Құжат мәтініне өту

Об утверждении Регламента государственной услуги "Выдача заключений о соответствии компьютерной системы техническим требованиям для включения в государственный реестр контрольно-кассовых машин"

Бұйрық · № 757 · қабылданған 09.11.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-69510/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Регламента государственной услуги "Выдача заключений о соответствии компьютерной системы техническим требованиям для включения в государственный реестр контрольно-кассовых машин" Күшін жойған Бұйрық ·№ 757 ·09.11.2012
26.03.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Регламента государственной услуги "Выдача заключений о соответствии компьютерной системы техническим требованиям для включения в государственный реестр контрольно-кассовых машин"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 757 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Регламента государственной услуги "Выдача заключений о соответствии компьютерной системы техническим требованиям для включения в государственный реестр контрольно-кассовых машин"
Атауы (қаз.)
"Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютер жүйесінің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындылар беру" мемлекеттік қызметінің регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
757
Қабылданған күні
09.11.2012
Көрсетілген редакция
26.03.2014 AI69510_2.kaz
Соңғы өзгеріс
26.03.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200008165
ЭКБ идентификаторы
69510
Редакция идентификаторы
AI69510_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:56

0 "Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютер жүйесінің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындылар беру" мемлекеттік қызметінің регламентін бекіту туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған «Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютер жүйесінің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындылар беру» мемлекеттік қызметінің регламенті бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті (Р.Р. Нұршабеков) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3

3. «Компьютер жүйелерін бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін қорытынды беру» мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 28 наурыздағы № 84 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2011 жылы 3 мамырда № 6934 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі С.С. Сарсеновке жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 «Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютер жүйесінің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындылар беру» мемлекеттік қызметінің регламенті

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2012 жылғы 9 қарашадағы
№ 757 бұйрығымен
бекітілген
«Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютер жүйесінің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындылар беру» мемлекеттік қызметінің регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Регламент «Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютер жүйесінің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындылар беру» (бұдан әрі - Регламент) «Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютер жүйесінің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындылар беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 6 тамыздағы № 1026 қаулысына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы 9-1 бабы 4-тармағына және «Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютерлік жүйенің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1265 Қаулысына сәйкес әзірленді.

2 2. Осы регламентте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) мемлекеттік қызмет алушы (бұдан әрі - алушы) – заңды және жеке тұлға;

2 2) құрылымдық-функционалдық бірлік (ҚФБ) - мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын мүдделі органдардың жауапты тұлғалары, ақпараттық жүйелері немесе олардың кіші жүйелері (бұдан әрі - ҚФБ);

3 3) бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютер жүйесінің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды (бұдан әрi – қорытынды).

3

3. Мемлекеттік қызмет «Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютер жүйесінің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындылар беру» (бұдан әрі - мемлекеттiк қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) Байланыс және ақпараттандыру комитет (бұдан әрі – Комитет) көрсетеді.

4 4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

5 5. Мемлекеттік қызмет:

1 1) «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексiнiң 651-бабының 3-тармағына;

2 2) Стандартына сәйкес көрсетiледi.

6 6. Мемлекеттік қызметтің нәтижесі бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютерлік жүйесінің (бұдан әрі - КЖ) техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыларды немесе бас тарту себептері туралы дәлелденген жауапты жазбаша түрде беру болып табылады.

7 7. Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютерлік жүйесінің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды Стандарттың 1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша қағаз тасығышта беріледі.

8 8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар

9

9. Мемлекеттік қызметті уәкілетті органмен демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі. Қызмет алу үшін алдын ала жазылу талап етілмейді. Жедел қызмет көрсету тәртібі көзделмеген. Заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, 14-кіреберіс, 757 кабинет, телефон: 8(7172) 74-06-85.

10 10. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi және қажеттi құжаттар туралы ақпарат Министрлiктің www.mtс.gov.kz ақпараттық ресурсында немесе 8 (7172)74-06-85 телефоны бойынша орналастырылған.

11 11. Мемлекеттік қызметті алу үшін алушы немесе оның сенім хаты бойынша уәкілетті өкілі Стандарттың 11-тармағында қарастырылған құжаттарды ұсынады.

12 12. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi Стандарттың 7-тармағында көрсетілген.

13 13. Мемлекеттік қызмет көрсетуде кері қайтару негіздері Стандарттың 11-тармағында.

14 14. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін алушының құжаттарын қабылдау Комитеттің жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс күні ішінде бір адам жүзеге асырады.

15 15. Мемлекеттік қызметті көрсету кезеңі:

1 1) қажетті құжаттары мен материалдары бар ілеспе хат Комитетке жолданады;

2 2) құжаттар мен материалдарды қабылдауды Комитеттің кеңсесі мына мекенжай бойынша жүзеге асырады: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 14 - кіреберіс, телефоны: (87172) 74-03-64;

3

3) талаптарға сәйкес келген құжаттар тiркеу мөртабанында нөмiрi, күнi мен парақтарының саны көрсетiлiп, бақылау белгiлерi көрсетiлумен бірыңғай электрондық құжаттар айналымы жүйесінде (бұдан әрі - БЭҚАЖ) тiркеледi. Алушы Комитеттің БЭҚАЖ тiркелген мөртаба (кiрiс нөмiрi, күнi) қойылған өтiнiштiң көшiрмесiн алады. Құжаттар пошта арқылы тапсырылған жағдайда, алушы Комитеттің ҚҚҚ-да құжаттар пакетін қарауға қабылданғандығы туралы 8(7172)74-03-64 телефоны бойынша бiле алады;

4 4) тiркелген, тиiсiнше ресiмделген құжаттар пакетi кейінгі сараптаманы өткізу уақыты мен орнын анықтаумен Комитеттің орындаушысына жiберiледi;

5 5) тиiстi шешiмдi бекiту үшiн Орталық атқарушы органға ұсыну;

6 6) КЖ сараптамасын ұйымдастыру бойынша iс-шараларды өткiзу және сараптама қорытындысын құрастыру;

7 7) сәйкестiк актiсiн жасау және қорытындыны дайындау;

8 8) қорытындыға қол қою;

9 9) қорытындыны алушыға беру, қорытындыны беру журналында тіркейді.

16 16. Әр ҚФБ-нің іс-әрекетінің (рәсімдерінің) нақты орындалу мерзімі және әкімшілік қарым-қатынастары мен мәтіндік кестелік сипаттар тізбегі осы Регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.

17 17. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік әрекеттердің логикалық тізбегі мен ҚФБ-нің арасындағы өзара қарым-қатынастарды бейнелейтін сызбалар осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

0.1 1-кесте. ҚФБ iс-әрекеттерiнiң сипаттамасы

«Бақылау-касса машиналарының
мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн
компьютерлiк жүйесінiң техникалық
талаптарға сәйкестiгi туралы қорытындыны
беру» мемлекеттiк қызмет регламентiне
1-қосымша
1-кесте. ҚФБ iс-әрекеттерiнiң сипаттамасы
Негiз­гi үде­рі­стің (ба­ры­сы­ның, жұ­мыс ағы­ны­ның) iс-әре­кетi
1
Iс-әре­кет­тiң (ба­ры­сы­ның, жұ­мыс ағы­ны­ның) №
1
2
3
4
2
ҚФБ ата­уы
Ор­та­лық ат­қа­ру­шы ор­ган­ның ҚҚҚ қыз­мет­керi
Ор­та­лық ат­қа­ру­шы ор­ган­ның қыз­мет­керi
Са­рап­та­ма­лық ко­мис­сия
Ор­та­лық ат­қа­ру­шы ор­ган­ның бас­шы­сы
3
Iс-әре­кет­тiң (үдерiстiң, опе­ра­ци­я­ның, рәс­iм­нiң)ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Са­рап­та­ма өт­кi­зу үшiн КЖ ие­лерi құ­жат­та­рын қа­был­дау және тiр­кеу
Құ­жат­тар­ды қа­рас­ты­ру және КЖ са­рап­та­ма­сын жүр­гi­зудi бел­гiлеу неме­се бас тар­ту бой­ын­ша ше­шiм­дi бекiту
КЖ са­рап­та­ма­сы
КЖ са­рап­та­ма­сы қо­ры­тын­ды­ла­рын қа­рау
4
Аяқ­тау ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­дық-өкiм­дiк ше­шiм)
Тиiстi ше­шiм­дi бекiту үшiн Ор­та­лық ат­қа­ру­шы ор­ган­ға ұсы­ну
КЖ са­рап­та­ма­сын ұй­ым­да­сты­ру бой­ын­ша iс-ша­ра­лар­ды өт­кi­зу және са­рап­та­ма қо­ры­тындыс­ын құ­ра­с­ты­ру.
Сәй­кест­iк ак­тiсiн жа­сау және қо­ры­тын­ды­ны дай­ын­дау.
Қо­ры­тынды­ға қол қою
5
Орын­да­лу мерзi­мi
15 ми­нут
күн­тiз­белiк 5 күн
күн­тiз­белiк 23 күн
күн­тiз­белiк 2 күн

0.2 Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік әрекеттердің логикалық тізбегі мен ҚФБ-нің арасындағы өзара қарым-қатынастарды бейнелейтін сызбалар

«Бақылау-касса машиналарының
мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін
компьютер жүйесінің техникалық
талаптарға сәйкестігі туралы қорытындылар
беру» мемлекеттiк қызмет регламентiне
2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік әрекеттердің логикалық тізбегі мен ҚФБ-нің арасындағы өзара қарым-қатынастарды бейнелейтін сызбалар

Қолданыстағы