Құжат мәтініне өту

Об утверждении описания знамен органов государственной противопожарной службы

Жарлық · № 445 · қабылданған 14.09.2000
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-6947/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении описания знамен органов государственной противопожарной службы Күшін жойған Жарлық ·№ 445 ·14.09.2000
25.07.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.07.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении описания знамен органов государственной противопожарной службы

Күшін жойған Жарлық ·№ 445 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении описания знамен органов государственной противопожарной службы
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары туларының сипаттамасын бекіту туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
445
Қабылданған күні
14.09.2000
Көрсетілген редакция
25.07.2014 AI6947_4.kaz
Соңғы өзгеріс
25.07.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U000000445_
ЭКБ идентификаторы
6947
Редакция идентификаторы
AI6947_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:16

0 Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары туларының сипаттамасын бекіту туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 25.07.2014 № 867 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
"Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында қаулы етемін:

1 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары туларының сипаттамасы бекітілсін.

2 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

3 Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік өртке қарсы қызметтің органдары туларының сипаттамасы

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2000 жылғы 15 қыркүйектегі
N 445 Жарлығымен
бекітілген
📌 Ескерту. Сипаттаманың тақырыбында және мәтін бойынша "Мемлекеттік өртке қарсы қызмет", "Өртке қарсы мемлекеттік қызметтің", "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің", "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің" деген сөздер тиісінше "мемлекеттік өртке қарсы қызметтің", "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Президентінің 2011.02.02 № 1148 Жарлығымен.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік өртке қарсы қызметтің органдары туларының сипаттамасы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік өртке қарсы қызметтің органдарының туы тікбұрыш нысанды, ұзындығы 145 см және ені 115 см, үш жағынан алтын түстес шашақпен көмкерілген, көгілдір түсті (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауы түстес) матадан жасалады. Матаның өң жағының орта тұсында Қазақстан Республикасының Елтаңбасы кестеленген. Кестеленген Елтаңбаның диаметрі 50 см. Елтаңба периметрі бойынша алтын түстес қосарланған баумен көмкеріледі. Елтаңбаның үстіңгі жағында, матаның жоғарғы бөлігінде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген алтын түстес жазу кестеленеді. Әріптердің биіктігі 5,5 см. Елтаңбаның астыңғы жағында, матаның төменгі бөлігінде "ӨРТТЕН ҚОРҒАУ ҮШІН" деген алтын түстес девиз кестеленген. Девиздің әріптерінің биіктігі 9 см. Матаның сырт жағының ортасында, "желдер бағыты" мен халықаралық азаматтық қорғаныс белгісі (қою сарғыш түс шеңберіндегі көгілдір ұшбұрыш) бейнеленген жер шарының айшықты контурының бейнесі кестеленген. Бейненің мөлшері 80х58 см. Матаның жоғары жиегін бойлай биіктігі 5,5 см алтын түстес әріптермен "МІНДЕТ, ӨЖЕТТІК, ЕРЛІК!" деген девиз кестеленген. Матаның төменгі жиегін бойлай мемлекеттік өртке қарсы қызметтің аумақтық органының атауы алтын түспен кестеленген. Әріптердің биіктігі 3 см. Тудың сабының жоғарғы жағы алтын түстес металл ұштыққа ұласады. Саптың ұзындығы 3 м. Тудың бауы ширатылған, алтын түсті жібектен жасалады, баудың ұштарында қос шашағы бар. Баудың ұзындығы 2,5 м. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік өртке қарсы қызметтің органдарының туы кестелеу, құрақтау және жібекпен өрнектеу техникасымен орындалады.

Қолданыстағы