҚ-ның пайдаланушысының болуы;

5 5) банк карточкасын немесе екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шоттың болуы.

1 ЭҮП арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өзара функционалды әрекет етудің № 1-диаграммасы

«Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі
қызметпен, айналысуға лицензия беру,
лицензияны қайтадан рәсімдеу» электрондық
мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша
ЭҮП арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өзара функционалды әрекет етудің № 1-диаграммасы
Қызмет көрсетуші арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өзара функционалды әрекет етудің № 2-диаграммасы
Шартты белгілер:

2 1-Кесте. ЭҮП арқылы ҚФБ іс-әрекетінің сипаттамасы

«Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі
қызметпен, айналысуға лицензия беру,
лицензияны қайтадан рәсімдеу» электрондық
мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша
1-Кесте. ЭҮП арқылы ҚФБ іс-әрекетінің сипаттамасы

Іс-әре­кет № ( жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­ны)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
1
ҚФБ ата­уы
пай­да­ла­ну­шы
ЭҮП
пай­да­ла­ну­шы
ЭҮПШ
ЭҮП
пай­да­ла­ну­шы
ЭҮП
пай­да­ла­ну­шы
ЭҮП
ЭҮП
ЭҮП
2
Іс-әре­кет­тің ата­уы (үде­ріс, рә­сім, про­це­ду­ра­лар) және олар­дың си­патта­ма­сы
Пай­да­ла­ну­шы­ның ЭЦҚ тір­кеу ку­ә­лі­гін ком­пью­тер­дің ин­тер­нет-бра­у­зе­ріне бе­кі­ту
Пай­да­ла­ну­шы­ның де­ректе­рін­де­гі бұ­зу­шы­лық­тар мен бай­ла­ны­сты бас тар­ту ха­бар­ла­ма­сын қа­лып­та­сты­ра­ды
Қыз­мет­ті таң­дай­ды және қа­жет­ті құ­жат­тар­ды элек­трон­ды түр­де бе­кі­ту­мен, са­у­ал де­ректе­рін қа­лып­та­сты­ра­ды;
Қыз­мет тө­ле­ма­қы­сын жа­сау
Төлем­нің жоқ бо­луы­на бай­ла­ны­сты бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ра­ды
Сұ­ра­ны­сты рас­тау (қол қою) үшін ЭЦҚ таң­дай­ды
Пай­да­ла­ну­шы­ның ЭЦҚ түп­нұс­қа­лы­ғын рас­тал­ма­ға­ны­на бай­ла­ны­сты сұ­ра­ған қыз­мет­тен бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­лан­ды­ру­ды қа­лып­та­сты­ру
ЭЦҚ ар­қы­лы сұ­ра­ны­сты рас­тау (қол қою)
Элек­трон­ды құ­жат­ты «Е-ли­цен­зи­я­лау» АЖ тір­кеу (пай­да­ла­ну­шы­ның сұ­ра­ны­сын) және «Е-ли­цен­зи­я­лау» АЖ сұ­ра­ны­сты өң­деу
«Е-ли­цен­зи­я­лау» АЖ пай­да­ла­ну­шы мә­лі­мет­те­рі­нің бұр­ма­лан­ға­ны­на бай­ла­ны­сты сұ­ра­ған қыз­мет­тен бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­лан­ды­ру­ды қа­лып­та­сты­ру;
Элек­трон­дық құ­жат (элек­трон­дық ли­цен­зия)
3
Аяқ­тау пі­ші­ні (де­ректер, құ­жат ұй­ым­да­сты­ру рет­теу ше­ші­мі)
Пай­да­ла­ну­шы­ның ЭЦҚ тір­кеу ку­ә­лі­гін ком­пью­тер­дің ин­тер­нет-бра­у­зе­ріне бе­кі­ті­ле­ді
Пай­да­ла­ну­шы­ның де­ректе­рін­де­гі бұ­зу­шы­лық­тар­мен бай­ла­ны­сты бас тар­ту ха­бар­ла­ма­сы
Қыз­мет­тер таң­дал­ған және қа­жет­ті құ­жат­тар­ды элек­трон­ды түр­де бе­кі­ту­мен, са­у­ал де­ректе­рі қа­лып­та­сты­ры­л­ған;
Қыз­мет тө­лем ақы­сы жа­сал­ғанды­ғы ту­ра­лы кви­тан­ция
Тө­лем тек­се­рі­ліп және төлем­нің жоқ бо­луы­на бай­ла­ны­сты бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма қа­лып­та­сты­ры­л­ған
Сұ­ра­ны­сты рас­тау (қол қою) үшін ЭЦҚ таң­дал­ған
пай­да­ла­ну­шы­ның ЭЦҚ түп­нұс­қа­лы­ғын рас­тал­ма­ға­ны­на бай­ла­ны­сты сұ­ра­ған қыз­мет­тен бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­лан­ды­ру
ЭЦҚ ар­қы­лы сұ­ра­ны­сты рас­тау (қол қою) өт­кі­зі­л­ген
Элек­трон­ды құ­жат­ты «Е-ли­цен­зи­я­лау» АЖ тір­кеу (пай­да­ла­ну­шы­ның сұ­ра­ны­сын) және «Е-ли­цен­зи­я­лау» АЖ сұ­ра­ны­сты өң­деу өт­кі­зі­л­ген
«Е-ли­цен­зи­я­лау» АЖ пай­да­ла­ну­шы мә­лі­мет­те­рі­нің бұр­ма­лан­ға­ны­на бай­ла­ны­сты сұ­ра­ған қыз­мет­тен бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­лан­ды­ру
Пай­да­ла­ну­шы­ға бе­рі­л­ген және жі­бе­рі­л­ген элек­трон­дық құ­жат (элек­трон­дық ли­цен­зия)
4
Орын­да­лу мер­зі­мі
10–15 сек
20 сек
1,5 мин
1,5 мин
10–15 сек
10–15 сек
10–15 сек
1,5 мин
10–15 сек
-
15 жұ­мыс кү­ні
5
Ке­ле­сі іс-әре­кет­тің нө­мі­рі
1
2-пай­да­ла­ну­шы мә­лі­ме­т­ін­де бұр­ма­ла­у­шы­лық болған жағ­дай­да; 3–егер ав­то­ри­за­ция сәт­ті өт­кен жағ­дай­да
-
4
5–егер тө­ле­ме­се, 6–егер тө­ле­се
-
7
8–егер ЭЦҚ қа­те­лік бол­са, 9–егер ЭЦҚ қа­те­лік бол­ма­са
-
10-пай­да­ла­ну­шы ны қыз­мет көр­се­ту­ші та­ра­пы­нан бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на және ли­цен­зия бе­ру негіз­де­ріне сәй­кест­і­гін тек­се­ру
11
2-Кесте. Қызмет көрсетуші арқылы ҚФБ іс-әрекетінің сипаттамасы

Іс-әре­кет № ( жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­ны)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
1
ҚФБ ата­уы
Қыз­мет көр­се­ту­ші
«Е-Ли­цен­зи­я­лау» АЖ МДҚ
Қыз­мет көр­се­ту­ші
ЗТ МДҚ, ЖТ МДҚ, БНАЖ
«Е-Ли­цен­зи­я­лау» АЖ МДҚ
Қыз­мет көр­се­ту­ші
«Е-Ли­цен­зи­я­лау» АЖ МДҚ
«Е-Ли­цен­зи­я­лау» АЖ МДҚ
Қыз­мет көр­се­ту­ші
2
Іс-әре­кет­тің ата­уы (үде­ріс, рә­сім, про­це­ду­ра­лар) және олар­дың си­патта­ма­сы
«Е-Ли­цен­зи­я­лау» АЖ МДҚ-да ав­то­ри­за­ци­я­ла­ну
Пай­да­ла­ну­шы­ның де­ректе­рін­де­гі бұ­зу­шы­лық­тар мен бай­ла­ны­сты ав­то­ри­за­ци­ядан бас тар­ту ха­бар­ла­ма­сын қа­лып­та­сты­ра­ды
Қыз­мет көр­се­ту­ші қыз­мет­ке­рі­мен қыз­мет­ті таң­дау
ЗТ МДҚ-да, ЖТ МДҚ-да, БНАЖ-да пай­да­ла­ну­шы­ның мә­лі­мет­те­рін тек­се­ру­ге сұ­ра­ны­сты жол­дау
Пай­да­ла­ну­шы­ның де­ректе­рін­де­гі бұ­зу­шы­лық­тар мен бай­ла­ны­сты ЗТ МДҚ-да, ЖТ МДҚ-да, БНАЖ-да бас тар­ту ха­бар­ла­ма­сын қа­лып­та­сты­ру
Құ­жат­тар­ды бе­кі­ту­мен сұ­ра­ныс фор­ма­сын тол­ты­ру
Элек­трон­дық құ­жат­ты «Е-ли­цен­зи­я­лау» АЖ МДҚ-да тір­кеу және «Е-ли­цен­зи­я­лау» АЖ МДҚ–да сұ­ра­ны­сты өң­деу
«Е-ли­цен­зи­я­лау» АЖ МДҚ-да пай­да­ла­ну­шы­ның де­ректе­рін­де­гі бұ­зу­шы­лық­тар мен бай­ла­ны­сты сұ­ра­ған қыз­мет­тен бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ру
Элек­трон­дық құ­жат (элек­трон­дық ли­цен­зия)
3
Аяқ­тау пі­ші­ні (де­ректер, құ­жат ұй­ым­да­сты­ру рет­теу ше­ші­мі)
«Е-Ли­цен­зи­я­лау» АЖ МДҚ-да ав­то­ри­за­ция өт­кі­зі­л­ген неме­се өт­кі­зіл­ме­ген
Пай­да­ла­ну­шы­ның де­ректе­рін­де­гі бұ­зу­шы­лық­тар мен бай­ла­ны­сты ав­то­ри­за­ци­ядан бас тар­ту ха­бар­ла­ма­сы
Қыз­мет көр­се­ту­ші қыз­мет­ке­рі­мен сәй­ке­сін­ше қыз­мет таң­дал­ған
пай­да­ла­ну­шы­ның мә­лі­мет­те­рін тек­се­ру­ге ЗТ МДҚ-ға, ЖТ МДҚ-ға, сұ­ра­ныс жол­дан­ған
Пай­да­ла­ну­шы­ның де­ректе­рін­де­гі бұ­зу­шы­лық­тар мен бай­ла­ны­сты ЗТ МДҚ-да, ЖТ МДҚ-да, БНАЖ-да бас тар­ту ха­бар­ла­ма­сы
Құ­жат­тар­ды бе­кі­ту­мен сұ­ра­ныс фор­ма­сы тол­ты­ры­л­ған
Элек­трон­дық құ­жат­ты «Е-ли­цен­зи­я­лау» АЖ МДҚ-да тір­кел­ген және «Е-ли­цен­зи­я­лау» АЖ МДҚ–да сұ­ра­ныс өң­дел­ген
«Е-ли­цен­зи­я­лау» АЖ МДҚ-да пай­да­ла­ну­шы­ның де­ректе­рін­де­гі бұ­зу­шы­лық­тар мен бай­ла­ны­сты сұ­ра­ған қыз­мет­тен бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма
Элек­трон­дық ли­цен­зия
4
Орын­да­лу мер­зі­мі
10–15 сек
10 сек
1,5 мин
1,5 мин
1,5 мин
10–15 сек
10–15 сек
10–15 сек
10–15 сек
5
Ке­ле­сі іс-әре­кет­тің нө­мі­рі
1–қыз­мет көр­се­ту­ші қыз­мет­ке­рі­нің «Е-ли­цен­зи­я­лау» АЖ МДҚ ло­гин және па­ро­льі мә­лі­ме­ті­нің дұ­ры­стығ­ын тек­се­ру
2
3
4–егер пай­да­ла­ну­шы­ның де­ректе­рін­де бұ­зу­шы­лық­тар болған жағ­дай­да
5–егер ав­то­ри­за­ция сәт­ті өт­кен жағ­дай­да
6
7
8–егер «Е-ли­цен­зи­я­лау» АЖ МДҚ-да сұ­ра­ныс бой­ын­ша мә­лі­мет бол­ма­ған жағ­дай­да
9–егер сұ­ра­ныс бой­ын­ша мә­лі­мет та­бы­л­ған жағ­дай­да пай­да­ла­ну­шы­ның элек­трон­дық қыз­мет нәти­же­сін алу

3 Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері Электрондық мемлекеттік қызметтің көрсеткіштерін анықтау үшін сауалнама: «сапа» және «қол жетімділік» _______________________________________________________ (қызметтің атауы)

«Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі
қызметпен, айналысуға лицензия беру,
лицензияны қайтадан рәсімдеу» электрондық
мемлекеттік қызмет регламентіне
3-қосымша
Нысан
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері Электрондық мемлекеттік қызметтің көрсеткіштерін анықтау үшін сауалнама: «сапа» және «қол жетімділік» _______________________________________________________ (қызметтің атауы)

1 1. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің сапасына және нәтижесіне қанағаттанасыз ба?

1 1) қанағаттанған жоқпын;

2 2) ішінара қанағаттанамын;

3 3) қанағаттанамын.

2 2. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпараттың сапасына қанағаттанасыз ба?

1 1) қанағаттанған жоқпын;

2 2) ішінара қанағаттанамын;

3 3) қанағаттанамын.

Қолданыстағы