Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах лицензирования деятельности по оказанию услуг по складской деятельности с выдачей зерновых расписок

Қаулы · № 1635 · қабылданған 20.12.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-69456/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О некоторых вопросах лицензирования деятельности по оказанию услуг по складской деятельности с выдачей зерновых расписок Күшін жойған Қаулы ·№ 1635 ·20.12.2012
28.10.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.10.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах лицензирования деятельности по оказанию услуг по складской деятельности с выдачей зерновых расписок

Күшін жойған Қаулы ·№ 1635 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах лицензирования деятельности по оказанию услуг по складской деятельности с выдачей зерновых расписок
Атауы (қаз.)
Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1635
Қабылданған күні
20.12.2012
Көрсетілген редакция
28.10.2015 AI69456_4.kaz
Соңғы өзгеріс
28.10.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200001635
ЭКБ идентификаторы
69456
Редакция идентификаторы
AI69456_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:22

0 Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы

«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.

2 2. Облыстардың жергілікті атқарушы органдары астық қолхаттарын бере отырып қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөнiндегi қызметті лицензиялауды жүзеге асыратын лицензиар болып айқындалсын.

3 3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1 1) «Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қыркүйектегі № 769 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 33, 365-құжат);

2

2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесінің кейбір мәселелері туралы» 2004 жылғы 27 сәуірдегі № 470 және «Астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жөнелту жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» 2007 жылғы 5 қыркүйектегі № 769 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 ақпандағы № 213 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 33, 428-құжат).

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1635 қаулысымен
бекітілген
Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі
Р/с

Бiлiк­тiлiк та­лап­та­ры мы­на­лар­дың бо­луын қам­ти­ды
Құ­жат­тар
Ес­керт­пе
1
2
3
4
1
са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық са­ла­у­ат­ты­лық та­лап­та­ры­на жа­у­ап бе­ре­тін мен­шік құқы­ғын­да­ғы астық қой­ма­сы (эле­ва­тор, астық қа­был­дау пунк­ті)
астық қой­ма­сы­на мен­шік құқы­ғын және үшін­ші тұ­лға­лар­дың мін­дет­те­ме­ле­рі бой­ын­ша оған са­лын­ған ауырт­па­лық­тың жоқ еке­нін рас­тай­тын жы­л­жы­май­тын мү­лік­ке құқық­тар­ды және оны­мен жа­сал­ған мәмі­ле­лер­ді тір­кеу ор­га­ны­ның заң­на­ма­да бел­гі­лен­ген ны­сан бой­ын­ша анық­та­ма­сы;
са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық са­ла­у­ат­ты­лық са­ла­сын­да­ғы ор­ган­ның қо­ры­тындысы
астық қой­ма­сы­на мен­шік құқы­ғын және үшін­ші тұ­лға­лар­дың мін­дет­те­ме­ле­рі бой­ын­ша оған са­лын­ған ауырт­па­лық­тың жоқ еке­нін рас­тай­тын құ­жат және са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық са­ла­у­ат­ты­лық са­ла­сын­да­ғы ор­ган­ның қо­ры­тындысы ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын мә­лі­мет­тер ны­са­ны тү­рін­де ұсы­ны­ла­ды
2
тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық (астық та­за­лау ма­ши­на­ла­ры, астық кеп­ті­ру жабды­ғы), та­ра­зы жабды­ғы (бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен тек­се­рі­л­ген), ти­еу-тү­сі­ру құ­ры­л­ғы­ла­ры, кө­тер­гіш-кө­лік жабды­ғы, жы­л­жы­ма­лы кө­лік жабды­ғы, бел­сен­ді жел­де­ту жабды­ғы, астық сақ­та­у­ға ар­нал­ған ыдыс­тар, сақ­тау ке­зін­де астық­тың тем­пе­ра­ту­ра­сын және ылғал­ды­лы­ғын ба­қы­ла­у­ға ар­нал­ған жаб­дық, ас­фальт­тал­ған алаң­дар
мә­лі­мет­тер ны­са­ны (астық қол­хат­та­рын бе­ре оты­рып, қой­ма қыз­метi бой­ын­ша қыз­мет­тер көр­се­ту жө­нін­де­гі қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру үшін қой­ы­ла­тын бiлiк­тiлiк та­лап­та­ры және олар­ға сәй­кест­ікті рас­тай­тын құ­жат­тар­дың тіз­бе­сіне қо­сым­ша­ға сәй­кес)
осы та­лап­тар­ға сәй­кест­ікті «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік ба­қы­лау және қа­да­ға­лау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 10-ба­бы­на сәй­кес ли­цен­зи­ар ба­қы­ла­удың өзге ны­са­нын жүр­гі­зу жо­лы­мен бел­гі­лей­ді
3
өт­кі­зу ре­жи­мі, аумақ­тың қор­ша­луы
мә­лі­мет­тер ны­са­ны (астық қол­хат­та­рын бе­ре оты­рып, қой­ма қыз­метi бой­ын­ша қыз­мет­тер көр­се­ту жө­нін­де­гі қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру үшін қой­ы­ла­тын бiлiк­тiлiк та­лап­та­ры және олар­ға сәй­кест­ікті рас­тай­тын құ­жат­тар­дың тіз­бе­сіне қо­сым­ша­ға сәй­кес)
осы та­лап­тар­ға сәй­кест­ікті «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік ба­қы­лау және қа­да­ға­лау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 10-ба­бы­на сәй­кес ли­цен­зи­ар ба­қы­ла­удың өзге ны­са­нын жүр­гі­зу жо­лы­мен бел­гі­лей­ді
4
астық са­па­сын ай­қын­да­у­ға ар­нал­ған, өл­ше­улер­дің жай-күйі ба­ға­ла­удан өт­кен және мы­на­лар­мен:
үл­гі­сін бе­кі­ту мақ­са­тын­да сы­нақ­тар­дан неме­се мет­ро­ло­ги­я­лық ат­те­стат­та­удан өт­кен, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік өл­шем бір­лі­гін қам­та­ма­сыз ету жүй­е­сі­нің ті­зі­лі­міне ен­гі­зі­л­ген және бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен тек­се­рі­л­ген зерт­ха­на­лық жаб­дық­пен және ас­пап­тар­мен (ылғал өл­ше­гіш­тер­мен, кеп­ті­ру шкаф­та­ры­мен, зерт­ха­на­лық та­ра­зы­лар­мен, дән­ді ұн­тақ­та­у­ға ар­нал­ған ди­ір­мен­дер­мен, еле­уіш­тер жиын­тығ­ы­мен, сы­на­ма ірік­те­гіш­тер­мен, ыдыс­тар­мен, ақуыз құ­ра­мын, дән ма­ңы­зы­ның құ­ра­мы мен са­па­сын, құ­лау са­нын анық­та­у­ға ар­нал­ған құ­ры­л­ғы­лар­мен, астық­тың за­қым­дан­ға­нын анық­та­у­ға ар­нал­ған оп­ти­ка­лық ас­пап­тар­мен); астық үл­гі­ле­рін сақ­та­у­ға ар­нал­ған сө­ре­лер­мен жаб­дық­тал­ған өн­ді­рі­стік-тех­но­ло­ги­я­лық зерт­ха­на
зерт­ха­на­да­ғы өл­шеу құ­рал­да­ры­ның жай-күйі ту­ра­лы ку­ә­лік, өл­шеу құ­рал­да­рын са­лы­сты­рып тек­се­ру ту­ра­лы сер­ти­фи­кат­тар
зерт­ха­на­да­ғы өл­шеу құ­рал­да­ры­ның жай-күйі ту­ра­лы ку­ә­лік пен өл­шеу құ­рал­да­рын са­лы­сты­рып тек­се­ру ту­ра­лы сер­ти­фи­кат­тар­дың бо­луы ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын мә­лі­мет­тер ны­са­ны тү­рін­де ұсы­ны­ла­ды
5
тиiстi бiлi­мi бар (бас­шы­лар үшiн – жо­ға­ры тех­ни­ка­лық, тех­но­ло­ги­я­лық неме­се аг­ро­но­ми­я­лық бiлiм, ма­ман­дар үшiн – ор­та­дан кей­ін­гі (тех­ни­ка­лық, тех­но­ло­ги­я­лық неме­се аг­ро­но­ми­я­лық бiлiм) тех­ни­ка­лық бас­шы­лар мен ма­ман­дар­дың бiлiк­тi құ­ра­мы
мә­лі­мет­тер ны­са­ны (астық қол­хат­та­рын бе­ре оты­рып, қой­ма қыз­метi бой­ын­ша қыз­мет­тер көр­се­ту жө­нін­де­гі қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру үшін қой­ы­ла­тын бiлiк­тiлiк та­лап­та­ры және олар­ға сәй­кест­ікті рас­тай­тын құ­жат­тар­дың тіз­бе­сіне қо­сым­ша­ға сәй­кес)
осы та­лап­тар­ға сәй­кест­ікті «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік ба­қы­лау және қа­да­ға­лау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 10-ба­бы­на сәй­кес ли­цен­зи­ар ба­қы­ла­удың өзге ны­са­нын жүр­гі­зу жо­лы­мен бел­гі­лей­ді

1 Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны

Астық қолхаттарын бере отырып,
қойма қызметi бойынша қызметтер
көрсету жөніндегі қызметті жүзеге
асыру үшін қойылатын бiлiктiлiк
талаптары және оларға сәйкестікті
растайтын құжаттардың тізбесіне
қосымша
Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны
Астық қоймасына (элеватор, астық қабылдау пункті) меншік
құқығын және үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша оған (оларға)
салынған ауыртпалықтың жоқ екенін растайтын жылжымайтын мүлікке
құқықтарды және онымен жасалған мәмілелерді тіркеу органы
анықтамасының нөмірі және берілген күні: ____________________________
Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы ______________________
Меншік иесі (құқық иеленуші) __________________________________
санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы орган
қорытындысының болуы туралы мәліметтер:
нөмірі ________________________________________________________
күні __________________________________________________________
санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (қорытынды мәртебесі)
_______________________________________________________________
Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органының
атауы _______________________________________________________________
Технологиялық жабдықтың болуы туралы мәліметтер:
Жаб­дық­тың ата­уы
Өл­шем бір­лі­гі
20__ жы­л­ғы _____
қол­да ба­ры
Жай-күйі
1
2
3
4
астық та­за­лау ма­ши­на­ла­ры
да­на
астық кеп­ті­ру жабды­ғы
са­ға­ты­на да­на/тон­на
са­лы­сты­рып тек­се­ру ту­ра­лы сер­ти­фи­кат­тың де­ректе­рі (нө­мі­рі, бе­рі­л­ген кү­ні, мет­ро­ло­ги­я­лық қыз­мет­тің ата­уы, сер­ти­фи­кат­тың қол­да­ныс мер­зі­мі) көр­се­ті­л­ген та­ра­зы жабды­ғы (бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен тек­се­рі­л­ген)
да­на
ти­еу-тү­сі­ру құ­ры­л­ғы­ла­ры
да­на
кө­тер­гіш-кө­лік жабды­ғы
да­на
жы­л­жы­ма­лы кө­лік жабды­ғы
да­на
бел­сен­ді жел­де­ту жабды­ғы
да­на
астық сақ­та­у­ға ар­нал­ған ыдыс­тар
мың тон­на
сақ­тау ке­зін­де астық­тың тем­пе­ра­ту­ра­сын және ылғал­ды­лы­ғын ба­қы­ла­у­ға ар­нал­ған жаб­дық
жиын­тық
ас­фальт­тал­ған алаң­дар
шар­шы метр
Өткізу режимі, аумақ қоршауының болуы туралы мәліметтер _______
Зертханадағы өлшеу құралдарының жай-күйі туралы куәлік пен
өлшеу құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттардың болуы
туралы мәліметтер
Р/с

Құ­жат­тың ата­уы
Құ­жат­тың нө­мі­рі
Құ­жат­тың ба­ста­лу кү­ні
Іс-әре­кет­тің аяқ­та­лу кү­ні
Мет­ро­ло­ги­я­лық қыз­мет­тің ата­уы
1
2
3
4
5
6
Астық сапасын айқындауға арналған өндірістік-техникалық
зертхананың жарамды жабдықпен және аспаптармен жабдықталуы туралы
мәліметтер
Объ­ект
Өл­шем бiр­лi­гi
20__ жы­л­ғы ______
қол­да ба­ры
1
2
3
Сы­на­ма ірік­те­гіш­тер
да­на
Ылғал өл­ше­гi­ш­тер
да­на
Кеп­тiр­гiш шкаф­тар
да­на
Зерт­ха­на­лық та­ра­зы­лар
да­на
Дән­ді ұн­тақ­та­у­ға ар­нал­ған ди­ір­мен­дер
да­на
Еле­уіш­тер жиын­тығы
да­на
Астық те­гін анық­та­у­ға ар­нал­ған құ­рал (пур­ка)
да­на
Ақуы­здың сал­мақ­тық үле­сін анық­та­у­ға ар­нал­ған құ­ры­л­ғы
да­на
Дән ма­ңы­зы­ның сал­мақ­тық үле­сі мен са­па­сын анық­та­у­ға ар­нал­ған құ­ры­л­ғы
да­на
Құ­лау са­нын анық­та­у­ға ар­нал­ған құ­ры­л­ғы
да­на
Астық­тың за­қым­дан­ға­нын анық­та­у­ға ар­нал­ған оп­ти­ка­лық ас­пап­тар
да­на
Астық сы­на­ма­ла­рын сақ­та­у­ға ар­нал­ған сө­ре­лер
да­на
Техникалық басшылар мен мамандардың бiлiктi құрамының болуы
туралы мәліметтер:
Р/с

Ма­ман­ның Т.А.Ә.
Ла­у­а­зы­мы
Бі­лі­мі бой­ын­ша ма­манды­ғы
Ма­манды­ғы бой­ын­ша жұ­мыс өті­лі
1
2
3
4
5

Қолданыстағы