Құжат мәтініне өту

Об оказании дополнительной ежегодной материальной помощи на содержание жилища и оплату коммунальных услуг отдельным категориям нуждающихся граждан города Караганды

Өзге акт · № 115 · қабылданған 19.12.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-69488/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об оказании дополнительной ежегодной материальной помощи на содержание жилища и оплату коммунальных услуг отдельным категориям нуждающихся граждан города Караганды Күшін жойған Өзге акт ·№ 115 ·19.12.2012
05.08.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.08.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании дополнительной ежегодной материальной помощи на содержание жилища и оплату коммунальных услуг отдельным категориям нуждающихся граждан города Караганды

Күшін жойған Өзге акт ·№ 115 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании дополнительной ежегодной материальной помощи на содержание жилища и оплату коммунальных услуг отдельным категориям нуждающихся граждан города Караганды
Атауы (қаз.)
Қарағанды қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша жыл сайын қосымша материалдық көмек көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
115
Қабылданған күні
19.12.2012
Көрсетілген редакция
05.08.2020 69488_476190.kaz
Соңғы өзгеріс
05.08.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12KA002073
ЭКБ идентификаторы
69488
Редакция идентификаторы
69488_476190
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:24

0 Қарағанды қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша жыл сайын қосымша материалдық көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы" Заңына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді төлеу шығындары бойынша қосымша материалдық көмек жыл сайын Қарағанды қаласының келесі санаттағы мұқтаж азаматтарына көрсетілсін:

1 1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне ай сайын;

2 2) Кеңес Одағының Батыры, "Халық қаһарманы", Социалистік Еңбек Ері атақтарына ие болған, "Отан" орденімен және "Даңқ" орденінің I және II дәрежесімен марапатталған азаматтарға бір рет.

2 2. Қарағанды қаласының әкімдігіне осы шешімді жүзеге асыру бойынша қажетті шараларды қабылдау ұсынылсын.

3 3. Материалдық көмек көрсету шығындары "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" 007 бағдарламасында қаралған қаражат есебінен қаржыландырылсын.

4

4. Қарағанды қалалық мәслихатының 2007 жылғы 31 қаңтардағы "Кеңес Одағының Батыры, "Халық қаһарманы", Социалистік Еңбек Ері атақтарына ие болған, "Отан" орденімен және "Даңқ" орденінің I және II дәрежесімен марапатталған азаматтарға тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді төлеу шығындары бойынша біржолғы материалдық көмек көрсету туралы" N 9 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-1-53 болып тіркелген, 2007 жылғы 28 ақпандағы N 24 (212) "Взгляд на события" газетінде жарияланған) және 2007 жылғы 31 қаңтардағы "Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне тұрғын үйді ұстау және коммуналды қызметтерді төлеу шығындары бойынша материалдық көмек көрсету туралы" N 10 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-1-51 болып тіркелген, 2007 жылғы 16 ақпандағы N 19 (207) "Взгляд на события" газетінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

5

5. "Қарағанды қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстау және коммуналдық төлемдерді төлеу бойынша жыл сайын қосымша материалдық көмек көрсету туралы" шешімінің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (төрағасы Жанділ Ахуанұлы Мұқтаров).

6 6. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2013 жылдың 1 қаңтарынан пайда болған құқықтық қатынастарға таратылады.

Келісілді:
"Қарағанды қаласының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы Ж. Ысқақов
19.12.2012 ж.

Қолданыстағы