Об утверждении текста присяги рядового и начальствующего состава органов Государственной противопожарной службы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении текста присяги рядового и начальствующего состава органов Государственной противопожарной службы
- Атауы (қаз.)
- Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамы антының мәтінін бекіту туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 446
- Қабылданған күні
- 14.09.2000
- Көрсетілген редакция
- 19.12.2022 6948_611121.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.12.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U000000446_
- ЭКБ идентификаторы
- 6948
- Редакция идентификаторы
- 6948_611121
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:16
0 Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамы антының мәтінін бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 19.12.2022 № 61 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
"Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында қаулы етемін:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамы антының мәтіні бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
3 Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қатардағы және басшы құрамының АНТЫ
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2000 жылғы 15 қыркүйек
N 446 Жарлығымен
бекітілген
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қатардағы және басшы құрамының
АНТЫ
Мен, Қазақстан Республикасының азаматы ____________________________
___________________________________________________________________
(есімі, әкесінің есімі, тегі)
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына қызметке кіре отырып,
адамдардың өмірі мен денсаулығын, меншікті, ұлт байлығын және
айналадағы ортаны қорғау ісіндегі өзімнің жоғары жауапкершілігімді
сезіне отырып:
- Қазақстан Республикасының халқы мен Президентіне адал болуға;
- Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, олардан
ешқандай ауытқуға жол бермей қатаң сақтауға;
- өзіме жүктелген міндеттерді адал және білікті атқаруға,
Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің қызметкері жоғары атағын
қадірлеуге, мемлекеттік құпияларды жария етуге жол бермеуге;
- өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде азаматтардың
конституциялық құқықтарының, бостандықтарының, азаматтар мен
мемлекеттің заңды мүдделерінің шектелуіне жол бермеуге;
- өзімнің кәсіби шеберлігімді ұдайы арттырып отыруға, пара алмауға,
өртке қарсы қызметтің озық дәстүрлерін сақтап, молайтуға салтанатты
түрде ант етемін.
Осы антты бұзғаным үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
ең қатаң жазаны өтеуге дайынмын.
2000 жылғы (қолы)